Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет235/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
ақша берiп, оның тұрағын бiлдiм. Шынымен сонда тұра ма екен 
деп, етiкшi айтқан мекен-жайға бардым да әбден аңдыдым. Нәлетi 
қашғарлық, расында сонда тұратын болып шықты, — дедi.
— Үйi қай жерде екен? — деп орнынан атып тұрды Сүлеймен. 
— Хансарайының астындағы махаллада. Тура қазiр барамыз 
ба? 
— Әлбетте. Он ай соны iздеп, уақытымыз бекерге өткен жоқ 
па? 
Төртеуi үйден асығыс шығып, хансарай тұрған төбе етегiндегi 
махаллаға келдi. Пұсырманқұл көрсеткен үйге жеткенде, күн 
сәскеге көтерiлген кез едi.
— Үйiне баса-көктеп кiре беремiз бе, әлде берi шақырасың ба? 
— дедi Сүлеймен Пұсырманқұлға дарбаза жанында.
— Шақырсам, шыға ма, шықпай ма, кiм бiлсiн. Оның үстiне ол 
найсап үйiнде жалғыз ба, ол жағын да бiлмеймiз. Бәлкiм қарулы 
да шығар. Әй, не болса ол болсын, апыл-ғұпыл кiрiп барайық.
Сүлеймен дарбазаны бiр теуiп ашты. Бәрi топырлап iшке ендi. 
Ауладан өтiп, төр жақтағы үйге таяғандарында, есiктен ұзын 
сақалы белiне түскен орта бойлы бiр кiсi шықты. Ол дереу iшке 
енiп, есiктi жауып қалмақ болды.
— Ұста, Сүлеймен. Аңдып жүрген кiсiмiз — осы.
Сүлеймен iшке ене берген ананың иығынан ұстай алды.
Қайда қашпақсың, ит? — Анау Сүлейменнiң қолынан 
босанбаққа ниеттенiп, бұлқына түстi. — Өй, мынау маған 
қарсылық көрсетпек пе? — деп оның желкесiнен бiр қойды. 
Сақалды кiсi бетiмен есiкке соғылды да, жерге құлеағанда 
желкесiнен ұстап қап, бойын тiктедi.
Осы кезде iш жақтан қолында ұзын қылышы бар бiреу көрiндi.
— Әй, жiбер оны. Әйтпесе шауып тастаймын сенi. 
Сүлеймен ойланбады. Қолында ұстап тұрған кiсiсiн 
көтерiп алып, соған қарай лақтырып жiбердi. Сақалды анаған 
көлденеңiнен соғылды да, екеуi де сұлап түстi. Жетiп барған 
Сүлеймен екеуiн екi қолымен баса қойды:
— Парманқұл, Айдабол, байлаңдар мыналарды!
Парманқұлдар оларды байлап жатқанда, Сүлеймен жердегi 
қылышты алып, арғы бөлмеге кiрдi. Там үш бөлмелi екен. Үшеуiн 
де қарап шықты. Бөтен ешкiм жоқ.


499
Сүлеймен қарақшы
— Парманқұл, әкелiңдер екеуiн берi!
Айдабол мен Парманқұл қосақталып байланған екi 
қашғарлықты Сүлейменнiң алдына сүйреп әкеп, дуалға 
сүйеп отырғызды. Қосақталған екеу келген қазақтардың кiм 
екендiктерiн әлi бiлмегендей, таңырқаулы жүзбен қарап отыр.
— Неге қалшылдайсың?
Сүлеймен бұлай әдейi сөйледi. Себебi кiнәсiз адам нағыз 
қорқақтың өзi болмаса бұлай қалшылдамай, сөзбен болса да 
қарсылық көрсетiп бағар едi. Ал мынау iстеген iсiне зауал 
келгенiн түсiнiп, ендi құтылмасын бiлгендей күйге түсiп отыр. 
Сүлейменнiң жәй сөйлегенiнiң бiр мәнiсi — оны сәл де болса 
қорқыныштан сейiлту едi. Әрi сұрағына дұрыс жауап алайын 
деген ойы бар-ды. Алайда анау қалшылдауын қояр емес.
— Әй қалшылдама деймiн саған! Атың кiм?
Сүлеймен гүж еткенде, дiрiлдеген қашқарлық жанындағысының 
кеудесiне басын тықты. Паналағаны ғой оны.
— Не сұрап тұрмын сенен?! Атыңды айт!
— Жақар, — дедi ананың тiлi әзер сөзге келiп.
— Сенiң атың Жақар болды. Ал мынаның аты кiм?
— Қорасан.
— Жақар, бiз саған тиiспеймiз. Тек менiң сұрақтарыма дұрыс 
жауап берсең болды. Ал егер өтiрiк айтсаң, өздерiңнiң мына 
қылыштарыңмен бастарыңды шауып кетемiз.
Жақар осы сөзден кейiн дiрiлiн сәл басты.
— Сiздердiң кiм екендерiңiздi бiлмеймiн. Ал мынау жәкемдi 
танимын. Пұсырманқұл жәке, былтырғы татар қатынның өлiмiне 
менiң қатысым жоқ. Сiздер осыны бiлмекке келiп тұрсыздар 
ғой-ә?.
— Сол iспен келгенiмiздi қайдан бiлдiң?
— Бiлем. Сiздiң менi iздеп жүргенiңiздi есiтiп, осылай ойлағам.
— Дұрыс ойлапсың, хайуан. Содан бiр жыл бойы қашып 
жүрдiм де. Сүлеймен, мұның зарын тыңдап тұратын уақытымыз 
жоқ. Дилданы кiм және не үшiн өлтiргендерi туралы тезiрек 
айтып берсiн. Оған мұның да қатысы бар.
— Ә, Пұсырманқұл жәке. Айттым ғой, “оған қатысым жоқ” 
деп. Ал кiмдер өлтiргенiн айт десеңiздер, айтып берейiн.


500


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет