491
Сүлеймен қарақшы
— Бейiсқожа, қоя тұр. Бұл оттай берсiн, — дедi Сүлеймен.
Сосын Озғарға қарады: — Қане, айт, қандай шартың бар?
— Ешқандай шартым жоқ. Арманым сенi — өлтiру. Бұл өлкеде
менiң алдымда тұратын ешкiм болмауы керек. Тұрған адам —
азаппен өледi.
— Басқа айтатын ештеңең жоқ қой.
— Жоқ.
— Қалай төбелесемiз? Жалаң қолмен бе, әлде пышақпен бе?
— Менiң қолдарымның өзi — пышақ. Қорықсаң, қолыңа
қалағаныңды ал.
Бет-әлпетi жаман екен найсаптың. Аузы-басын жапқан сақал-
мұрты тiкiрейiп, көздерi құтырған
бұқаның көздерiндей қып-
қызыл болып кетiптi. Бiрде тiстерiн шықырлата тiстенiп, бiрде
тiлiн жалақтатып, шығарып-шығарып қояды. Тайсақтайын
демейдi. Қайта мысымен басқысы келгендей, ұмтылып-ұмтылып
тұр. Оның бұл қылығын Сүлеймен басынғандық деп ұқты. Ал
бiреудiң мұндайын көрсе, Сүлейменнiң шыдай алмай кететiнi
бар.
— Жақында берi, ит басмашы! Кiмнiң-кiм екенiн көрейiк қазiр.
Таясып қалған екеуi бiр-бiрiн құлаштай соқты. Екеуiнiң де
соққысы бастан тидi. Екеуi екi жаққа тәлтiректедi.
Өз-өзiне
тез келген Озғар айналып тұрып, бiр ұрып үлгердi. Соққысы
сойылмен соққандай екен. Сүлеймен тағы тәлтiректеп, құлауға
шақ қалды. Озғар құлатам деп ойлады ма, ақырып тұрып және
ұрды. Сүлеймен қолын тосып үлгердi. Екi жуан қол бiр-бiрiне
тигенде, тақ еткен дыбыс шықты. Озғар қолын ауырсынып қалды
ма, дереу кейiн шегiндi. Сосын қолын сiлкiп-сiлкiп жiберiп,
Сүлеймен шабуылдаса, қарсы
алуға дайын болайын дегендей,
екi қолын алға жiберiп, сәл еңкейдi. Сүлеймен бiрден шабуылға
шықпады. Аңысын аңдып, сәл тұрды. Алайда Озғар шыдай
алмай, тағы айқайлап ұмтылды. Сүлеймен перiп жiбердi. Жүгiрiп
келе жатқан Озғар, бiр жағына жалп еттi. Оны жатқан жерiнде
ұрмады. Тұруын күттi. Озғар сүйретiле әрең көтерiлдi. Осы кезде
желкеден тиген соққыдан жер сүзе құлады. Бiрақ жаны бекем
екен. Қолымен жер тiреп зорға орнынан көтерiлдi. Қаны қарайған
Сүлеймен тұмсықтан бiр пердi. Озғардың аяғы жерден көтерiлiп