134
Сүлеймен қарақшы
жылжытып қойған ол, төбе жақтан бiраз тың-тыңдап тұрды да
зындан түбiне қарай еңкейiп сыбырлады:
— Мен мына жерден қарманып шыға алмаспын, сiрә.
Сүлеймен тағы бiр кiсiнi көтере алса, арамыздағы салмағы жеңiл
Дөңбай
менiң иығыма мiнiп, сыртқа шықсын.
Мұны естiген Сүлеймен қайтадан жүрелеп отырды. Көкен мен
Түрке жерге түспедi. Денесi шағын, қағылез қимылды Дөңбай
тез-тез тырмысып, Түркенiң иығына лезде-ақ мiндi де өрмелеп,
сыртқа кеттi. Әлден соң дүңк еткен дыбыс естiлiп, арқан-
саты iшке қарай шұбатыла түстi. Дөңбайдың iсiн iштей ұққан
тұтқындар
дыбыс шығармастан, жоғары көтерiлдi. Алдымен
Түрке, одан соң Көкен мен Сүлеймен зындан сыртына шығып,
тас дуалды жағалай отырды. Содан соң Аязбек пен Сиязбек,
Төрекелдi мен Салықбай қатарға қосылды. Зынданнан бәрi
шыққан кезде қолына мылтық ұстаған Дөңбай еңбектей жылжып
бұларға жақындады.
— Қарауыл бiреу-ақ екен. Таспен ұрып, сiлесiн қатырып
тастадым. Ендi анау шатқал аузына қарай жылжиық.
Тұтқындар сол жаққа еңбектей жөнелдi.
Әп-сәтте шатқал
аузына да келдi. Тура шыға берiсте арқаларын тасқа сүйеп алған
екi кiсi ұйықтап отыр. Дөңбай бiреуiн құлаштай соқты. Ол оны
соққан кезде Сүлеймен екiншiсiнiң қақ маңдайынан қолының
қырымен бiр ұрды. Сорлы үн шығарып та үлгермедi. Тасқа
жабысқан күйi қатты да қалды. Төрекелдi екеуiнiң үстi-басын тез-
тез тiнтiп, жарамды заттарын қойнына тықты. Мылтықтардың
бiрiн Сүлеймен, бiрiн Салықбай алып, бәрi дереу шатқалдан
жүгiрiп-жүгiрiп шықты. Ешқайсысы айнала қоршаған таудың ой-
шұқырын жөндi бiлмесе де, әйтеуiр, осы басмашылар үңгiрiнен
алыстап кетудi ойлап, алға ентелестi. Тау iшiн таң жарығы ендi
ғана бозамыққа орап, құз-жартастар көзге айқын шалынарлықтай
мезгiл едi бұл кез.
— Жаудан қашып құтылғанымыз тәуiр-ақ.
Бiрақ қарагер
атымның солардың қолында қалып бара жатқаны iшiмдi өртеп
тұр.
— Аты құрысын, Сүлеймен. Амандық болса, әлi талай ат
мiнерсiң. Одан да ендiгi күнiмiз не болмақ, соны ойлайық. Бiздi