138
Сүлеймен қарақшы
— Дөңбай, елден жырақ түз тағысы ғана жүретiн
мұндай
тау iшiнде тегiн адамдар күрке тiгiп, мылтық асынып жүре ме?
Қашқындар болса кетер едi, беттерiмен лағып. Құдай бiледi,
бұлар да басмашылар. Әй, құрысыншы…
Олар кiм болса, ол
болсын. Қаннен-қаперсiз отырған жерлерiнде бассаламыз.
Шұрылдаған iшек пен арсыз атауға сеп болар бiрдеңе үшiн
олардың кiм екендiктерiн анықтап жатуға хал жоқ. Аштан өлемiз
бе? Қарсыласатын болса, атып өлтiруден тайынбаңдар. Әлгiнде
айтқанымдай, ең бастысы — бәрiмiзге жетерлiк мылтық пен бiраз
ас-суды олжалап қайтсақ болды. Дегенмен сақ болып, жұмыла
қимылдайық.
Төрекелдi осылай қызулана сөйледi.
Үш мылтықты Салықбай, Аязбек, Сиязбек үшеуi алып,
азанда шатқал аузындағы қарауылдардан олжалаған артық оқ-
дәрi салынған белдемшелердi белдерiне байлады.
Бас-қалары
ұстайтын қарулары болмағандықтан қарагер аттың ерiндегi
үзеңгiлердi шешiп, бiрiн Төрекелдi, бiрiн Сүлеймен алды. “Бiр
кәдеге жарар” деп шылбырын Түрке белiне байлады.
Бес қаруы сай болмаса да,
осылай қолда барларымен
сайланған сегiз қазақ тас қуысынан шығып, асу шетiне келгенде,
сонау төменде, бағана өздерi көрген тоғай iшiнен әлi сөне
қоймай, жылтырап жанған шоқтарды көрдi. Бәрi бiрден сол
жақты бетке ала ылдилады.
Онша көп уақыт өтпей-ақ, тоғай
шетiне iлiктi. Күндiз жоғарыдан тұтасып көрiнетiн тоғай iшi
анау айтқандай қалың емес екен. Одан қиындықсыз өткен сегiзi
қараңғыда қарайып көрiнген күркелерге жақындады. Күркелер
маңы тып-тыныш. Тiптi тiршiлiк белгiсiн бiлдiретiн бiр дыбыс
болсайшы. Түн кезiп, алар
жемтiгiн оңай қарпып кететiн,
нысанаға жақындағанда бiрiн-бiрi тiлсiз ұғатын бөрiлердей,
әбден ұрлық пен сұмдықтың небiр түрлерiн бастарынан өткiзiп,
шетiнен тiсқаққан қарақшылар атанған Төрекелдiнiң тобы аз-кем
уақыт тың тыңдап тұрды да, шеткi күркенi қоршады. Күркеден
еш болмаса ұйықтап жатқан адамның дыбысы да шықпады.
Бәрiнен жылдам Дөңбай мысық жүрiспен еңбектеп барып, күрке
iшiне кiрiп, артынша қайта шықты. Содан “берi жақындаңдар”