Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет81/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
елге жақындағанымның себебi де осы. Екi-үш күннен берi қар 
жауатын түндi күтiп жүрмiн. Ендi мына тұрған Қыбырайға әп-
сәтте-ақ жетiп барып, Юлдаш пен Ерсiбайдың басын кесемiн.
Мұның бәрiн саған не үшiн айтып тұрмын десейшi. Сол 
Қыбырайда бұл күндерi бiр орыс нәшәндiк мiлиса болып, 
әлгi Юлдаш пен Ерсiбайдың айтуымен менi iздетiп, тау жаққа 
тыңшыларын жөңкiлтiп жатқанға ұқсайды. Сен солардың бiрiсiң 
ғой. Мойындасайшы. Әйтпесе, жалаңаш үстiңе су құйып, ет пен 
жiлiктерiңдi көк мұзға айналдырып, азаптап өлтiремiн.
— Ей, Тұрлыбай, сенi жұрт “басмашы” дей ме, жоқ әлде 
“қарақшы” дей ме, кiм бiлсiн. Мен бiрақ сенiң тағы аңдай қуыс 
паналап, шатқалды мекен еткен қарақшы болғаныңа сенбеймiн. 
“Балықтың тiлiн бақа түсiнедi” дейтiн бе едi? Егер атышулы 
басмашылардан тәрбие алған тарлан болсаң, менiң кiм екенiмдi 
түрiм мен тiлiмнен-ақ түсiнетiн едiң. Айтшы, мен бiреудiң 
айдауына жүретiн намыссыз тыңшыға ұқсаймын ба?
— Естуiмше, қызылдар қу болатын сияқты. Кiмдi қайда жiберсе 
де, жiберетiн ортаға лайықты адамдарды тауып, жөнелтедi екен. 
Әрине, сенiң түр-тұлғаң жансыздардан гөрi қарақшыға көбiрек 
келiңкiрейдi. Солай десек те, “ұзында ес, дәуде ақыл болмайды” 
деп аталардың айтқаны бар емес пе. Өзiң сияқты дәу болғанымен, 
ақылы аздау немелердi түлкiдей жылмаңдаған қызылдар оп-оңай 
айналдырып алатынына шүбәм жоқ.
— Сенсең де, сенбесең де, мен де сен сияқты қарақшымын. 
Алайда сенiң алдыңда өзiмдi ақтап жалынбаймын. Кiм екенiмдi 
көрсетейiн, бiр шартымды орындайсың ба?
— Мен қолыма түскендердiң шартын орындамайтын кiсiмiн. 
Ал мейлi, айта қойшы шартыңды.
— Менi байлаудан босатып, осы тұрғандардың бесеуiмен, жә, 
жарайды, өзiңнен басқа сегiзiмен бiрдей қарусыз жалаң қолмен 
жекпе-жекке шығарасың ба? Мен жеңiлсем, қидым басымды 
қылышыңа. Ал сегiзiне бой бермей, сұлатып салсам, қатарларыңа 
қосылып, дос боламын.
— Қанша дәу болсаң да, сегiзiне бiрдей сенiң әлiң келмес. 
Мұның — тезiрек өле салудың жолы. Ал бiз сенiң әбден қиналып, 
есiңе бiрдеңе түсiргенiңдi қалаймыз, — деп Тұрлыбай терiс 
бұрылды.


172
Сүлеймен қарақшы
— Тұрлыбай! — деп айқайлады Сүлеймен оның артынан. — 
Құдай бiледi, менен бұрын өзiң ажал табасың. Осы сөзiм есiңде 
болсын.
— Қолыңды байлағаныммен, тiлiңдi байлағаным жоқ. Ойыңа 
не келсе, соны айтып қал, — дедi ол ұзап бара жатып. Содан соң 
жiгiттерiне бұрылды: — Мұны күндiз қар үстiне жатқызып не 
қыламыз? Кеш батып, аяз үдеген кезде далаға тастайық. Ал қазiр 
жертөлеге қайта лақтыра салыңдаршы.
Оның бұйрығын екi етпеген жiгiттерi түнде жатып шыққан 
жертөлесiне Сүлеймендi тағы сүйреп әкелдi. Қанша дегенмен 
жертөле iшi ық. Қар үстiнен мұнда әкелiп жатқызған кезде ол 
өзiн бiр жылы там iшiне кiргендей сезiндi. “Қап, ит-ай, — деп 
күбiрледi Сүлеймен. — Әбден басынғанын қарашы мұның. 
Түктiң мәнiсiн түсiнбейтiн осындай боскеуделер де болады-ау, 
пенделер iшiнде. Сатқындық менен емес, дәл осындайлардан 
шығады… Байлауда жатып өлу не деген өкiнiш! Не iстесем 
екен? Әлде өтiрiк айтып, босанудың амалын қылайын ба? Бiр 
босансам, екi-үшеуiн өлтiрсем де, арманда кетпес едiм. Кеше неге 
атыса бермедiм. Жөн сұрасқан соң келiсермiз дедiм де. Бәлем, 
Тұрлыбай, жайшылықта жолығып, маған бүгiнгiдей өктемдiк 
көрсетсең ғой, өкпеңдi суырып алар едiм. Осыны басшы тұтқан 
мына жiгiттерде де ес жоқ екен…”
Кешке дейiн өкiнiшi iшiне сыймай, жаралы арыстандай 
дөңбекшiдi. Жертөле iшiн қараңғылық басқан кезде қасына 
екi кiсi келдi. “Далаға шығарып тағы қинайтын болды-ау” деп 
ойлаған бұл. Олай болмады. Қайта келген екеу бас жағына 
жүрелей отыра қалып, әңгiме айтуға кiрiстi: 
— Сүлеймен, бiз сенi танымасақ та, сыртыңнан жақсы 
бiлемiз. Баяғыда Керiмбай болыстың жиынында орысты жеңiп, 
түйе балуан атанған дәу сен емессiң бе? Одан кейiнгi даңқың да 
бiздiң елге көп жетiп жататын. Кешеден берi Тұрлыбайға өзiңнiң 
кiм екенiңдi айтайын десек, “бәрiбiр сенбейдi ғой” деп тiлiмiздi 
тiстеп жүрмiз. Бұл өзi ешкiмге сенбейтiн нәкiс адам.
— Сендер өздерiң кiмсiңдер?
— Мен Түлкiбастағы дәубабалық Өскен деген болам. Руым 
— ботбай. Мынау — Жұмабай. Масаттағы — шуылдық. Осыдан 
жетi жылдай бұрын Балықты бойындағы қоралас Еңсеп байдың 
жүз жылқысын барымталап, Шыршық асып кеткен едiк. Содан 


173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет