170
Сүлеймен қарақшы
тiрлiкке баратындарыңды бiлгенде, кеше атысып өлер едiм… Сен
итаршыға бiрақ мұның несiн айтайын. Кiм едi, әлгi, пiштiруге
құмбыл болып жүрген айғырдай жөнсiз кiсiнейтiн басшың?
Тұрлыбай ма? Шақыршы соныңды.
— Ә, мiне, ендi жөнге келдiң, — дедi анау құдды бiр Сүлеймен
бiр нәрсенi мойындайтындай. — Қазiр шақырып келемiн.
Аздан соң Тұрлыбай келдi. “Не айтар екен, тыңдайық”, — деп
басқа жiгiттерi де жиналды.
— Айтатыныңды осынша азап көрмей-ақ, кеше айта салатын
адамсың ғой. “Ақымақ басқа адырайған көз бiтедi”
дегендей,
қазандай басты, адырайған көздi сенiң кеше-ақ ақылың кем адам
екенiңдi бiлiп едiм. Сөйле, құлағымыз сенде.
— Сен шынымен менi бiреудiң тыңшысы деп ойлайсың ба?
Сүлейменнен басқа сөздi күткен Тұрлыбай езуiндегi күлкiсiн
сап тыйды. Үмiтi орындалмаған адамдай, жан-жағына алақ-
жұлақ қарады да бiр күрсiндi:
— Ақылың әлi кiрмеген екен. Онда менiң кiм екенiмдi есiтшi.
Мен Боштайға қосылардан бұрын үш-төрт жыл Тәжiкстандағы
Күләбi, Бақыш жазығында,
Ғарауты мен Айқамар деген
жерлерде атақты Ыбрахымбектiң, Егембердi батырдың, Шолы,
Есенжарты құрбашылардың сапында мына қызыл кәпiрлерге
қарсы соғыстым.
Сол кiсiлерден мен адамды, адам болғанда,
сен сияқты тыңшылар мен сатқындарды қалай қинау, оларды
қалай мойындату керектiгiн үйрендiм.
Мына жiгiттер де
сондай. Бiзге адам өлтiру деген түк емес. Алайда сенi бiрден
өлтiре салсам, айызым қанбай, кегiм қайтпай қалады. Ал
менде кек болғанда қандай де? Қызыл иттер менiң барымнан,
бектiгiмнен, мал-мүлкiмнен, үш қатынымнан айырды. Қайбiр
жылы Ыбрахымбектер
ауған асып кеткенде, мен елге қайтқам.
Елге келсем, баяғы табанымды сүйiп, отымды жағып жүрген
Юлдаш сарт белсендi болыпты. “Сенiң көзiңдi құртам” деп,
менi итжеккенге айдатпақшы. Оған өмiр бойы шөнтегiне шөңге
бiтпеген жалаңаяқ, қубас Ерсiбай қосылып алыпты. Осылардың
қысымына қапа болып, тауға тағы кеттiм. “Боштайға қосылып,
оларды қанға бөктiрем ғой” деген едiм. Амал не, Боштай сарт
маған тiрек болмады. Ендi кегiмдi өзiм аламын. Қар түскесiн,