174
Сүлеймен қарақшы
— Ойбай, қой! Онымен қалай есеп айырыспақсың? Әрi ол
жалғыз емес.
— Сүлеймен осы жасқа келгенше ешкiмнен таяқ жеп көрген
емес. Ендi таяқ жедiм екен, кегiмдi алмай қойман.
Сен екеуiң
маған жақтаспай-ақ қойыңдар. Тұрлыбайлардың қай жертөледе
отырғанын көрсетсеңдер болды. Қапыда бассалам. Ешқайсысы
мылтықтарына жетiп үлгермейдi.
Өскен мен Жұмабай оны райынан қайтармақ боп, тағы
бiрдеңелер айтты. Алайда қайсар Сүлеймен екеуiнiң сөзiн
тыңдағысы да келмей, сыртқа атып шықты. Кеудесi ашу-ызаға
толып, кек алмай тынбайтын көкжалдай қаһарланып, ауызғы
есiгi киiзбен жабылған жертөле маңына жетiп барды.
Жертөле
босағасы алдындағы қарға жуандау келген келтек ағаш шаншулы
тұр екен. Соны ала салды да, ха-ха-халаған күлкi шыққан
жеркепенiң iшiне кiрдi. Әлсiз жарықты ешкi майының балауызы
жанында қаннен-қаперсiз отырған Тұрлыбайдың тобы кiрiп
келгендi өз адамдары деп ойлады-ау шамасы,
бұған бұрылып
та қарамай, ұзын түтiкшенi жармаса сорып жатты. Бәрiн бiрдей
сiлейтiп салуды ғана ойлап, дүлей екпiнмен кiрген Сүлеймен:
— Ей, Тұрлыбай, көрдiң бе, мен босап кеп тұрмын. Кеше
саған “Менен бұрын өзiң ажал табасың” деп айтпап па едiм,
— дедi де олар ес жиғанша келтек ағашты айналдырып тұрып,
шетте отырған екеудi жон арқаларынан құлаштай бiр соқты.
Одан соң көздi ашып-жұмғанша қалғандарын да сiлейтiп салды.
Жiгiттерiнiң әп-сәтте қирап қалғанын
көрген Тұрлыбай кейiн
қарай аунап түсiп, қолдарымен жердi сипалап, әлдененi iздей
бастады.
— Немене, мылтығыңды iздеп жатырмысың? Ажалыңды
iздегенiң жөн одан да.
Сүлеймен оған ақыра ұмтылды да желкесiнен бүрдi. Сол
бүргеннен далаға сүйреп бiр-ақ шығарды. Тұрлыбай жән-дәрмен
Сүлейменмен алыспақ болып әрекеттенiп едi, қайдан,
қыран
тырнағына iлiнген түлкiдей, құры тыпырлаудан басқаға әлi
келмедi.
— Өскен, аттарды әкелiңдер берi! — деп айқайлады Сүлеймен
Тұрлыбайды бiр қолтығына қысып тұрып.