192
Сүлеймен қарақшы
адамға ешқашан да тимеймiн. Ал тисе… Жаңа көрдiң ғой қалай
болатынын. Күнi бойы атсоқты болып шаршап қалдым. Мына
қамыс төселген лашығың ұйықтауға ыңғайлы екен. Сен де жатып
демал. Ертең не iстейтiнiмiздi оянған соң кесiп-пiшермiз.
Қай заманның да батыры аңғал ғой. Зүндiннiң мүләйiмси
айтқан әңгiмесiне сенiп,
оның қолын босатып, нанын берген
Сүлеймен қамыс үстiне алаңсыз жата кеттi. Иә, бiр бұл жер емес,
талай жерде дәл осылай аңғал сенгiштiгiнен көп мәрте ажал таба
жаздаған. Ал қазiрше, нанды қомағайлана
қарпып жеп жатқан
Зүндiнге есiней қарады:
— Осы жерге ең жақын ауыл қайсы тұста?
— Қыбыладан оң жақты бетке алып жүрсе, аттылы адамға
күншiлiк жерде Құлшығаш ауылы бар. Одан әрi Сыр өзенi мен
Арнасай таяқ тастам жер… — деп Зүндiн тағы бiрдеңелердi
айтты. Бiрақ Сүлеймен оларын естiген жоқ. Қалың ұйқыға батып
кеттi…
Әдетiнше қатты ұйықтаған. Бiр
кезде құлағына қарагердiң
күркiрей кiсiнеген даусы келдi. Сонда да дыбысқа бiрден
тұра қоймайтын дағдысына басып, бас көтермей жата бердi.
Бiрақ қарагер кiсiнеуiн қоймады.
Тiптi лашық қабырғасын
соққылап, оны құлатып жiберердей тулай түстi. Оның бостан-
босқа бұлай тепсiнбейтiнi ұйқылы санасына сәлден кейiн ғана
жеткен Сүлеймен: “Уа, не болды?” — деп айқайлай атып тұрды.
Қарагер лашық есiгiнен сығалай қарап тұр екен. Сүлейменнiң
оянғанын көрiп, “мына жақтан бiреу келе жатыр”
дегендей,
басын арғы жаққа қаратып шұлғып-шұлғып қойды. Сүлеймен
күректей алақанымен бетiн уқалап-уқалап жiберiп, айналасына
қараса, лашық iшiнде ешкiм жоқ. Жанына қойған шоқпары
да, бас жағындағы пышағы да көрiнбейдi. Бұрышта қоржыны
ғана жатыр. “Қап, анау
жексұрын бар қаруымды алып, тайып
тұрған ба?” деп ойлап, лашықтан еңкейiп шыға берiп едi, қарсы
алдындағы қамыс арасында жалғыз аяқ жолмен пышақ пен
шоқпарды оңтайлана ұстап келе жатқан Зүндiндi көрдi. Осы
кезде қарагер ат керi жылжып кеттi. Сүлейменге “шық” дегенiнiң
белгiсi шығар бұл. Алайда Сүлеймен сыртқа шықпай, “Зүндiн не
iстер екен, көрейiн” деп ойлады да орнына қайта жатты.