198
Сүлеймен қарақшы
Сiздердi “шақыр” дедi. “Егер шықпаса, тура отырған жерлерiнде
бастарын аламыз” дедi. Қорыққанымнан
дарбазаны жабуға да
шамам келмей, берi қаштым.
Сүлеймен мен Пұсырманқұл бiр-бiрiне қарасты. Дилда болса:
— Ойбай, Шалпарлар ғой келiп тұрған. Айттым ғой сiздерге,
олар бәрiмiздi қырып кетедi деп”. Үйбай-ау, ендi қайттiк? — дедi
де Сүлейменнiң артына тығылды.
— Не дейдi? Шалпар дей ме? Астапыралла! Қой, мен кетейiн.
Келiн, мына тамның арт жағындағы дуалдың асып түсетiн тұсы
бар ма? — деп Дилдаға қосыла үрейi ұшқан молда орнынан атып
тұрды да, кебiсiн кие сала, сөзiне жауап күтпестен сыртқа атып
шықты.
— Жә, қорықпа, — дедi Сүлеймен Дилдаға қарап. Сосын
Пұсырманқұл бұрылды: — Жүр, шығайық сыртқа. Көрейiк те,
кiмдердiң келiп тұрғанын. Келiп тұрған шынымен анау қаңғыбас
қарақшы болса, көрсетейiн мен оған басынғанды.
— Сен барып, сөзге айналдыра тұр. Мен ұраға тығып қойған
мылтығымды тауып алайын. Ол қарақшыларға сенiм жоқ. Ата
салудан тайынбайды.
Пұсырманқұл айуан тамның бұрышындағы ұраға түсiп кеттi
де, Сүлеймен дарбазаның сыртына шықты. Дарбазамен шектес
дуалды жағалап бiр топ кiсi тұр. Қараңғылыққа сәл көзi үйренген
Сүлеймен бажайлап қараса, тұрғандар төртеу екен.
— Берi жақында!— деп дауыстады бiреуi.
— “Берi жақында” деп бұйыратындай кiмсiң сен?! Керек
болса, өзiң жақында!
— Бұқа тәрiздi неме. Менiң кiм екенiмдi бiлмей жүр екенсiң.
Әйдә, жiгiттер, қоршаңдар жан-жағынан! — дедi бiреуi айқайлап.
Сосын бәрi қолдарындағы таяқтарын сүйретiп,
бұған таяй
түстi.
— Ей, сойылдасу қашпас. Алдымен жөндерiңдi айтсаңдаршы.
— Бiреудiң қатынын алып қашып кеткен саған жөн сұраудың
керегi не? Дәл қазiр өлiгiң осы жерде қалсын демесең, Дилданы
маған алып шығып бер, — дедi айнала қараңғы болса да қаба
сақалы байқалып тұрған бiрi.