Детская гинекология



бет2/8
Дата01.03.2024
өлшемі2.61 Mb.
#493867
1   2   3   4   5   6   7   8
«Балалар гинекологиясының негізгі принциптері» тақырыбы бойынша презентация. БОӨЖ

Неонаталдық кезең

  • Жаңа туылған қыздың жыныс мүшелеріне негізінен құрсақішілік кезеңде анасынан алған гормондар әсер етеді
  • Эстроген әсерінің клиникалық белгілері туылғаннан кейінгі 10-20 күн ішінде байқалады. Туылғаннан кейін, жаңа туған нәрестенің денесінде аналық эстроген деңгейі күрт төмендегенде, ФСГ және ЛГ стимуляцияланады, бұл жаңа туған нәрестенің аналық безінің гормоналды функциясының қысқа мерзімді жоғарылауына әкеледі. сонымен бірге жаңа туылған нәрестеде гиперэстрогенизммен байланысты, қысқа мерзімді пролактин секрециясының күшейеді бұл сүт бездері мен емізіктен уыз секрециясын тудырады.
  • Өмірдің 10-күніне дейін эстрогендік әсердің барлық көріністері жоғалады. Қынаптың шырышты қабаты жұқарады, эпителий қабатының саны 2–4-ке дейін қысқарады, жасушалар негізінен базальды және парабазальды болады , цервикальды шырыш секрециясы тоқтайды, сүт бездері тегістеледі.
  • Жыныстық гормондардың деңгейі туылғаннан кейінгі алғашқы 10 күнде айтарлықтай төмендейді, соның нәтижесінде қынаптың көп қабатты тегіс эпителийінің қабаттары азаяды, реакция қышқылдан бейтарапқа өтеді, 3 - 9-шы күндері, сүт бездерінің ұлғаюы, эстроген деңгейінің төмендеуіне байланысты қынаптан қанды бөліністер шығуы мүмкін.

жаңа туған нәрестенің жатыры іш қуысында орналасқан

  • жаңа туған нәрестенің жатыры іш қуысында орналасқан
  • Жатыр мойнының сыртқы ернеуі диагональды конъюгатаға сәйкес келетін сызықтан төмен емес;
  • жатырдың ұзындығы шамамен 3 см, салмағы шамамен 4 г;
  • жатыр мойны мен денесінің ұзындығының арақатынасы 3: 1, олардың арасындағы бұрыш көрсетілмейді;
  • жатыр мойнының ішкі ернеуі түзілмейді;
  • сыртқы ернеу нүктеден бастап (ұрықта) ойыққа айналады (жаңа туған нәрестеде). Сыртқы ернеу аймағында жиі жалған эрозия пайда болады;
  • Цервикальды өзек қынапқа ене алатын қалың шырышпен толтырылған;
  • жаңа туған қыздың аналық бездері іш қуысында орналасқан. Олардың ұзартылған пішіні бар, ұзындығы 1,5-2 см, ені 0,5 см және қалыңдығы 0,1-0,35 см. Беті тегіс, алғашқы фолликулалардың саны 700 000-ға жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет