- Препубертатты кезең гинекологияда жыныстық жетілудің бірінші кезеңі ретінде қаралады
- Препубертатты кезең (8 жастан алғашқы етеккірге дейін) екіншілік жыныстық белгілердің дамуымен басталады және бірінші етеккірдің басталуымен аяқталады (менархе).
- Екіншілік жыныстық белгілердің пайда болуынан бастап менархеге дейін 1-3 жыл өтеді. Осы кезеңде жыныс мүшелерінде гипоталамус-гипофиздің , аналық бездердің және бүйрек үсті бездерінің белсенділігі нәтижесінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады.
Гипоталамуста релизинг гормонның шамалы түзілуі орын алады; - Гипоталамуста релизинг гормонның шамалы түзілуі орын алады;
- ФСГ және ЛГ аз мөлшерде шығарылады;
- Эстрадиол өте аз, бірақ кері байланыс механизмі жұмыс істейді
- Андрогендер баланың тез өсуіне себеп болады
- Дене бітімінде алғашқы өзгерістер пайда болады: жамбас май ұлпасының көбеюі және қайта бөлінуі нәтижесінде дөңгелектенеді, жамбас сүйектерінің өсуі басталады.
- Осы кезеңдегі қыздың жыныстық дамуы оның жалпы физикалық дамуымен тығыз байланысты және сүйектердің қарқынды өсуіне сәйкес келеді.
- 11 - 12 жас аралығында қыздар өсу жағынан ер балалардан озады. Жақсы дене дамуы бар қыздарда, әдетте, жыныстық жетілу ертерек пайда болады.
- препубертатты кезеңде екіншілік жыныстық белгілер бір мезгілде дамымайды.сүт бездерінің өсуі және жамбаста түктің өсуі әдетте қолтықта түктің өсуіне дейін басталады. Екіншілік жыныстық белгілердің дамуы жыныстық жетілу кезеңінде (пубертатты) аяқталады.
- препубертатты кезеңде қынаптың керілгіштігі азаяды;
- Шырышты қабат бархат тәрізді болады;
- Қыздық перде қалыңдайды;
- кіші жыныс еріндері үлкейеді;
- Қынаптың қатпарлығы жоғарлайды;
- қынаптың эпителий қабатының саны артады;
қынаптың эпителий қабатының саны артады; - қынаптың эпителий қабатының саны артады;
- қынаптан алынған жұғындыда аралық және беткей тегіс эпителий кобейеді
- препубертатты кезеңнің соңында, 3,7 см (7жас)болған жатыр, 6,5 см (12-13жас) жетеді;
- аналық без массасы жоғарылайды, фолликулалар дамудың әртүрлі сатыларында; бірақ олардың ешқайсысы толысуға жетпейді, овуляция болмайды;
- жатырдың өсуі ғана емес, дене мен жатыр мойнының қатынасы өзгереді (1: 1).
Достарыңызбен бөлісу: |