Жауап : шашыратқыш линзамен
Есеп 8
Науқас сол көздің алдындағы қара дақтың тұрақты сезіміне шағымданады, ол осы аймақта ештеңе көрмейді. Симптомға анықтама беріңіз
Жауап : Оң абсолютті скотома
Емдеу скотоманың пайда болуына себеп болған ауруды жоюға бағытталған. Себеп жойылғаннан кейін көру толық қалпына келуі мүмкін. Мерцательная скотома кезінде офтальмолог невропатологпен кеңесуге жібереді.Мерцательная скотома немесе көздің мигрені неврологиялық бұзылуларға байланысты пайда болады.
Есеп 9
Науқаста заттық көру жоқ. Көру өткірлігін зерттеу үшін келесі қандай қадам жасайсыз. Зерттеу нәтижелерін жазыңыз.
Жауап :
Ең төменгі көру жітілігін анықтаймыз , ол көздің жарықты қараңғыдан айыра білу қабілеті
Егерде зерттелуші жарықты көрсе , оның көру жітілігі жарық сезуге тең : Perceptio lucis visus = 1 \ шексіздік
Егерде зерттелуші жарықтың бағытын дұрыс анықтаса,оның көру жітілігі жарық сезуі дұрыс проекциялы болып есептеледі : Perceptio lucis serta visus = 1 \ шексіздік
Егерде зерттелуші жарықтың бағытын бір жақтан болса да дұрыс анықтамаса , оның көру жітілігі жарық сезуі дұрыс емес проекциялы болып есептеледі : Perceptio lucis inserta visus = 1 \ шексіздік
Егерде зерттелуші жарықты қараңғыдан ажырата алмаса онда нәтижесі : visus = 0 болады.
Есеп 10.
5 метр қашықтықтағы науқас оң көзімен жоғарыдан 5-ші жолда 1 қателік жасайды , сол жақ көзімен қолдың қозғалысын ажыратады. Көру өткірлігін зерттеу нәтижесін жазыныз
Жауап: VIS OD = 0,5 VIS OS = движение тени пальцев(CF)
Есеп 11.
Оң көздің соқыр дақтың мөлшерін анықтаған кезде физиологиялық скотоманың ең үлкен тік мөлшері 8 см болды . Жауапты түсіндіріңіз
Жауап: норма
Кампиметрия-бұл науқастың көру аймағындағы скотоманы зерттеу.
Қалыпты жағдайда, мұндай зерттеу кезінде Соқыр дақтың көлденең мөлшері 6-7 см, тік мөлшері 7-8 см құрайды
Есеп 12.
Көз дәргеріне 13 жастағы пациент екі көзінің көзәйнекпен көруінің төмендегеніне шағымданып келді. (-)2,5дптр көзілдірік үнемі киеді. Тексергенде: екі көздің де көру жітілігі 0,1, (-) 3,5 дптр әйнекпен 1,0-ге дейін түзеледі. Циклопегия (1% циклопентолат) фонында екі көздің рефракциясы: көлденең меридианда – миопия 4,0дптр және тік меридианда – миопия 5,0дптр. анықталды. Екі көздің аксиалды өлшемі – 25,0мм. Толық диагноз қойыңыз.
Диагноз: Орташа дәрежелі миопия астигматизммен
Есеп 13.
Көру жітілігі төмен науқасты тексергеннен кейін сіз келесі нәтижелерге қол жеткіздіңіз: Vis OD/OS = 0,08 / 0,1 с кор. +5,0 D/- 4,0 D = 0,5/1,0. Сіздің диагнозыңыз, ұсыныстарыңыз.
Диагноз: Анизометропия
Көрсетілген патологиялық жағдайды түзету үшін келесі құралдар қолданылады:көзілдірік;байланыс линзалары;хирургиялық әдістер: көздің қабығына сыну операциялары немесе көзішілік линзаларды имплантациялау.
Есеп 14
Окулистке науқас оң жақ көзінен жастың үздіксіз ағуы мен іріңді бөлінулерге шағымданып келді. Науқасты тексеру кезінде қабақтың төменгі шеті бойында көп мөлшердегі жас назар аудартады қабақтың ішкі байламының астында жұмсақ бұршақ тәрізді томпайып тұр. Осы аумақты басқан кезде жас нүктелерінен шырышты-іріңді заты ағып шығады. Ең ықтимал диагноз. Дәрігердің тактикасы.
Диагноз: Дакриоцистит
Емді стационарлы жағдайда жүргізеді. Флюктуация кезінде абсцессті дренаждайды және онын қуысын антисептик ерітіндісімен (0,02% нитрофурал ерітіндісімен) жуады. Конъюнктивалды қапшыкка 7—10 тәулік бойы көздің антибактериалді дәрі-дәрмектерін тәулігіне 5-6 рет тамызады. Түнге таман төменгі қабақ артына антибактериалді майды жағады. Жүйелі түрде 7-10 күн бойы кен спектрлі антибиотик (жартылай синтетикалық пенициллиндерді, цефалоспориндерді) колданады. Айқын уыттану симптомдары кезінде дезинтоксикационды терапияны жүргізеді. Жедел дакриоцистит симптомдары басылғаннан кейін ұзак уақыт бойы наукастарды жас ағу мазалауы мүмкін. Жас ағуды дер кезінде жасалған хирургиялық еммен тоқтатуға болады.
Есеп 15
Науқас оң жақ көзінде бөгде денені сезінетіндігіне, жиі жыпылықтайтынына, жас ағу, көзінің қызаруына шағымданады. Тексеру кезінде қабақтың кірпіктер өскен алдыңғы қыры көз алмасына қарай бағытталған, көз алмасының беттік инъекциясы анықталды. Қасаң қабықта кірпікпен байланысқан жердің маңайында жара бар. Ең ықтимал диагноз. Дәрігердің тактикасы.
Диагноз: Энтропион
Дәрілік емес емдеу:
№15 стол;
3 режимі.
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Көздің алдыңғы бөлігінің қабынуының алдын алу үшін бактерияға қарсы:
натрий сульфацетамилі-көз тамшылары 30% 2 тамшыдан күніне 2-3 рет 7-10 күн;
левомицетин-көз тамшылары 0,25%2тамшыдан күніне 4 рет 5-7 күн.Көздің алдыңғы бөлігінің операциядан кейінгіқабынуының алдыналуға арналған қабынуға қарсы
дексаметазон - көз тамшылары 0,1% 2 тамшыдан күніне 2-3 рет 5 күн .
Анастетиктер:
оксибукаин - көз тамшылары 0,4% / 5мл; операция алдында үш рет 2 тамшы;
лидокаин-операция кезінде бір рет 0,5 мл-ден 2% инъекцияға арналған ерітінді.
Есеп 16
Монтажшы 40 жаста, оң көзінің көруінің күрт төмендегенін 2 күн бұрын біліп, окулистке келген. Бір апта бұрын жедел оң жақтан болған гайморитпен ауырған. Объективті: Vis OD=0,2 түзетілмейді , Т= 22 мм сн.бғ., OS=1,0, Т=23 мм сн.бғ. Оң көзі тыныш, оптикалық орта мөлдір. Көз түбі: КНД – қызарған, шеттері көмескі, ісіңкі, шынытәрізді денеге шығыңқы, артериялар кеңейген, веналар ирелеңдеген, тамырлы түтікше экссудаттармен толған. Макулярлы аумақ пен периферия патологиясыз. Сол көз - сау. Ең ықтимал диагноз қандай? Емдеу
Диагноз: Көру нервісінің интрабульбарлы невриті (папиллит)
Емдеу міндетті түрде стационарлық жағдайда жүргізіледі
Емдеудің негізі-оптикалық неврит тудыратын бастапқы ауруды жоюға бағытталған этиотропты терапия. Аурудың этиологиясын анықтағанға дейін қабыну белгілерін азайтуға, ісінуді, аллергиялық көріністерді жоюға, метаболизмді жақсартуға арналған құралдар қолданылады.
Ол үшін қолданылады:
глюкокортикостероидты препараттар, олардың төзімсіздігі кезінде-стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (сирек жағдайларда тағайындалады);
Бактерияға қарсы немесе вирусқа қарсы терапия;
антибиотиктердің ұзақ курсына байланысты саңырауқұлақ инфекциясының алдын алу үшін саңырауқұлаққа қарсы агенттер;
детоксикация терапиясы-тұзды ерітінділерді көктамыр ішіне тамшылатып енгізу;
антигистаминдер;
диуретиктер;
микроциркуляцияны жақсартатын құралдар;
нейропротекторлар;
витаминдер.
Дәрі-дәрмектерден басқа, оптикалық невритті емдеуде физиотерапияны қолдануға болады.
Есеп 17
Екі жыл бұрын ер адам оң көзден жұмыр затпен жарақат алды, операция жасалған. Объективті: көз тыныш, қасаң қабақ мөлдір, алдынғы камерасы терең, иридодонез. Сіздің диагнозыңыз. Реабилитация жолдары.
Диагноз: Афакия
Достарыңызбен бөлісу: |