Дыбыс табиѓаты



бет18/42
Дата14.06.2023
өлшемі460 Kb.
#475062
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Дыбыс табиѓаты

КІРМЕ СӨЗДЕР


Кірме сөздерге басқа тілдерден әр түрлі себептермен енген сөздер жатады. Қазақ тілінде монғол, араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол. Монғол тілінен сез ену кезеңі XI—X ғасыр деп саналады. Абдыра, алтын, аймақ, аға, жиен, бажа, балта, бұрғы, бура, бұқа, т. б. араб, иран тілінен сөз ену орта ғасыр деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енеді. 1. Шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сездер: айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта, т. б. 2. Мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердауси, Науай, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен енді. Мәселен, мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлұмат т. б. 3. Дінмен енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т. б. Міне, қазақ тіліне араб-иран тілінен сездер осьшдай үш түрлі жолмен келіп енді. Орыс тілінен қазақ тіліне сез ену сонау XVIII ғасырдан баталады.

КӘСІБИ СӨЗДЕР


Қазақстаннык кәсібі мен шаруашылығьгаың түрі өте кеп. Қазақ халқы — мал мен егінді ежелден кәсіп еткен ел. Республикамыздың бір жерінде балық, бір жерінде куріш, бір жерінде марал өсірсе, 6ip_ жерінде ағаш, енді бір жерінде қызылша мен темекіні, бау-бақшамен жеміс-жидекті өсіріп, кәсіп етеді. Осыған байланысты белгілі бір кәсіппен айналасатын жерлерде сол кәсіпке лайықты сөздер мен сөйлемшелер пайда болды. Бұл сөздер мен сөйлемшелерді осы шаруашылықтың түрлерімен тікелей айналысатын адамдар ғана өзара түсінісе алады.
Кәсіпке байланысты қолданылатын казақ тіліндегі мұндай кәсіби сөздерді шамамен төмендегідей топтарға бөлуге болады:
Бау-бақша, суармалы егіске байланысты кәсіби сөздер: атыз, нәк, шабдалы, енжір, кемпір қауын, әңгелек, куләбі, жерді ызалау, қауынды тігу r. б.
Балық шаруашылығына байланысты сөздер: жылым, сузекі, буркеніш, қаяз, азна, қарма, шөктірме, r. б.
3. Мақта шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер; көсек, кунжара, қауашақ қоза, қозапая, көсектеу, шит егу, судігер айдау т. б.
Осы тәрізді шаруашылықтың түр-түріне байланысты сөздер тізімін бұдан ары жалғастыра беруге болады.Қазақ лексикасының құрамы бұл айтылғандармен шектелмейді.
ДИАЛЕКТ
Белгілі тілдің даму, жетілу жолын, заңдылығын сол тілді жасаушы және сол тілмен пайдаланушы халықтың даму жолымен, тарихымен байланыстыра зерттегенде ғана дұрыс түсінуге боялады. Өйткені тіл — қоғамдық құбылыс, ол қоғамның дамуымен; бірге дамып, қоғамның өлуімен бірге өліп, жоғалып отырады. Сондықтан қоғамдағы әрбір халықтың даму жолының әр түрлі болғаны сияқты, тілдерінің де даму, өсу, жетілу жолдары да әр түрлі.
Диалектінің өзіне тән грамматикалық қүрылысы мен негізгі сөздік қоры болады. Олар ұлт тілінің негізін жасайды, өз алдына дербес ұлт тілі дәрежесіне дейін өрістеп, дами алады. Бірнеше жергілікті диалектілердіқ тоғысуынан бір тіл жасалғаңда, оның біреуі ұлт тілінің негізі болып сақталады да, өзгелері сол тілдің құрамына еніп, ұнталып жойылып кетеді. Кейде оның керісінше құбылыстар да болып, ұлт болып қалыптасып үлгермеген халықтың біртұтас тілі сол халықтың мемлекет ретінде ыдырауынан апатқа ұшырайды. Ал кейде біртұтас тілге сіңіп үлгермеген жергілікті диалект белгілі тарихи, экономикалық жағдайлардың салдарынан қайта жанданып, жеке дербес тілдің дәрежесіне дейін дамиды.
Қазақ халқын құраған ру-тайпалардың тілінің негізіндегі диалектілік ерекшеліктер қазақ тілі ұлт тілі болып қалыптасқанға дейін жалпы халықтық тілге ұнталып кеткен. Қазіргі кезде өз алдына грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры анық ажыратылмайтын жалпы халықтық тілден тек фонетикалық және лексикалық айырмашылығы бар, кейбір жерлердегі халықтардын сөйлеу тілі түрінде сақталған диалектілік ерекшеліктер ғана бар. Мысалы: шейін — чекейін, шалбар — сым, кесе — caпал, мәсі — ату, терлік — жона, шылапшын — кipлен, көрпе — жуырқан, үлкен — кәтте, мақта — пахта, нан — өтпек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет