Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады.
Буын үндестігі (сингармонизм)
Сингармонизм – гректің Syn «бірге» және harmoni – «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Сингармонизм заңдылықтары
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.
Ерін үндестігі
Ерін үндестігі – ерін дауыстыларының бастапқы буындағы ыңғайына қарай, соңғы буындардың үйлесіп келуі болып табылады. Ол еріндік о, ө, ұ, ү дыбыстарынан кейін келетін езулік ы, е, і дыбыстарын айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Ерін үндестігі заңдылықтары
1. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы ы дыбысын ұ-ға айналдырады. Мысалы: орын-орұн, құлын-құлұн.
Ал, ашық дауысты а дыбысына о-ның да, ұ-ның да әсері байқалмайды. Мысалы: орақ, құлан.
2. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы і дыбысын ү-ге айналдырады. Мысалы: көрік-көрүк, күдік-күдүк.
3. Алғашқы буындағы ө немесе ү дыбысы е дыбысын ө-ге айналдырады. Мысалы: өлең-өлөң, күрек-күрөк.
Дыбыс үндестігі (ассимиляция)
Ассимиляция – латын тілінің assimikato «ұқсату», «ұқсасу» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.
Достарыңызбен бөлісу: |