Дидактикалық ойындарды музыка сабағында қолданудың Әдіс-тәсілдері



бет2/7
Дата21.10.2022
өлшемі3.12 Mb.
#463141
1   2   3   4   5   6   7
Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар

Бірінші бағыт – дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу;
Екінші бағыт – оқушыларға ізгілік - оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайданалана отырып, оқушыларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру;
Үшінші бағыт-түрлі музыкалық шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу;
Төртінші бағыт-оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Жоғарыда аталған төрт бағыт өзара бірлікте жұмсалып, тұтас күйінде дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу негіздерін құрайды. Мысалы, «Жаңылмаймын жаңылтпаштан» ойыны оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелейді. Бұл ойында кім тез әрі жаңылмай оқыса, сол жеңеді. Бұл ойынды сыныпта хормен ән айту барысында дауысты жаттықтыру барысында қолдануға болады. Оқушыларға жаңылтпаштарды айтқызып болғаннан кейін, дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін тапқызу қажет.Мысалы:
«Жаңылтпаштарымен
жаңылысыңқырағандарың
Жаңылысыңқырамағандарыңды
жаңылыстырмасаңдаршы».
Музыка сабағында оқушылардың дауысын жаттықтыру барысында мұндай тақпақтар кеңінен қолданылып, оқушылардың сөйлеу дикциясына тәрбиелейді»
«Мақалды дұрыс оқы» ойынын лексикадан өтілген материалдарды бекітуде қолданған абзал. Оқушылардың жасырылған нақыл сөздің мағынасы сұрыпталып, лексика туралы түсініктері нығайтылады. Бұл ойынның ережесі бойынша оқушылар қазақ халқының нақыл сөздерін, өлең шумақтарын өз бетінше іздену арқылы табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушылырға ойын ережесін таныстырып, осы мақалға тақырыптас тағы қандай мақал білетінін айтып беруді талап етеді. Мұғалім кіріспе бөлімінен кейін тақтаға өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.
Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын молайтып, ізденімпаздық қабілеттерінжетілдіреді, оларды логикалық ойлауға тәрбиелейді.Оқушылар жасырылғанАсан Қайғының өлең шумағының мағынасын, оның тәрбиелік мәнін жете түсінеді. Сол арқылы қазақ халқының нақыл сөздерін оқуға дағдыланады және осындай сөздерге жеңіл әуендерді қосып,ән шығарулары әбден мүмкін. «Мақал-мәтелдер айтудан жарысайық» ойыны арқылы оқушыларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді үйрететін мақал-мәтелдердің мағынасын өздеріне тапқызып, тәрбиелік мәнін өз пікірлерімен айтып беру қабілеттері тәрбиеленеді. Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп, бір сөз мағынасына қарай мақал-мәтелдерді көптеп табуға жарысады
Мұғалім екінші топтың алдына келіп, ұрлық туралы бірнеше мақалдар айтуға тиіс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет