Ойынның мақсаты:Әуенді тыңдап,ноталарды дұрыс орналастыруға үйрету.
Ойынның шарты:Музыка жетекшісі халық әні «Еркемайды»өзі орындап береді,екінші рет ноталардың атын атап,орналастырып отырып айтып көрсетеді.Балалар әнді қайталап орындайды,ноталардың атын атап,нота сызықтарына орналастыруға үйренеді.Балаларға нотаны үйрету жеңіл әндерден бастап,бірте-бірте күрделендіреді.
«Әуенді сағат» ойыны
Ойынның мақсаты: Үйренген ән,әуендерді есте сақтап,бекіту үшін қолданылады. Әртүрлі көңіл күйдегі әуендерді кіріспесінен немесе үзіндісінен табуға машықтандырады.
Ойынның шарты:Әртүрлі шығармадағы кейіпкерлер суреті салынған сағат бейнелі карточкалар беріледі.Жетекші таныс ән немесе әуенді ойнап,балалар «Әуенді сағаттан» сол әннің мазмұнын сай суреті сағат тілін қозғау арқылы тауып береді.
«Үш гүл - үш түрлі көңіл күй» ойыны
Ойынның мақсаты: Көңілді, сабырлы, мұңды музыкалық шығармаларды ажырата білуге үйрету. Есту қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Ойынның шарты: Әр балаға үш гүлдің суреті бейнеленген карточкалар беріледі. Гүлдерде күлімсіреге , жылап тұрған және сабырлы адамның кейпі бейнеленген. Балалар шығарманы тыңдап, көңіл күйін анықтап, сәйкес карточканы көрсетеді.
«Әуеннің дауысын ажырат» ойыны
Ойынның мақсаты: Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге үйрету. Әуенді тыңдап, қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.
Ойынның шарты: Көлемдері бірдей, түстері әртүрлі қоңырау суреттері беріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, әуеннің төменгі дыбысын жасыл қоңыраумен, орташа дыбысты сары қоңыраумен, жіңішке дыбысты қызыл қоңыраумен көрсетіп, карточкалардан табу.
«Теңіз» ойыны
Ойынның мақсаты: Музыканың ауыспалы сипатын естіп, сезіну қабілеттерін дамыту. Әуенді мұқият тыңдап, табиғат құбылыстарымен байланыстыра сезініп, елестете білуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар үнтаспадан Н.Римский-Корсаковтың «Теңіз» шығармасын тыңдайды. Теңіздің үш түрл і қалыптағы күйі бейнеленген карточкалар беріледі. Шығарма тыңдалып, жетекші теңіздің әртүрлі күйдегі суреттерімен таныстырады («тыныш жатқан» теңіз, «толқынды» теңіз, «буырқанған» теңіз). Шығарма екінші рет тыңдалып, әуеннің көңіл-күйі карточкалар арқылы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |