12 Дәріс. Дифференциалды психологиядағы гендерлік аспектілері
Жоспар:
Биологиялық және мәдени факторлар.
қабілеттердегі айырмашылықтар.
Тұлғалық айырмашылықтар.
Жетістікке жетудегі айырмашылықтар.
Әйелдер мен ер адамдардың психологиялық бітістеріндегі айқын айырмашылықтың негізгі себептерінің бірі олардың әрекет-қылықтарына әсерін тигізетін жыныстық гармондардың әсері. Эндокринді темір сөлінің дене мүшелеріне тарауы әрекет-қылықтың барлық салаларына әсерін тигізеді. М-ы агрессивтілік. Жыныстық гармондарды бөлуде әйелдік немесе еркектік гармондардың арасындағы айырмашылық соншалық байқалмайды, керісінше олардың бөліну дәрежесінде. Еркектер де, әйелдер де андроген (еркектік гармон) мен эстроген (әйелдік гармон) бөліп шығарады. Мәселе олардың бөліну пропорциясында. Осы салыстырмалы пропорция индивидтегі маскулинді немесе феминді белгілердің басымдылығын анықтайды.
Сонымен қатар, жыныстық жалпы айырмашылықтардың келесі көзі – жынысты анықтаушы гармондар.
Жыныстық айырмашылықтар анатомиялық ерекшеліктерде, дене бітісінде, физиологиялық қызмет пен биохимиялық құрамда да анық көрініп отырады. Және бұл айырмашылықтар жас ерекшелігімен ұлғайып отырады. М-ы: туғанда ұлдардың дене салмағы орта есеппен қыздарға қарағанда 5 пайызды құраса 20 жасқа қарай бұл айыр-қ 20 пайызға дейін болуы мүмкін. Дене мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтар, м-ы: реактивтілік, түрлі заттармен манипуляция жасау балардың ойын белсенділіктерінде., қызығушылықтарында айқын байқалып отырады.
Жыныстық айырмашылық қыздардың даму акселерациясында анық байқалады. Бұлар олардағы жыныстық жетілу, дененің түрлі бөліктерінде орналасқан сүйектердің қатайуы сияқты аспектілерінде көрініп отырады.
Әйелдердің “ӨМІР СҮРУ ҚАБІЛЕТТЕРІ” еркектерге қарағанда анағұрлым жоғары. Еркектер арасындағы өлімнің жоғары көрсеткіштеріне әсер ететін бірнеше факторлар бар. Ұлдарда құрсақтық және нәрестелік шақтағы өлім деңгейі қыздарға қарағанда жоғары. Ұлдар мен қыздардың зачатиясының салыстырмалы көрсеткіші 120:100, 150:100 арасында. Себебі белгісіз. Дегенмен, эмбрионның еркектік жынысына жауап беретінҮ-тік сперматозоид Х-тік сперматозоидқа қарағанда қозғалмалы деген болжамдар ұсынылды. Бірақ ұлдарды қалыптасу мүмкіндігінің 20-50 пайызына қарамастан олардың туылу айырмашылығы 5-6 пайызды ғана құрайды. Өмір сүру қабілетіндегі айырмашылық тек адамдарда ғана емес одан төмен деңгейдегі жануарлар табиғатында анық байқалады. Түрлі психологиялық қалыптардың себептері болып табылатын, организм қызметінің тұрақтылығы (гемостаз) ер адамдарда неғұрлым тар көлемде болса, әйелдерде бұл құбылыстың тұрақсыз екендігі дәлелденген (дене темперературасы, түрлі физиологиялық баланс, қандағы қан құрамының деңгейі және т.б.). Сондықтан әйелдерде естен танып қалуы, қызарып-бозаруының анықтығыжәне стресстік жағдайға оңай кіріп одан тез шыға алу қабілеті олардағы физ. тұрақсыздықтың себебі болып табылады.
Жыныстық ролдер мен бұған байланысты түрлі стериотиптер бар екендігі барлық уақытта болды және әлі де бар.
Әр түрлі әрекетпен шұғылдану жыныстық дифференциацияның негізі мәдени аймақтарының бірі. Әсіресе бұл еңбек бөлінісінде айқын көрінеді. Әйел өмірге жас ұрпақты әкелетіндіктен қарапайым мәдени ортада ол тек үй шаруасымен ғана айналысуы керек, ал еркектер бұлшықет күшіне ерекше дамуына байланысты ол аң аулауға, соғысуға тиіс.
Қазіргі заман мәдениетіндегі жыныстық ролдер дифференциациясын зерттеу күрделене түсуде. Біріншіден ұлдар мен қыздар әртүрлі “субкультурада” тәрбиеленеді. Оларға ата-аналары арқылы берілетін күтілімдерден бастап, олардың өздеріндегі сырт-келбеттеріндегі айырмашылықтарға дейін ұлдар мен қыздардың мәдени әрекет-қылықтарына әсерін тигізеді.
Қабілеттердегі айырмашылықтар . қабілеттің қалыптасу және дамуының индивидуалды ерекшеліктерінен басқа бұл құбылыстағы жыныстық айырмашылықтардың бар екендігіне көптеген факторлар себеп бола алады.
Қимыл дағдылары. Ұлдар қыздардан тек қана мускулинді күштерімен ғана емес, сонымен қатар, жылдамдығымен, ірі дене қимылдарының координациясымен ерекшеленеді. Ал қыздар ұсақ моториканың дамуымен ерекшеленеді. Қыздар ұлдарға қарағанда ерте өз беттерімен киінеді, түймелейді, байлайды, қолын тиянақты жуады. (Стенфорд-Биненің стандартталынған іріктеуі б/ша). Себебі ұсақ қозғалыстарды орындау қыздардың дене пропорциясының ұлдарға қарағанда кіші екендігі және қыздар акселерациясы және бұл біріншілік биологиялық жыныстық айырмашылықтар олардың әрі қарайғы дағды мен қызығушылықтарына әсерін тигізетіні түсінікті.
Перцептивті айырмашылықтар. Зейін аудару, заттардың түрлі бөліктерін қабылдауға араналған тапсырмаларда әрине әйелдердің мүмкіндіктері ерлерге қарағанда неғұрлым дамыған. Ал ерлер кеңістікті бағдарлаумен көзге түседі.
Вербалды қызмет. Әйелдердегі вербалды және лингвистикалық басымдылық олардың ерте сәбилік шақтарынан бастап кәрілік шаққа дейін жалғасады. Қыздар ұлдарға қарағанда ерте сөйлей бастайды және сөздік қорлары жоғары болады. Қыздардыың артикуляциялық қабілеттері ұлдарға қарағанда 1 жас алдыда болады.
Есте сақтау қабілеттерінде қызардың есте сақтау қабілеттері аса ерекшеленбегенімен, оларда логикалық ес, механикалық еске қарағанда жақсы дамыған.
Күнделікті бақылаулар қоғамдық өмірде әйелдер және ер адамдар арасындағы тұлғалық өзіндік ерекшеліктердің бар екендігін көрсетіп отыр. Көптеген эмоционалдық және әлеуметтік сипаттамаларда бұл алшақтық ерте балалық кезеңнен бастап көрніс табуда. Дәстүрлі жыныстық айырмашылықтарда байқалатын тұлғалық дамудың маңызды аспектілері: қызығушылықтар, қалау-идеалдар, бағыттылықтар және тұлғалық құндылықтар.
Ерте балалық шақтағы ойын белсенділігін зерттеулердің нәтижесінде ұл балалардың көбінесе бұлшықет ептілігін дамытуға қолайлы қозғалмалы және бәсекелік ойындармен айналысатын болса, қыз балалар неғұрлым байыпты ойындарға бейім екендіктері байқалады. Түрлі жас кезеңдеріндегі жыныстық ерекшеліктерді әртүрлі тұлғалық бағыттарда зерттеу арқылы қарастырылынды:
балалардың оқырмандық қалаулары;
орта мектептердегі кәсіптік таңдаулар;
құндылықтарды салыстыру;
әйелдер және ер адамдардың өзара әңгімелесу үзінділерін жүйелі сараптау;
қызығушылықтар тесті;
қарым-қатынас ерекшеліктері;
жетістікке жету мотивациясы;
сексуалды әрекет-қылықтары (Кинси талдаулары);
агрессивтілік және т.б.
Тұрақты жыныстық ерекшеліктердің бірі ер адамдардағы агрессивтіліктің басымдылығы. Әрине бұл оның мәдени және биологиялық (бұлшықет күші, еркек гармоны) шығу тегіне байланысты. Біздің әлеуметтік ортада жыныстық ерекшеліктердегі агрессивтілік ерте балалық шақта байқала бастайды.
Жыныстық ерекшеліктерді табиғатын зерттеулер көбінесе бізді мәдени ортада ер және әйел адамдардың жауаптарын салыстыру арқылы жүргізіледі. Егер 30% ерлер және 29% әйелдер қазіргі өнерді ұнататындықтарын айтса, онда бұл мәселедегі жыныстық айырмашылықтар сұрағы өздігінен жоққа шығарылады.
ММРІ, Бланк кәсіптік қызығушылықтар қағазы, Гилфорд-Циммерманның темперамент Шкаласы, гофтың феминділік Шкаласы арқылы түрлі өмірлік аспектілердегі еркектілік пен әйелділік бағаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |