8-Дәріс. Отбасылық ұқсастық.
Жоспар:
Ата-текті зерттеу мәселесі.
Егіздердің психологиялық ұқсастықтары және корреляциялық зерттеулер.
Асыранды балалар мәселесі.
Қабілеттер, тұлғалық қасиеттерге байланысты жанұялық ұқсастықты көбінесе тұқым қуалаушылық тұрғысынан ғана түсіндіріледі. Индивидтегі кемістіктер немесе таланттың көрінуінің себебін тұымқуалаушылық арқылы нақтылайтын көптеген мысалдар бар.
Егер жанұялық ортаның психологиялық өзіндік ерекшеліктерін талдап қарастыратын болсақ, ағайындылардың, ата-ана мен балалардың өзара ұқсастықтарына қоршаған ортаның әсер етуінің көптеген жолдары бар.
Біріншіден, бір жанұя мүшелері үшін ортақ болып келетін көптеген факторла бар.Олар:
Ортақ экономикалық деңгей;
Географиялық жағдай;
Мәдени жағдайлар;
Ағайындылар үшін ортақ перенантальды орта және т.б.
Екіншіден, жанұялық қарым-қатынас олардың өзара әсерлесуіне жағдай туғызады. Осылайша туыстар бір-біріне қоршаған орта әсерін қалыптастырады.
Үшіншіден, әлеуметтік бағыттаулар мен күтілімдер де маңызды психологиялық фактор болып табылады. Көбінесе балаға алдыңғы ата-тегінің ерекше жетістіктері мен кемшіліктерін “жапсырып” отырады, және қандайда бір осы белгілердің көрінісі бірден осы себептердің негізінде түсіндіріледі. Баланың өзіндік санасына бұл өз әсерін тигізіп, оның әрі қарайғы дамуына алғы шарт бола бастайды.
Сонымен қатар, жанұялық орта психологиялық қасиеттердегі нақты айырмашылықтардың себебі болып та табылады.. М-ы: ағасы інісі, балалар әр түрлі жас кезеңдерінде болғандықтан ата-ананың оларға түрліше қатынас жасауы, басқа да себептердің негізіндегі ата-ананың балаларына қатынасы (әсіресе бұндай қатынас ұлттық, менталитеттік өзгешеліктерге қатынасты болып келеді). Ендеше, көптеген мысалдар мен мәліметтерге сүйенетін болсақ жанұялық ұқсастық деңгейі өмірдің нақты ситуацияларына тәуелді болмақ.
Ата –текті ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысын ең алғаш қолға алған Ф.Гальтон (Наследственный гений) 1869 жылы жарияланды.
Бұл еңбегінде Англияда кең танымал деген 300 жанұядан 997 ер адамдар алынды. Олардың ішінде түрлі шенеуліктер, судьялар, теологтар, діни өкілдер, ғалым және суретшілер болды. Олар туралы мәліметтерді жинақтай келе, гальтон келесі қорытындыны жасады: танымал адамдардың танымал туыстары стстистикалық кездейсоқтықтан неғұрлым көп болып шыққан. Жанұядағы әрбір танымал адамды индекстік кездойсоқтық деп алып, басқа туыстық позициялар соған сәйкестендірілді. Сонда әрбір 100 жанұяға қанша танымал туыстардың келетіні анықталды: әрбір 100 танымал адам жанұясына 31 танымал әке, 41 танымал аға, 48 танымал ұл келген. Ал алыс туыстардың арасында танымал туыстар сирек кездесетін болған. Ендеше, танымалдылық танымал жанұялардың арасында көбірек тарайды.
Бұл әдіс интеллектуалдық деффектілерді, қылмысқа бейімділік сияқты көріністерді талдауда қолданылады.
Сонымен қатар асыранды балалардың психологиялық даму деңгейі де практикалық және теоретикалық мәселелерді қозғайды. Асыранды балалардың даму деңгейіне әсер ететін факторлар өте көп және олар өте күрделі. Тест мәліметтері б/ша асыранды балалардың ақыл-ой даму деңгейі осы класс деңгейіндегі “өзінің балаларына” қарағанда біршама төмен болатын болса, орташа алғандағы барлық тұрғылықты халықтың орта есебінен жоғары. Неліктен?
Асырап алу кезінде неғұрлым перспективті болып саналатын балалар іріктелінетіні белгілі.
Бұндай іріктеу асырап алушы жанұяға да қатынасты: тілек білдіруші жанұялардың ішінде неғұрлым даму деңгейі жоғарыларына ғана бұндай мүмкіндік беріледі.
Асырап алушы ата-аналардың өз есептері болғандықтан балаға ерекше көңіл бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |