- Химиялық мутагендерді алғашқы ашқан профессор И.А.Рапопорт. (1946ж)
- Н.И.Вавилов өзгергіштіктің паралель қатарларын зерттеу нәтижесінде тұқымқуалау өзгергіштігінің гомологиялық қатарлар заңын тұжырымдады.
- Г.А.Надсон мен Г.С.Филипов 1925 жылы алғаш рет радий сәулелерінің әсерінен саңырауқұлақтың тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерінің өзгергендігін дәлелдеді.
- 1927жылы Г.Меллер дрозофилаға қолдан сәуле бергенде пайда болған мутациялардың жиілігі,табиғи мутациялардың жиілігінен жүз есе көп болатындығын дәлелдеді.
- Колхициннің әсерінен әр түрлі өсімдіктердің полиплоидтарын шексіз мөлшерде алуға болатынын Блекси мен Эйвери 1932 жылы тәжірибе жолымен дәлелдеді.
- Эволюциялық маңызы - жаңа түрлердің, сорттардың, тұқымдардың пайда болуы.
- Адам популяцияларының полиморфизмі мутацияларға байланысты: мұрын, құлақ пішіні және т.б.
- Мутациялар нәтижесінде тұқым қуалайтын аурулар дамиды. Дәрігерге тұқым қуалайтын аурулардың себебін білу
- емдеу жолын дұрыс таңдауға;
- Жанұяда ауру балалардың туылу мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
-
Мутациялардың маңызы - тірі ағзаларға жаңа сапалар мен қасиеттердің көрініс беруінің жалғыз көзі;
- олар табиғи және қолдан сұрыптаулар үшін негізгі материал береді;
- пайдалы мутациялар табиғи сұрыптаумен сақталып қалады және орнығады;
- Үрім-бұтақтар қатарында біртіндеп жинақталуынан өздерінің ататектерінен ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: - Қазымбет П. Қ., Аманжолова Л. Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология / А.- 2000.-376 б.
- Е. Ө. Қуандықов ред. Медициналық биология және генетика/ А.- 2004.-444 б.
- В.Н. Ярыгин. Биология / М.- Высшая школа.- 2001.- т. 1,2.
Достарыңызбен бөлісу: |