Диктанттар жинағы (5-9 сыныптарына арналған) Оқу орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі Алматы қаласы, «Республикалық 45 minut kz»


Диктантты бағалауда мына параметрлерді есте сақтау керек



бет3/23
Дата07.02.2024
өлшемі205 Kb.
#491085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
диктант 5-9

Диктантты бағалауда мына параметрлерді есте сақтау керек:
- фонетикалық талдауды білуі;
- сөз құрамына талдауды білуі;
- сөз табына талдауды білуі;
- сөйлемді талдауы;
- сөйлем мүшесіне талдауды білуі;
- морфологиялық талдауды білуі;
- синтаксистік талдауды білуі;
- лексикалық талдауды білуі.


Жазба жұмысына байланысты қатемен жұмыс жүргізу жолдары

Қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша сауатты көрсете білуде жазба жұмысының алатын орны ерекше. Ол сабақ құрылымының 3 түрлі мақсатына сәйкес грамматикалық сауаттылығын тексеріп қана қоймай, есте сақтауын, көркем жазуын, ұқыптылығы мен өз - өзіне деген сенімін нығайтады. Соның ішінде бақылау диктантында қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасау болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек.
Қазақ тілі пәнінен алынған жазба жұмыстардағы жіберілген қате бойынша саралау кестесі әрбір жазба жұмысынан кейін сараптамалық талдау негізінде жасалып, оқушымен деңгейлік тапсырмалар негізінде тікелей жұмыс жасауға ықпал етеді. Сондай - ақ жазба жұмыстарын бір - бірімен салыстыруға да мүмкіндік береді.

Қатемен жұмыс жүргізу жолдары:
1. Тексерілген жұмыспен оқушы танысып, қызыл сиямен көрсетілген сөзді жол басына ең әуелі қате түрін, содан кейін сызықша қою арқылы жол аяғына дейін қатесіз жазу керек;
2. Қате жазылған немесе оқушыға таныс емес сөздерге қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, мағлұмат беру;
3. Жіберілген қате туралы өтілген тақырып бойынша ережені еске түсіру, мысалдар келтірту;
4. Қате жазылған сөзге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық талдау жасату;
5. Оқушылардың тасымал, тыныс белгі туралы білімдерін нақтылау, бағдар беру;
6. Диктант мәтініндегі тірек сөздерді тапқызып, сөйлем құрату.
7. Сабақты шығармашылықпен ұштастыра отырып, қате жіберілген сөздердің прозалық, поэзиялық шығармаларда қолданылуына назар аударту, нәтижелі болу үшін жатқа айтқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет