Арғы атамыз.
“Арғы атамыз Шынғысхан жердің жүзін,күннің көзін билепті деседі.Одан
кейінгі атамыз Жоша хан ордасын алтыннан тігіп,қазақ елі түгіл,Еділ-Жайықтың бойына бұйрығын жүргізген.
Абылай атамыз қанатын Орта жүзден асыра жайып, үш жүздің басын қайта қосқан.Одан кейінгі атаң-Уәли. Хандық дәрежесінің біз жеткен сілімтірі –менің қолымда тұрған аға сұлтандық”,-деді Шыңғыс Шоқанға.(54сөз)
Абай.
Абай –қазақтың ұлы ақыны,композитор,философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы,оның алғашқы классигі.Алдымен ол қазақ халқын өнерге,білімге,еңбекке шақырды. Орыс елінің мәдениетімен таныстырды. Ұлы ақын өтірікке,өсекке,надандыққа қарсы күресті. Абай қазақтың ән-күй шығармашылығын жете білген. Біржан сал,Ақан сері,Тәттімбет,жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған.
(52 сөз)
Тапсырма: “ер жүрек” ,”жас”,”жауынгер”,”көп”,”сол қол”, сөздеріне антонимдерді келтіріп жазыңдар.
Қайың
Қайың –сымбатты ағаш. Биік болып өседі. Жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен түрлі ыдыстар тоқиды. Қайың ағашынан жиһаздар жасалады. Қайың отыны пешке маздап жанады. Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа да сонда.( 54сөз)
Қамқоршылар
Көктем келді. Асан мен Үсен далаға шықты. Бір топ бала жасаған ұяларын көтеріп алыпты.
Асан мен Үсен ойланып қалды. Үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балға мен ара алды. Олар ұя жасауға кірісті. Ракетадан айнытпай ұя жасады. Мұндай әсем ұяны бұрын-соңды көрмеген балалар таң қалды. Құстар да қаптап кетті. Асан мен Үсеннің куанышында шек жоқ.(54 сөз)
Тапсырма:
1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
2.Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
Тіл және тәуелсіздік
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ата тілі, ұлттық мәдениеті болмаған ел ешқашан ел бола алмайды. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі жылдар өткен сайын өркендеп өсіп келеді. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.(54 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |