8-сыныптар үшін диктант мәтіндері
Жаңа жылды қарсы алу.
Жаңа жылды былай қарсы алады:жаңа жылға арнап шырша орнатылады.
Шыршаға әдемі ойыншықтар,түрлі түсті электр шамдарын іледі. Түнгі сағат он бірде шыршаның шамын жағады.Отбасы мүшелері дастарқан басына жиналады. Олар түнгі сағат он екіде бір-бірін құттықтап, жақсы денсаулық, бақыт тілейді. Жаңа жыл-қуанышты мереке. Балалар үшін үйлерде, мектепте, театрларда шырша орнатылады. Олар шыршаны айналып билейді,өлең, тақпақ айтады, ән салады. Жаңа жылдық мерекеге Аяз ата мен Ақшақар келеді. Олар балаларға сыйлықтар таратады. (78 сөз)
Тапсырма: сын есімді тап.
Біздің үйіміз.
Біздің үй Қостанайда.Үйім Абай даңғылында орналасқан.Нөмері алтыншы үй-біздікі.Бұл қазыналық үй емес,жекеменшік үй. Біздің үйдің төрт бөлмесі бар. Кіре берісте кең,үлкен дәліз. Одан ары қарай төргі бөлме. Төргі бөлменің үлкен бір терезесі бар,оң жағында екі кресло,бұрышта түрлі түсті теледидар және қабырғада сурет ілулі тұр. Төргі бөлменің сол жағында диван және журнал үстелі тұр. Әр бөлмеде кілемдер жатыр. Терезелердің бәрі күншығыс жақта. Әр жексенбіде біз бөлмелерді шаңсорғышпен тазалаймыз,үйіміз бізге өте ұнайды. (80сөз)
Тапсырма: Синтаксистік талдау жасаңдар.
Манас
«Манас» - қырғыз халқының ауыр бір дәуірін бейнелейтін батырлық дастан. Манасшылар – өте талантты, аруақты жыршылар.
Манас – қырғыз халқының ең ержүрек, сүйікті батыры. Оның жорықтары мен бастан кешірген оқиғалары – эпостың негізгі тақырыбы. Эпоста Манастың өзгермейтін ұлылығы – айырылмас, айнымас адал достары суреттелген. Сонымен қатар Манас батырдың опасыз, қанағатсыз дұшпандары да шебер бейнеленген. Манастың сүйікті жары Қаныкей – ақыл-парасатты келіскен жан.
Жырда көшпелі халықтың думан-сауықшыл, жарқын, жайдары мнездері әсерлі суреттелген.
«Манас» - бүкіл халықтың мұқалмас қуаты, ерлігі, күшінің әсерленіп берген жиынтығы. (80сөз)
Ана
Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр тіркесте бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы құдіретті сөз естіледі. Даңққа бөленген артист әр уақытта анасын жадында сақтайды, әндерінде жырлайды, суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады, сәулетші оны тастан қашайды.
Ана баласын – ол әйгілі немесе елеусіз болсын, король немесе қайыршы болсын – бәрібір сүйеді, ана үшін оның ешқандай мәні жоқ, ана үшін «бұл менің ұлым» деген қарапайым да жоғары қастерлі бір-ақ ұғым бар. (85 сөз)
Интернет
Бұған дейін сен компьютердің не екенінен хабардар болдың. Енді компьютердің арқасында дүниеге келіп, бүкіл әлемге таралған Интернет деген жүйе туралы әңгімелесе аламыз.
Интернет дегеніміз не?
Интернет дегеніміз – бүкіл әлемде орналасқан, өзара кабелмен, радиомен немесе спутниктік байланыспен жалғасқан аса көп компьютерлер жиынтығы. Басқаша айтсақ, бұл – бір компьютерден басқа бір компьютерге мәліметтер беруге болатын әлемдік компьютерлік жүйе.
Мұндай үлкен компьютерлік жүйе құру туралы идеяны американдықтар өткен ғасырда ойлап тапқан. Америкалық ғалымдар барлық компьютерлер тең құқылы болатын бір орталықсыз жүйе жасауды ойлап тапты. (82сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |