Диктанттар жинағы (5-9 сыныптарына арналған) Оқу орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі Алматы қаласы, «Республикалық 45 minut kz»



бет4/23
Дата07.02.2024
өлшемі205 Kb.
#491085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
диктант 5-9

5-сыныптар үшін диктант мәтіндері


Менің досым
Менің ең жақын досым –Асқар. Оның бойы ұзын,шашы бұйра,көзі қара,бет-әлпеті әдемі. Ол -тәртіпті оқушы.Асқар сабақтан кешігуді білмейді. Оқулықтарын таза ұстайды. Қызықты кітапты көп оқиды. Сабақтан кейін апасына көмектеседі. Оның Анар есімді қарындасы бар. Асқар қарындасын ойнатады. Менің досым – адал,сенімді,әзілқой. Мен досымды мақтаныш етемін.(50сөз)


Тапсырма: тәуелдік жалғауды табыңдар.


Тәуелсіздікті ардақтайық

Биыл біздің тәуелсіз ел болғанымызға жиырма жыл. Бұл аз мерзім емес. Қанша уақыт өтсе де, біз кешегі 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігі үшін орыс империясының бұғауын үзген желтоқсан ерлерінің ерлігін естен шығармауымыз керек. Себебі, біз солардың арқасында азат, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.
Ендеше, ағалардың қанымен келген тәуелсіздігімізді ардақтап, оны мәңгі сақтайық.(50 сөз)

Қыс.

Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ,күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Сонан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, үстіме жылы пальто, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң,мектептің мұз айдынына барамыз.Мұз айдыны мектептен алыс емес.

(51 сөз)




Тапсырма: бастауыштын астын сызыңдар.
Қысқы ағаш
Қыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көм. Сонда ағаштың тамырына суық өтпейді. (51 сөз)


Тапсырма:
1. Соңғы сөйлемнен етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
2.Маңырайды, боздайды, кісінейді деген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Менің атам – ардагер
Менің атам – соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынды. Атам әскери қызыметте жүрген кезде соғыс басталды. Майданда үш рет жараланды. Үшінші рет ауыр жараланып емханаға түседі. Ол кісінің соғыста алған ордендері көп. Атамның жасы қазір жетпіс бесте. Мен атамды өте жақсы көремін. (51сөз)


Шәкірт
Динаның әкесі Кеңже палуан әрі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыраны игере бастайды.
Бірде осы ауылға атақты күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның домбыра тартысын көріп риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы шәкіртіне өзінің домбырасын сыйлайды. Дина өз жанынан күйлер де шығарады. Оның алғашқы шығарған күйлері «Бұлбұл», «Көргентүн», «Байжұма» (51сөз)


Тапсырма:
1. Екінші сөйлемнен сан есімді тауып, астын сызыңдар.
2.Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазыңдар. Жалғанған жұрнақтардың астын сызыңдар.
Қыс
Қыста күн қысқарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ көрпеге оранады. Өзен мен көл мұз жамылады. Терең інде жатқан жануарларға аяз жете алмайды. Олардың орны жылы болады. Қар суық өткізбейді. Қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.
Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау көңілді. (51 сөз)


Тапсырма:
1. Соңғы сөйлемнен түбір күйінде жазылған сөзді табыңдар.
2.Бірінші сөйлемдеггі қосымшалы сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет