Ақылды мал
Жылқы – ақылды мал. Шекарадағы әскерлердің аттары бөтен кісіні жанына жолатпайды. Мұндай аттардың кейбіреуі біздің елімізге жасырын өткен жауларды сезеді. Олардың тығылып жатқан жерлеріне шекарашыларды өздері бастап алып барады.
Жылқы – мейлінше күшті. Ол ыстыққа да, суыққа да төзімді. Қазақстанның көп жерлерінде жылқы қыс бойы далада жайылады. Жылқы қасқыр сияқты жауынан да қорғана біледі. (52 сөз)
Тапсырма. «Ақылды, жау, қыс, ыстық, көп» сөздерінің антонимдерін табу.
Абай Құнанбаев.
Абай Құнанбаев –қазақ халқының ұлы ақыны. Ол ерте кезде өмір сүреді. Қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге,білім алуға шақырады. Халқына еңбекті сүюдің,еңбек ете білудің пайдасын түсіндіреді. Ақын өсекші, өтірікші,жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді. Абай өз шығармаларында мұндай адамдарды қатты сынады. Абай Құнанбаев – ұлы аудармашы болған. Ол барлық адамдарды дос болуға шақырды.
(54 сөз)
Тапсырма: “ақын,адам,дос,халық”- деген сөздеріне көптік жалғауларын жазыңдар.
Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқының белгілі ағыртушы, жаңашыл педагогы, жазушы, қоғам қайраткері. Ол жасынан ынталы,зерек болды. Ыбырай Алтынсарин орыс әдебиетін көп оқыды.Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін Орысша-қазақша мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Оның өлендерін оқушылар жатқа біледі.Қостанайда Ыбырай Алтынсарин арналып мұражайлар шылып,ескерткіштер орнатылды . Ол –балалар әдебиетінің атасы.
(53 сөз)
Тапсырма: көптік жалғауды табыңдар.
Қоңыр күз.
Жаздан кейін қоңыр ,салқын күз кел де келіп жетеді. Бұл кезде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі.Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады.Күз айлары-жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл-көкөніс,жеміс-жидектің піскен кезі.Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздайды.Осындай кезде қыс та келіп қалады.(55 сөз)
Тапсырма.
1.Қосымшаларын табыңдар:
Қараңғылық, мезгілдерінің, көкөністерді.
2.Фонетика талдау: Салқын, піскен.
Астана - әсем қала
Астана қаласы – қазақ елінің астанасы. Күн сәулесіндей жарқыраған әсем қаламыздағы «Бәйтерек» монументі мен өзге де ескерткіштер келушілерге тарихымыздан сыр шертіп тұрғандай. Биыл Тәуелсіздігіміздің (неше?) жылдығы тойланады. Оған дейін әлі талай құрылыстар салынып, бас қаламыздың жаңғыра түсетініне сенемін. Мұның бәрі күні кеше ғана халық қайта сайлаған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың еңбегі. Жасай бер, қазағымның жас қаласы!(54 сөз)
Тары
Тары-астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары-арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді.(55сөз)
Тапсырма:
1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |