Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан
сыбдырлатпай ептеп жүрді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті.Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылықтады.Ол сауысқанға тісін ақсита қарады.Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді.(52сөз)
Орман достары Тоқылдақ пен сарышымшықтар – орман достары. Олар қыста көп пайда келтіреді. Себебі қыста олар зиянды жәндіктердің жұмыртқасын тауып жейді. Құстың тоюы үшін бірнеше жүз жұмыртқа керек. Жаз шыққанда әр жұмыртқа – бір тірі құрт. Әрбір шымшық өз салмағындай жұмыртқа жейді. Шымшықтың салмағына жету үшін қаншама жұмыртқа керек.Сонда олардың қандай пайда келтіретінін есептеп көріңдер. (52сөз)
Тапсырма: 1. Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар. 2.Екі сұраулы сөйлем ойлап жазыңдар.
Күй атасы Кедей шаруа жанұясында туған Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алады. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдайды.
Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күрес- пен өтеді. Ол сан рет түрмеге де отырады. Құрмаңғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. (53сөз)
Тапсырма: Үшінші сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
Санау Адамдар санауды өте ертеде үйренген.Алғашында саусақтарын санайтын. Кейін он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды. Біршама уақыт өтті.
Адамдар тастарды жіптерге тізіп қоятын. Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды. Бұл қазіргі есеп шоттың бір түрі еді. Техника өсті. Есептер қиындай түсті. Оларды шешу үшін машина керек. Электронды есептеу машиналары осылай шықты.(53сөз )
Біздің отбасымыз. Менің атым - Әлия. Біз қалада тұрамыз. Менің атам,әжем, әкем, шешем, үш ағам және екі сіңлім, бір інім бар. Атам мен әжем құрметті демалыста. Әкем зауытта істейді. Шешем институтта сабақ береді. Ағаларым – студент. Екі сіңлім балабақшаға барады. Інім екінші сыныпта оқиды. Өзім он төртінші мектепте оқимын. Үйде біз қазақша сөйлейміз. Мен орыс мектебінде оқимын. (54 сөз)
Бекіре Бекіреде тұрақты мекен жоқ.Ол көшпелі балық. Бекіренің бастапқы шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол.Бұл балықтар ерекше дәмді жұмсақ етімен атақты. Олардың қара уылдырығы дүние жүзінде жоғары бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады.(54сөз )
Тапсырма: 1.Бірінші сөйлемдегі жуан буынды сөздерді бір,жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар. 2.Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.