Модельдің бірінші бөлімі арнайы кәсіби ортадағы маман қызметі жұмыс сапасына өз пәніне сүйіспеншілігіне одан алатын әсеріне байланысты.
Модельдің екінші бөлімі негізінен мына аспектілерді - кәсіптік тәлім - тәрбиелік, саяси қоғамдық қызметін қарауды ұсынады. Бұл аспектілер маман мұғалімдер даярлауда негізгі рөл атқарады. Саяси қоғамдық аспектісі иұғалімнің мектептегі қоғамдық қызметін қамтиды.
Менің пайымдауымша, жалпы мұғалімнің қызметі, оның ішінде технология пәнінің мұғалімі туралы әңгіме болғанда, тәрбиелік кәсіби аспектілер шешуші рөл атқару керек. Сондықтан негізгі қызметтің бес түрлі аспектісін қарастыруымыз қажет.
-
Технология пәні мұғалімінің шешетін мәселелері.
-
Олардың орындайтын міндеті.
-
Жұмыста кездесетін қызмет түрлері.
-
Мамандығына сәйкес білімі.
-
Кәсіптік шеберліктегі дағдысы мен біліктігі.
Маман моделін қалыптастыруда көрсетілген сипаттама зерттеушілердің еңбектерінде жиі қолданылады. Аспектілер бірімен бірі тығыз байланысты. Оларды меңгеру арнайы маман қызметіне терең де толық талдау жасау үшін қажет.
Технология пәні мұғалімінің модельдік қызметін жасау үшін Ю.Васильевтің ғылыми - жаратылыстану қоғамдық экономикалық пәндер және еңбекке баулу циклін анықтайтын жобасына сүйенген дұрыс.
Маман моделінін қызметін зерттеушілер мен талдаушылардың еңбектерін саралай келе. Стандартқа сәйкес модельдеудің сипаттамасын қарастырып келдік. Стандарт тізбелері қызмет сипатының негізгі құрылымын көрсетеді. Ары қарай зерттеу барысында, бұл бірнеше деңгейде қайта қаралып, жұмыстын негізігі моделін болжап,қызметін атқарады және тиянақтайды.
Үшінші бөлімде маман қызметінің психологиялық сипаты қарастырылады. Бұған технология пәнінің мұғалімінің жеке сапасын және кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл модель бойынша мұғалімдерге қойылатын талаптар деңгейін зерттеуіміз қажет. Сол арқылы қазіргі жағдайда орта мектептің технология пәнінің мұғалімінің қызметі жөнінде айтуымызға болады. Сондай - ақ, қазіргі заман талабына сәйкес мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру, кәсіптік педагогикалық шеберлігі мен дүниетанымын кеңейту қаралады. Осындай модель технология пәні мұғалімдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау және болашақта кәсіптікдеңгейі жоғары, салалы маман даярлау үшін қажет.
Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылармен бірлесе отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында еңбектеніп келемін.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсықтандыру қажеттігі баса айтылған. Демек, осы педагогикалық технологияларды оқушыларды дамытуға бағытталған оқу- тәрбие жұмысының бір - бірімен тығыз байланысқан әдістері мен түрлерінің жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда оны тәрбие жұмысының таптырмайтын құралы ретінде қарағанымыз жөн.
Зергерлік бұйымдардың өңделу технологиясы.
3.1. Зергерлік бұйымдарға қажетті құралдар мен
өңдеу тәсілдерін таңдау.
Әйел әшекейі - әйел затының тиымдылығын одан әрі тартымды ете түсіп, той болатын ортаны сұлулықпен сүйкімділікпен толықтыра түседі. Осыншалықты сәнді киім кешекпен бұымдарының ішінде кеудеге тағатын әшекей, алқалар айрықша ерекшеленеді. Сондықтан да алқаларды қыздар салтанатты жиындарға, үлкен тойларға ғана тағатын болған. Әйел алқасы әйел адамның және қыз баланың сән үшін тағатын бұйымы.
Әйел - әшекейі жасалу жолдары бірінші әйел алқасының жобасын ақ параққа жақсылап сызамыз. Жоба бойынша мельхиор сым жуаны жіңішкесі болу керек. Содан кейін тастар әр түрлі тастар мысалы; Асат, береза, малахит және т.б. болуы қажет. Тастар сопақша дөңгелек болады. Жоба бойынша қырқып алынған мельхиорға домалақ тастарды қойып көреміз. Тастарға жұқа мельхиордан тастың шетін қаст қырқып аламыз. Мельхиор листан биіктігі 5 мм, ал ұзындығы тастың көлемімен бірдей етіп қырқып алып газ балонға жалғанған гарелкамен қыздырып дәнекерледім. Сөйтіп, мельхиор сымдарды, электр бұрғысымен ширатып аламыз, сымды қыздырып болған соң кастың жиектеріне, бір ширатылған екінші түзу сымды дәнекерледім. Каст ол тастың шетіне қойылатын мельхиор болуы керек. Ал қаға кастар дәнекерленген соң орталарына ширатылған мельхиор сымнан ою жасап алқаның үстіне дәнекерленеді. Ою сымдардың қайырылған басына жанындағы бұрышына зерін қойылады. Зерін жасалу жолы; Мельхиор сымнан ұзындығы 4 мм етіп қырқып алып, оны кепкен қатты ағаштың үстіне қойып гарелкамен қатты қыздырамыз. Мельхиор сым қызған кезде домалақ болып қалады. Осы домалақты зерін дейміз. Үлкен және кіші етіп, әр түрлі етіп дайындап аламыз. Алқаға зерін дәнекерленіп болған соң, қышқыл құйылған ыдысқа темір қысқышпен саламыз. Ерімей қалған бураларды тазалап аппақ қылады. Қышқыл салынған ыдыстан алып тіс щеткасымен жақсылап шайып жуылады. Сөйтіп, электр моторына киіз шарықты салып, пастагой жағып тазалаймыз. Тазаланып болған соң алқа жылтырап тазаланғаннан кейін тасын саламыз. Тасты салар кезде кілей жағып астына содан кейін кастаға отырғызамыз. Кастың жиегін қатты ағашпен қысып шығамыз айналдыра. Тас өзі бекем болып қалады. Енді алқаның мойынға тағатын шынжырын тоқимыз диаметрі 6 мм етіп пружина сияқты қатты қысып ораймыз сөйтіп, темір қайшымен қырқып, домалақ сымды біртіндеп дәнекерледім. Оларды бір – біріне кигізіп тоқып шықтым. Ұзындығы басқа сиятындай етіп тоқылған соң, қышқылға салып тазалап, киізге пастагой жағып тазалаймыз. Тазалаған соң, тоқылған сымды алқаның екі басына іліп қысып қоямыз. Алқаға шынжыр тағылған соң әдемі бір рең беріп тұрады. Енді алқаның білезігін жүзігін істеу керек. Білезіктің істелу жолдары мельхиор шестан 17 см, енінен 3 см етіп қырқып аламыз, темір қайшымен қырқып алған соң, бұрыштарын егеумен егуледім, кейін қолға кигенде жырмас үшін. Білезіктің дәл ортасына домалақ тастың қасына қойып жұқа мельхиордан биіктігі 5 мм етіп қырқып алып дәнекерленеді. Білезік алқа сәйкес болады сондықтан кастың жанындағы ою сымдар ұқсас етіп жасалады. Ою сымдар дәнекерленіп болған соң оны диаметрі 6 см қалыңдығы 2 см домалақ темірге желім балғамен жайлап ұрып қайырамыз. Қайырып иіп болған соң киізге пастагой жағып тазалаймыз жылтырап тазарған соң тастарын отырғызамыз. Сөйтіп, алқаны білезікті істеп болған соң жүзігін істейміз. Жүзік те алқаға сәйкес етіп жобасы істелінеді.
Қазақ зергерлері көбіне жеке дара жұмыс істеп, өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын - ала арнайы дайындықпен өтетін белгілі бір құрал – саймандарды ғана қолданатын. Зергердің соғатын заттарының түрлері өте көп. Оған әйелдердің әшекейлері киім – кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдар ас су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндей ою өрнек жиһаздық заттар, ағаш ыдыс – аяқ, тері торсық, музыкалық асапаптар, қару – жарақтар, ат тұрман әбзелдері және т.б. жатады.
Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе күмісті молырақ қолданған. Зергер металдың өзін ашу шеберлігін жете білген. Соғу арқылы белгілі бір қалыпта түсірілгенде күмістің өңі күңгірттеніп келетіндіктен оның үстіңгі бетін қатадан билазбен тазалау арқылы жалтыратып, майда нақыштармен шекім алу тәсілімен өрнектеп барып тартымды құлпырмадан түске келтіретін болған. Сақтар жасаған неше түрлі әсем металл бұйымдары жайлы мәліметтер Геродот Стратон, Ктесия сияқты ежелгі грек авторларының жазба ескерткіштерінде кездеседі. Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан негізінен алғанда күміс пен мыс темірден жасалған әсемдік затарды негізінде қазақ арасында дәулетті адамдар тұтынған, оны жасаушы халық арасынан шыққан шеберлер болған. Күмістер ер тұрманның кейбір бөліктері, қыз келіншектердің тағатын бұйымдары жасалып, ерлердің белдіктері мен күнделікті тұрмысқа қажетті пышақ, сандық, киім ілгіштер, жүзік, сырға, шашбау, тұмарша және тағы басқа неше түрлі зергерлік әшекей бұйымдарын жасап отырған. Сол замандағы жұрттың көбі діни ұғым бойынша тілден, көзден сақтауды, мысалы әр түрлі кездейсоқ пәле – жаладан қорғап жүреді деп бой тұмар болатын. Зергерлік бұйымдардың ұзақ уақыт осындай қасиеті болған. Халыққа бұйымның материалы түрлі – түсті өрнек оюдың діни сенімдер мен аңыздарға сай алынатын. Ертеден халық шеберлерінің жұмыстарының қолайлы жағдайы болмаған.
Көбіне зергерлер жұмысты өзінің жанұясының алдына киіз үйдің бір шетінде өз шәкіртін ертіп алып, (ел қайда болса, біз сондамыз) деп жайлауда жүріп үй иесінің халықтың тапсырмасын өз үйінде жасайтын болған. Кейіннен олардың кейбіреулері өздеріне жұмыс істейтін орын шеберхана салып алды. Темір ұсташылығы мен зергерлік өнері мен әйелдерде көбінесе айналысқан. Егер зергер дүниеден қайтып, оның жолын қуар ешкімі болмаса, кейбір кезде оның зергерлік қызметін әйелдері атқарған. Қайта шебер қолынан түрлі асыл бұйымдарды музейлерде көріп тамашалаумен қатар, күнделікті жұмыста пайдалансақ болатын еді. Олар үшін халық қол өнерінің бай мұраларына жанашыр түр – сипат беріп, оларды жасап, техникасын жетілдіру қажет. Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихын байқасақ, олар жасаған өнер туындылары табиғат құбылысы күнделікті затты ұрпақтан – ұрпаққа уақыт озса да бүгінгі күнге дейін жетті. Өткен заманда қазақтың халық қол өнерінің жете дамыған түрлерінің бір зергерлік өнер ұлттық мәдениетіміздің тарихында өзгеше орын алады. Бұл өнердің түп тамыры сонау әріде жатыр. Бір замандардың өзінде Қазақстан жерінде алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын тағы қалыпқа салу арқылы еңбек құралдарын әшекей заттар мен әртүрлі бұйымдар жасалған.
Археологиялық заттар зерттеу нәтижелері осыны дәлелдеді. Қазақстан жерінде жүргізілген азба жұмыстардың нәтижесінде ертедегі көшпенділер кеңінен тараған және басқа да түсті металдардан жасаған көптеген әшекей бұйымдары табылды. Сол табылған заттардың көпшілігін жас шебердің қолынан шыққан нағыз өнер туындыларының қатарына жатқызуға болады. Мысалы: Қарғалы көмбесінен табылған бүкіл әлемді таңдандырған аяқ алтыны кез келген тарихи қазыналардың мақтанышы бола алады. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастардан, лағыл, сафир, зүбір, жат гауһар, азат, эрозолит, інжу маржан, жауқуаттан, көз қондыру арқылы да әсемдей түскен түрлі – түсті шынылардың және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған.
Күміс жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңдейтін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Металды көркемдеп өңдеудің әртүрлі техникалық әдістері, созу, құю, басу, қалыптау зерлеу, темірге күміс қақтау, алтын жалату қолданылады. Заттарды әшекейлеу технологиясын зергерлер бұйымның сыртқы бейнесі мен сыртқы формасын үйлестіреді. Күмістен шебер алуан түрлі бұйымдар жасайды.
3.2. Әшекей бұйымды өңдеу тәртібі.
Алқаның жасалу тәсілі.
Алқаны жасау тәсілі мұнда да тұтас мельхиордан алып, оған алқаның суретін салып, содан кейін темір қайшымен кесіп алып шет – шетінен егеулеп тегістеп алып, кейін ширатылған сыммен ою - өрнектің ұшын біріктіріп алып алқаның астыңғы жағынан салпыншақтарын дайындап алдым. Ал үстіңгі шынжырды кейін домалақ сымдарға орап алып оны темір қайшымен қырқып алып, оларды біртіндеп ұштарын біріктіріп жонамыз. Бір – біріне тигізіп отырып тоқимыз да, шынжырмен салпыншақты алқаға ілетіндей етіп шеңбер тәрізді асты, үстімен ширатып аламыз. Алқаның үстіне жоба бойынша ою - өрнектерді әшекейлеп жүргіземіз... Алқаны қышқыл суға салып тазалап киізге пастагон үйкелеп тазартып аламыз.
Білезіктің жасалу тәсілі.
Мұнда да жүзік тәрізді жұмсақ мельхиордан білезіктің жағасы бойынша суретін түсіріп, қайшымен ойып шет – шеттерін асумен тегістеп егеп алдым. Сосын білезікке тас орналастыратын қалыпты жасаймыз. Шиырланған сымдар мен тастың көлеміндей етіп алып, бір – біріне ұштастырып дәнекерледік. Қалыпты білезіктің үстіне отырғызып, өрнектеп оның айналасына ширатылған сымдардан иіп дәнекерледім. Білезікті толық дәнекерледім, болған соң қышқылға салып, шамалы уақыттан соң нығыздалған киізге пастагойды үйкеп білезікті тазаладым.
Жүзіктің жасалу тәсілі.
Тұтас мельхиорды алып бетін жоба бойынша темір қайшымен қиып аламыз. Оны кескенде шет – шетін асумен асулап тегістейміз. Кейін арнайы жүзік шетін құралмен иіп екі шетін бір – біріне ұштастырып отқа қыздырып, асықпай жабыстырамыз. Өлшеп дайындап, ол қалыпты жұқа тұтас мельхиордан Гурьев, Орал, Қарағанды облыстарында жиірек ұшырасатын Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында ішінара ұшырасатын қара алалап өрнектелу мен күміс әшекейлер де тартымды әрі әсерлі болып келеді. Балық, қошқар, мүйіз ұшқан құс, гүл жапырағы, шығыс қиярлы, күн, жұлдызды ай тұрпатында болып келетін тапсырмалар да көп түрлілігімен ерекшеленеді. Бұлардың формалық мәнділігі өрнектелу ырғағының салдарлылығы, көркемдегіш желелерінің тазалығы және композициялық құрылысының үйлесімді әрі тиянақтылығы арқылы ашылады. Бұл әшекейлердің өрнек желісіне мүйіз пішіндегі ырғақтар, түрлі көкөністердің тартымды өркендері, әсем гүлдер, геометриялық және астральды оралымдар алынған.
Сырға жасау тәсілі.
Тұтас мельхиорға сырғаның кескінін түсіріп аламыз. Шет – шетіне кескін бойынша суретке қарап оюмен егеулеп тегістейміз, болған соң тас отырғызатынын меңгердім, ширатылған сымды шеңберді екі ұшын ұштастырып ширатылған ою - өрнектер түсіріп дәнекерледім. Кейін сырғаның салынатын шашақтарын ілетін құраққа кигізілетін ілмек дәнекерледім. Барлығын жасап дайындап болған соң қышқылға салып шамалы уақыт ұстап тұрамыз, сосын щеткамен жақсылап тазалап болған соң ең соңында тасты сырғаға отырғызып жапсырамыз тазалап қоямыз.
3.3. Әшекей бұйымдарды дайындаудағы
технологиялық реттіліктерді өңдеу.
Алқаны жасау тәсілі мұнда да тұтас мельхиордан алып, оған алқаның суретін салып, содан кейін темір қайшымен кесіп алып шет-шетінен егеулеп тегістеп алып, кейін ширатылған сыммен ою-өрнектің ұшын біріктіріп алып алқаның астыңғы жағынан салпыншақтарын дайындап алдым. Ал үстіңгі шынжырды кейін домалақ сымдарға орап алып оны темір қайшымен қырқып алып, оларды біртіндеп ұштарын біріктіріп жонамыз. Бір – біріне тигізіп отырып тоқимыз да, шынжырмен салпыншақты алқаға ілетіндей етіп шеңбер тәрізді асты – үстімен ширатып аламыз. Алқаның үстіне жоба бойынша ою - өрнектерді әшекейлеп жүргізіледі. Алқаны қышқыл суға салып, тазалап киізге пастагон үйкелеп тазартып аламыз.
Мұнда да жүзік тәрізді жұмсақ мельхиордан білезіктің жағасы бойынша суретін түсіріп, қайшымен ойып шет – шеттерін асумен тегістеп етеп алдым. Сосын білезікке тас орналастыратын қалыпты жасаймыз. Шиырланған сымдар мен тастың көлеміндей етіп алып, бір – біріне ұштастырып дәнекерледік. Қалыпты білезіктің үстіне отырғызып, өрнектеп оның айналасын ширатылған сымдардан иіп дәнекрледім. Білезікті толық дәнекрледім, болған соң қышқылға салып, шамалы уақыттан соң нығыздалған киізге пастагойды үйкеп білезікті тазаладым.
Тұтас мельхиорды алып бетін жоба бойынша темір қайшымен қиып аламыз. Оны кескенде шет – шетін асумен асулап тегістейміз. Кейін арнайы жүзік шетін құралмен иіп екі шетін бір – біріне ұштастырып отқа қыздырып, асықпай жабыстырамыз. Өлшеп дайындап, ол қалыпты жұқа тұтас мельхиордан Гурбев, Орал, Қарағанды облыстарында жиірек ұшырасатын Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында ішінара ұшырасатын қара аралас өрнектелу мен күміс әшекейлер де тартымды әрі әсерлі болып келеді. Бұлардың формалық мәнділігі өрнектелу ырғағының салдарлығы, көркемдегіш желілерінің тазалығы және композициялық құрылымының үйлесімді әрі тиянақтылығы арқылы ашылады. Бұл әшекейлердің өрнек желісіне мүйіз пішіндегі ырғақтар, түрлі көкөністердің тартымды өркендері, әсем гүлдер, геометриялық және астальды оралымдар алынған.
Тұтас мельхиорға сырғаның кескінін түсіріп аламыз, шет – шетіне кескін бойынша суретке қарап оюмен егеулеп тегістейміз, болған соң тас отырғызатынын меңгердім, ширатылған сымды шеңберді екі ұшын ұштастырып ширатылған ою - өрнектер түсіріп дәнекерледім. Кейін сырғаның салынатын шашақтарын ілетін құлаққа кигізілетін ілмек дәнекерледім. Барлығын жасап дайындап болған соң қышқылға салып шамалы уақыт ұстап тұрамыз, сосын шеткамен жақсылап тазалап болған соң ең соңында тасты сырғаға отырғызып жапсырамыз, тазалап қоямыз.
Қорытынды.
1. Еліміз егемендік алып, келешекке үлкен үмітпен бұрыс жасап жатыр. Қандай мемлекеттің болса да,бет бейнесі мен келешегі жастарға байланысты. Жастар болғанда да, талапты өнерлі жастарды айтамыз.
Олай дейтін себебіміз, ұлттық тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды. Алға қойылған орасан зор міндеттерді жүзеге асыратындар да- жастар. Сондықтанда біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды өнегелі рухта, т.б.көптеген салт-дәстүрлеріміз тұрғысынан тәрбиелеуіміз қажет.Осы талап,міндеттерді орындаған ең бір пәрменді құрал-оқу, тәлім-тәрбие жұмыстарында халықтық педагогиканың алтын мұрасын, қанша уақыт өтсе де-тот баспайтындай адалдығы айнадай ұлттық қазынаны пайдалану.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері “Қазақ халқы рухани мұрасы” пәні республиканың барлық оқу орындарында оқытылуға тиіс болатын. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - қолөнерге үйретуде жастардың бойына жаратылысқа деген, жанды – жансыз әлемге деген, ұлтына деген көз қарастарын мәдени тұрғыда қалыптастыру.
Қоғам жаңашаланып, өткеннің мәдени – тарихи мұралары ортамызға қайта оралып, оның рухани құндылықтары, дәстүрлері, өнерлері адамның адамзат болып қалыптасуына, тұтас алғанда жеке адамды әлеуметтендіру ісінде маңызды роль атқаратындығын көрсетіп отыр. Сондықтан адамзат тарихындағы ең асыл мұраларын қолдан шығарып алмай, білім саласындағы осы “Ақтаңдақтардың” бетін ашып, көне мәдениетімізге тереңірек үңіліп өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау қажеттігі туып отыр.
Осы орайда, қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған мәселе осы төңіректе. Көптеген білім беру жүйесіндегі жаңашаландыру бағыты, ең алдымен, тәрбие мәселесіне әкеліп соқтырады. Оқу-тәрбие процесін бір тұтас алып жүретін халықтық педагогика аталған білім мен тәрбиелеу мазмұнын жаңартуға жәрдемдесе алады.
“Халықтық педогогика” дәстүрлерін оқу – тәрбие процесінде пайдаланған әрбір пән, нәтижелі ауқымды көрініс табады. Ал енді халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде халықтың тәрбие құралдары ( салт дәстүр, қолөнер ) арқылы іске асырылып жатыр.
Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген халқымыз “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап келген. Демек халықтың ой түлегі жас ұрпақты қолөнерге уағыздай отырып тәрбиелеу деген ұғымды білдіріп отыр. Осындай халықтық ұрпақ тәрбиелеуде озық тәжірибелері мен ой түйіндері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қозғаушы күш болары анық. Ендігі мәселе осы тәрбие көздерін пайдалануда қолөнер негіздерін, білім беру жүйесін жетілдіруде, жаңа технология үрдісінде тереңдетіп оқыту жолдарын қарастырып, қажетті оқу құралдарымен әдістемелік, бағдаорламалармен қамтамасыз ету.
Осы мақсатта мектеп мұғалімдеріне тәлім-тәрбиелік мәні бар, қыз балаларға арналған “Қолөнер негіздері ” – бойынша бағдарлама ұсынылып отыр. Бұл жұмыстың мазмұнының ерекшелігі – қазақ қол өнерінің тек тамырымен ерекшелігін игеру тәсілдері бүгінгі күнгі талаптармен байланыстыра жазылған.
Атадан-балаға жалғасып келе жатқан ұлттық киімдерімізді; қолөнерлерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді; дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ киім үлгілері мен қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине, бұл халықтық педагогика оқу-тәрбие процесінің құралы болып, бүгінгі таңда кейбір мұғалімдеріміз үшін септігін тигізіп, осы тұрғыда ізденіп жүрген ұстаздарды көптеп айтуға болды.
Осы ұлттық педагогиканы насихаттап, қазақтың ұлттық киіміне, қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау етіп, игілікті істерімізді жалғастырып жүрген мектебіміздің технология пәнінің мұғалімдері қаншама.
Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәләмнің сыры мен ерекшелігін оқушыларға үйреткен киім түрлері, қол өнері түрлерімен ерекшеленіп отыр.
Менің оқушыларға жалпы білім мен еңбек дағдысын игеруде, жаңа технологиялық талаптарды орындау жолында тынымсыз еңбек ету. Мақсатым- қазақтың ұлттық киімдерін,оның ішінде қазақ ұлттық қалыңдық киімін, қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігін көрсету.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. "Азбука домоводства"
2. Әбдуәлиева Ш "Қазақтың қолөнері" - әдістемелік құрал
3. Әбдуәлиева Ш "Халық қолөнері" Алматы. Рауан. 1992
4. Байжігітов Б "Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері" Ақтөбе. "А-полиграфия" ЖШС 2003 ж
5. Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ "Бейнелеу өнері" Алматы "Ата-мұра" 2001 ж
6. Бапанов И.В. Бисер "Народное творчество" 2001
7. Бағдарлама "Қолөнер" (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент 2002
8. Валя - Валентина Издательский дом "ОВА-Пресс" 2003
9. Вышитые картины ЗАО "Эдипресс конлига" 2004
10. Газарян "Прекрасная своими руками" Москва 1986
11. Джанибеков У "Культура Казахского ремесла" Өнер 1982
12. "Еңбекке баулу" Алматы "Атамұра" 2000
13. Егорова Р.И. Монастырная В.П. "Іс тіге біл" "Рауан" Алматы 1993
14. Жанибеков О. "Эхо" Өнер Алматы 1990
15. Исламгулова С.К. Дидактические условия проектирования учебгого процесса на основе технологического подхода. Творческая педагогика №2, 2001
16. Касиманов С. "Қазақ халқының қолөнері" Алматы 1995
17. Құтпанбаев Ә "Ұстаз ұлағаты" Ғылым 2002
18. Караев Ж.А. Момынбаев В.К. Устимиров К. Государственные стандарты начального профессионального образования РК-Алматы, Республиканский издательский кабинет, 1999
19. "Лена - рукоделие" ЗАО "Эдипресс-конлига" 2004
20. Литвинец Э.Н. "Низание Бисером и ручное вашивание" Хэлтон Харвест Астана 2001
21. Лученкова Е. "Как сделать нужные и полезные вещи" Минск Хор-вест 1999
22. Маргарита Максимова. Марина Кузмина "Вышываем крестом" Москва "Эксмо" 2004
23. Мектептегі технология Алматы 2004
24. Морков Л. Большая школа Энциклопедия, Москва 2000
25. Өмірбекова М.Ш. "Қазақ халқының дәстүрлі өнері" "Алматы кітап" 2004
26. Поеная энциклопедия женских рукоделий "перевод французского" 1992
27. Программа технологии 2000 года
28. Педагогика педагогические теории системы, технологии "Академия" 1999
29. Русакова М. "Аппликация" Москва "Посвещение" 1987
30. 8 жылдық мектеп программалары (еңбекке баулу 1-3, 4-8 сыныптар) Алматы "Мектеп" 1982
31. "Технология" Алматы "Атамұра" 2003
32. Тәжімұратов Ә "Шебердің қолы ортақ" Алматы 1977
33. "Шаңырақ" үй тұрмысы энциклопедия, Алматы 1989
34. "Энциклопедия рукоделие" Москва 2000 Борисовский Г: Красота и стандарт. М. 1968.
-
. Сенешаль М. Дж.Флекс. Узоры симметрии. 1980.
-
. Схнамеровская Т.П. Направление, творческий метод и стиль в искусстве. Лениздат. 1975.
-
Ақайқызы З. Ою-өрнек ой айтар. (Монғолия қазақтарының ою-өрнектері мен қолөнері). Алматы. 1996.
-
Әбдіғаппарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Алматы.1999.
-
Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. 1-том. Алматы. 1986.
-
Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы. 1979.
-
Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана. М. 1970.
-
Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы.1985.
-
Жәнібеков Ө. Жолайырықта. Алматы. Рауан. 1995.
-
Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.
-
Маргулан А. Казахская юрта и ее убранство. М. 1964.
-
Қалиев С. Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. Рауан. 1994.
-
Әбдалаева Ш. Халық қолөнері. Алматы. Рауан. 1992.
Қосымша.
Достарыңызбен бөлісу: |