Дін, мәдениет және қоғам. Этнос және ұлт әлеуметтануы. Дін: негізгі түсініктер



бет4/4
Дата12.12.2023
өлшемі129.52 Kb.
#486290
1   2   3   4
мадениет7

Әдет-ғұрып - бұл топтық іс-әрекеттің үйреншікті, қалыпты ең ыңғайлы және жеткілікті кең таралған әдістері. Адамдардың жаңа ұрпақтары қоғамның үйреншікті әдістерін жартылай санасыз түрде еліктеу арқылы, жартылай саналы түрде оқыту арқылы қабылдайды. Әр адам бала кезінен көптеген көне мәдени элементтердің қоршауында болады. Ол үнемі көз алдында осы ережелерді көргендіктен, өзі үшін ең дұрыс және ең қолайлы болып қала береді. Бала өсіп-өніп, үлкейген соң, олардың пайда болуы туралы ойланбастан оған өзінен-өзі белгіленген құбылыс ретінде қарайды. Мысалы, амандасу үшін ол дағдылы түрде оң қолын созады, бірақ бір кездері мұндай ым жәй амандасуға қарағанда үлкен мән, дәлірек айтсақ, қолда қару жоқ екендігін білдірген. Қоғамда әдет-ғұрыптар саны өте көп. Жабайы қоғамның өзінде де бірнеше мыңдаған әдет-ғұрыптар болған, ал қазіргі индустриалды қоғамда олардың саны көбейе түсуде.
3. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар.
Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады.
Этникалық қауымдастық, этнос - бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады. Олар өмір сүру жолында белгілі бір мәдени тұтастықты сақтайды және өздерін жеке дербес топ ретінде сезінеді.
Этникалық көші-қон тайпа, халық және ұлт жатады. Оның қалыптасуында ең алдымен аумағы мен тілі маңызды рөл атқарады. Кейде топтасқан сан алуан халықтардан да тұруы мүмкін (мыс., АҚШ, Австралия, Үндістан, т.б.). Этникалық көші-қонтардың қалыптасуында дін, нәсілдік жақындық қосымша рөл атқарады. Этногенез барысында, әсіресе белгілі бір табиғи жағдайлар әсерінен жүргізілген шаруашылық қарекеттер нәтижесінде Этникалық көші-қонтың рухани және заттай мәдениеттері, тұрмысы мен топтық психол. келбеті қалыптасады. Қауымдастық мүшелерінің ортақ таным-түсініктері орнығады. Ортақ сана арасынан ең алдымен қауымдастықтың қалыптасуы жайындағы таным-түсініктері ерекше байқалады. Мұның сыртқы көрінісі тікелей этнониммен байланысады. Қалыптасқан Этникалық көші-қон әлеум. ағза ретінде ұрпақ жалғастығы арқасында сақталып отырылады әрі дамиды, неке, мәдениет, тіл, дәстүр, т.б. арқылы беріледі. Тарихи үрдістер нәтижесінде ол өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Этникалық көші-қон теориясы туралы пікір таластар әлі күнге дейін толастаған жоқ. Әсіресе этн. топтарды түрге бөлуде көмескі мәселелер жеткілікті. Әзірге Этникалық көші-қонтың тарихи түрлері – тайпа, халық, ұлт деп есептелінеді. Сондай-ақ белгілі бір жерде (аумақта) тұратын тұтас және әлеум. ұйымы бар Э. қ-тар да, терр. жағынан бөлек-бөлек (әр жерде) Этникалық көші-қондар да кездеседі.
Аталмыш термин кейде бірнеше халықты, яғни этно-лингвистик. топтарды атау үшін қолданылады (мыс., орыс, украин, поляк, т.б. “славян этникалық қа-уымдастығына”, ал қазақ, қырғыз, түрікмен, т.б. түркі халықтарының Этникалық көші-қон тобына енеді). Сонымен қатар, бір халықтың ішіндегі этногр. топтарды белгілеу үшін де Этникалық көші-қон термині қолданыла береді (мыс., орыс ішінде – поморлар, кержактар; қазақта – үйсін, қыпшақ, т.б.). Бұл айтылған екі жағдайдың екеуі де “этнос” деп аталады.С. Борбасов 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет