Сонымен қатар докторлық диссертацияның
мазмұнына сәйкес
докторант 1-1,5 б.т. реферат жазады. Реферат қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде жасалады (қажет болған жағдайда реферат басқа
шетел тілінде жазылуы мүмкін) және диссертацияға қол қойылады.
Докторлық диссертацияның рефераты мына мәліметтерді қамтуы
тиіс:
- диссертацияның көлемі
мен құрылымы;
- иллюстрациялар, кестелер, қолданылған әдебиет саны;
- негізгі сөздер тізімі (15-20 сез);
- зерттеудің өзектілігі;
-
зерттеу мақсаты;
- зерттеу нысаны;
- зерттеу әдістері;
- алынған нәтижелер,
олардың жаңашылдығы,
ғылыми және
практикалық маңыздылығы;
- жарияланымдар туралы мәліметтер.
Кіріспе ғылыми және/немесе инновациялық сипатқа ие шешілетін
ғылыми, ғылыми-техникалық немесе технологиялық проблеманың
(міндеттердің)
қазіргі
жай-күйін
бағалауды,
тақырыпты
әзірлеу
үшін
негіздеме
мен
бастапқы
деректерді,
осы
ғылыми-зерттеу
(эксперименталды-зерттеу) жұмысын жүргізу қажеттілігінің негіздемесін,
әзірлеудің жоспарланған ғылыми-техникалық деңгейі туралы,
патенттік
зерттеулертуралымәліметтердіжәнеоларданалынғанқорытындыларды,
диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді
қамтуы тиіс. Кіріспедетақырыптыңөзектілігі мен жаңалығы, осы жұмыстың
басқа
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу
жұмыстарымен
байланысы керсетілуі керек. Сондай-ақ зерттеудің мақсаты, нысаны мен
мәні, міндеттері, олардың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу)
жұмысын тұтастай орындаудағы
орны және әдістемелік база, қорғауға
шығарылатын ережелер көрсетілуі тиіс.
Ғылыми жұмыстар тақырыптарының езектілігі, олардың мақсаты
мен міндеттері туралы жоғарыда 2-тарауда толық жазылғандықтан, бұл
бөлімде арнайы тоқталмаймыз.
Диссертацияның
негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін,
әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін деректер келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: