«Дінтану» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)


Ислам дінінің негізгі ағымдары



бет4/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#12372
1   2   3   4   5   6   7

Ислам дінінің негізгі ағымдары. Қүранда пайғамбардың «бөлінбеңдер» деген нүсқауын тыңдамай Ислам діні бірнеше ағымдарға бөлініп кетеді. Хараджиттеден кейінгі, елеулі екі ағымына: суннизм және шиизм тоқталайық.

Суннизм. Ислам дінінің ең үлкен ағымы (90%) суниттер. Сунниттердің шиит ағымына қарама-қарсы, ортодоксиялық ағым болып құралды.

Суннәнің (хадистің) алты жинағын құранмен бірдей мойындаған көпшілік мүсылмандарды ахль-ас суннэ, яғни сунниттер деп атады. Суннизмнің негізгі айырмашылығы: алғашкы төрт халифаты заңды деп мойындау; 6-хадисты ешбір күмәнсіз мойындау; суннизмнің 4 мектебінің (маликитік, шафиитік; ханифиттік немесе ханбалитік) біріне жату. О дүниеде Құдай мен адам арасындағы қатынастарда Мүхаммед пайғамбардың ешбір қатысы болмауы; Мүхаммедтің пайғамбар, Али болса Ха­лиф есебінде қабылдау; Шиизмге қарағанда Суннизм ағымында сектлердің аздығы және т.е.с



Шиизм. Араб елінде, Мүхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан соң, Халифаттық басқару басталды. Төртінші халиф Алидің түсында ең үлкен рулардың арасынан алауыздық көзқарастар пайда болды. Омейядтар рулары, хурайш руынан шыққан Алиге қарсы шығып, бір түтас халифаттық басқаруды қолдамады. Осының салдарынан, Алидің оппозициялары, оны өлтірумен аяқтады. Алиді жақтаушылар «екі нүр» деген (теория) көзқарас таратты, бүл көзқарас бойынша: бірінші нүр Мұхаммед болса, екінші нүр Али еді. Солай болғаннан соң Қүранға Алидің де атын пайғамбар ретінде ендіру керек еді. Осылай, Алиді де пайғамбар есебінде қабылдаушылар Шииттер (арабша, топ, партия) деп аталды. Осының арқасында Шииттер Қүранға тағы бір сүре қосты (114 сүренің орнына 115 сүре). Шииттер қасиетті аңызында, сүнниттік Халифтар билікті заңсыз күшпен тартып алушылар деп түсіндіреді. Олар Алиді және оның үрпағын өздерінің заңды басшылары деп санап, сүнниттік Халифтарға Мүхаммедтің қызы Фатима мен Алиден тараған үрпақтың 12 имамын қарсы қояды. Шииалардың діни догмасының қүрастырылуы VII ғасырдың ортасында Аббасид династиясында жасалды.

IX ғасырда Шииттердің 12-ші имамы жоқ болып кетті, оның аты Мүхаммед аль-Махди болатын деген аңыз таратты. Ол көрінбейтін басшы деп жарияланды, өйткені ол өлген жоқ, оны Аллатағала өзіне керек болғандықтан, жасырып қойды деп сенеді. Аллатағала кажет болған кез-де оны қайтып жер бетіне жібереді, ол келіп жер бетіне әділеттік орнатады дейді. Сөйтіп «Махди» (жасырып имам) мен оның жер бетіне кайта оралуы жөнінде ілім шиизмнің басты уағызына айналды Шиит ағымынан көптеген қауымдар (партия) бөлініп шықты жә­не ол қауымдар өз бетімен тағы да майда қауымдарға бөлініп отырды. Ең үлкен қауымдары: қайсандықтар, зейдиттер, имамиттер, «шектелген» шииттер және исмайллиттер.



Қазіргі ислам. Ерте дәуірдегі «Алтын ғасырдағы исламға», қайта оралу идеясы көптеген елдерде әртүрлі саяси-элеуметтік қозғалыстар туғызды. Мыса­лы, XVIII ғасырда Аравияда Ваххабиттік қозғалыс шықты. Ол қозғалысты баскарған Абд ал-Ваххаба (1704-1792) болды. Оның негізгі идеясы алғашқы мүсылман қауымдық кезіндегі «таза» Мүхаммедтің ілімін қолдау керек деді. Ол ілім бойынша Алладан басқа Қүдай жоқ, Мүхаммед -жай адам, оны Қүдаймен теңеуге болмайды. «Алла жолына» қарсы келу-шілер қатарына әулие адамдары, киелі жерлерді, магиялык іс-әрекеттерді, басқа да ескі діндердің әдет-ғүрыптарын жаткызды. Олар тек Күран мен Суннаны ғана Ислам дінінің «таза жолы» деп қарастырды. Олар тағы да байлыққа, тойымсыздыққа карсы, кедейлікті мақтап, мүсылман «бауырлыкты» жақтады. Ваххабиттер мүсылман емес халықтарға «әулиелік соғыс» жариялады. Олар дінді қорғауда фанатикалық жолда, керек болса экстремистік іс-әрекеттер де жасады. Ибн Абд аль лімі орта аравияның Саудидов руына үлкен жәрдемін тигізіп Саудидстік Мемлекет күруына жәрдем берді. Қазіргі кезде ваххабизм Саудавия Аравиясының негізгі идеологиясы.

Қазіргі кезде немесе 1962 жылы «Ислам Әлем лигасы» деген мү-сылман одағы қүрылды. 1969 жылы «Ислам конференциясының одағы» деген, үкімет деңгейіндегі одақ қазіргі ең биік одақтасудың орны деуге болады.



Қазақстан жеріндегі Ислам.Ислам діні Қазақстанға VIII ғасырдың соңынан бастап IX ғасырдың басында тарай бастады. 766 жылы Карлуг Ханы Қазақстанның Жетісу және Оңтүстік аймақтарын жаулап алып, мүсылман мәдениетін таратты. X ғасырдың басында Карахандықтар мемлекетін күрған Сатук абд аль-Керим Богра ханның (915-955) баласы 960 жылы Исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.

Дегенмен, кең байтақ Қазақстан жеріне X ғасырда ислам діні толық таралды деп айту киын. Себебі, осы күнге дейін ислам дінінің Қазақстан жеріне таралу мәселетеушілердің пікірінше, Ислам діні біздің еліміздің оңтүстік аудандарына, атап айтқанда, Орта Азия мен Кавказға VII ғасырда тарала бастаған десе, екінші біреулері Ислам діні Орта Азия мен Қазақстан жеріне ІХ-Х ғасырда енді дегенді айтады. Исламның VIII ғасырда Қазақстан жеріне енгенімен, бұл діннің өте ұзақ жылдар бойы кең байтақ қазақ жеріне таралғанын барлық зерттеушілер қолдайды. Бүған қосымша Ш.Уэлиханов-тың Ислам қазақ жеріне XIX ғасырда ғана толығынан таралды деген көз-қарасы да бар.

Ислам қазақ жеріне толық орнағанымен, оның даму «деңгейі» әр-бір аймақта бірдей емес. Бүндай ерекшелік тек Қазақстан жеріне ғана тән емес, ол қазіргі зерттеулер бойынша дүние жүзіндегі мүсылмандық елдерінде де осы секілді ерекшеліктері бар. Ең жиі кез-десетін көзқарастар: миссионерліккөзқарас- Исламды қазақтар үгіт-насихаттың күшімен, формалды түрде қабылдады, үлттық әдет-ғүрыпқа тигізген әсері шамалы деген көзқарас.

Екінші көзқарас, Реставраторлық пікір- қазақтың өзіндік, үлттық діндеріне: шамандық, зорастризмдік, тәңірлік діннің ықпалы басым, сондықтан Ислам қазақтар үшін негізгі дін емес. Үшінші көзқарас, қазақтар ислам дінін Орта Азия және Еділ бойы халықтарының ықпалымен қабылдаған деген тағы сондай көзқарастар бар. Осылардың барлығы бүл мәселенің күрделілігін білдіреді. Әрбір көзкарастардың өзіндік дәлелі бар. Мысалы, анимистік көзқарасты алып қарастырсақ, осы күнге дейін қазақтардың арасынан мынадай сөздерді естуге болады: «Иә аруақ, иә Құдай, қолдай көр, пәле-жаладан сақта!». Бүндай пікір туралы Ш.Уәлиханов: «Қазақтар өмірдің қиын сәттерінде өздерінің ата-бабаларының есімдерін еске алады. Ал, кез келген табыс аруақтың қолдауымен бола­ды деп есептейді» - деп жазған немесе қазақтардың пікірлесу кездерінде мынадай сөзді жиі естуге болады: «Әруақ ырза болмай, тірі байымайды» деген сөзді. Міне, осылай сан-алуан ерекшеліктерін корсе­те беруге болады. Осының арқасында қазақтың діни жүйесі бірінен соң бірі келетін діндер деп қарастыруға да болмайды. XI ғасырда қазақ жеріне көптеген діндер сіңіп таралған болатын. Тек нақтылы тарихи кезеңдерде, ұлттық саяси-идеологияның қалыптасу кезінде, қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуында Ислам діні басым болды да, ол «үлттық» дінге айналды. Себебі ислам діні қазақ елінің көшпелі жеріне, әдет-ғұрыптарына баска діндерге қарағанда икемді де, тәжірибелі де болды. Ислам дінін қабылдай отырып, қазақ діни өкілдері ол діннің кейбір уағыздарын өзгертіп, оларға ғасырлар бойы өздерінің санасына калыптасқан ескі діни үғымның пішінін береді. Мүнымен бірге Ислам дінінің өзі де жергі-лікті діндердің ықпалымен өзгере бастайды. Сонымен, Ислам «ұлттық» дінге айналады. Қазіргі қазақ ұлттық минталитеті бойынша қазақтардың басым көпшілігі «қазақ» деген ұғымды «мүсылман» деген үғыммен бір-дей қабылдайды.

Жоғарыда көрсеткендей, Қазақстанға Ислам діні караханидтер (ХІ-ХІІ ғғ.) түсында да едуір таралды. Әсересе, В.В.Бартольдтың айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерлердің бәрінде XIV ғасырда Ислам діні үстем дінге айналды. Сондықтан монғолдар жаулау тұсында да бүл дін қазақ даласында бірте-бірте тамыр жая бастады. Ақсақ Темір тұсында Ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді. Себебі, Темір заманында ірі қалаларда мешіттер салынды. Темір Ислам дінінен басқа діндерге қарсы болды. Ол Ислам дінінің идеологиясын нығайтты.

Ислам дінінің таралуының тағы бір себептері Орта Азиядағы Ис­лам дінінің орталықтары Хиуа мен Бүхара үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар көрші елдермен қатынаста (тәжік, татар, азербайжан) олардың исламдық көзқарастары да әсер етті. Ислам діні казақ даласына енген сайын бүл байланыс діни негізде нығая түсті.

Қазақ еліне Ислам дінінің ағымы суфизм таралды.XII ғасырда қазақ жерінен шыккан атақты дін ғүламасы Хозрет Сүлтан Ахмет Яссауидің (1105-1166) діни ілімімен суфизмнің ясовизмдік ағымы таралды деп айтсақ та артық болмайды.

Яссауи араб-парсы мәдениетінің гүлденген заманында өмір сүрді. Яссауидің негізгі діни пікірлері «Хикмет-нэме» деген өлеңдер жинағында баяндалды. Бүл өлеңдер жинағында Исламдық діни нанымды одан да жоғары көтерді.

Яссауидің өшпес даңқын эрі қарай көтерген адам Ақсақ Темір (1336-1405) болды. Ол Яссауидің моласының басына көптеген Шығыс елдерінен таңдаулы тас оюлағыш өнерпаздарды, әскери күлдарды алып келіп мешіт тұрғызды. Кейіннен осы мешіттің маңында Түркістан қаласы пайда болды.

Жалпы Ислам дінінің қазақ мәдениетінің даму үрдісіндегі рөлдері әлі де жете зерттеліп біткен жоқ. Ондай ғылыми зерттеу әлі алда деп ойлаймыз. Қазіргі кезде Қазақстан егемендік алғаннан бастап, өз елінде жеке дербес Мүсылман орталық қауымы (ДУМ) ашылды. Жылдан жылға мүсылман мешіттері көптеп ашылып, емін-еркін әрбір мүсылмандар өз діни қажеттілігін орындауға мүмкіндік жағдай туды.



Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиеттер: 4, 8.
7 тақырып «Қазіргі дәстүрлі емес діни қозгалыстар мен ғибадат».

Дәстүрден тыс діндер деп негізінен дүниежүзілік немесе үлкен үлттық діндерден бөлініп шығып, бір-бірімен косыла отырып, біріккен қазіргі діндерді айтамыз. Олардың шығу себебі үлкен саяси-әлеуметтік және мәдениеттің жаңаруына байланысты, әлеуметтік-саяси өздгерістермен, демографиялы козғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырылады.

Өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің аткарылуына қарай жаңа христиандык, жаңа бағдарламалык, оккультистік, жаңапұтшылдык болып бөлінеді. Екінші жағынан, олар ілімімен де ұйымдастыру жүйесімен де ерекшеленеді. Үшінші ерекшелігі, олардың ілімі мен ресми тәжірибесі синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген кағидаларын ұстанушылығымен дамиды.

Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен ерекшеленеді (әсіресе жастар арасында). Жаңа көзкарастын басшылары бұл заманның «күнәкарлығын» көрсетіп, одан шығу жолдарын білетіндігін айта келіп, адамгершілік жолдары мен даналык ақылдың өкілі ретінде өздерін ұсынады.

Қазіргі дәстүрлі емес діни козғалыстардың, сенушілік маңызы бойынша діни әдет-ғұрыптары, рәсімдік іс-әрекеттері аркылы айырмашылығы болады. Олар саны жагынан өте көп. Осы бір әр түрлі ағымдарын елеулі белгілерімен ең кем дегенде 5 топка бөлеміз:

1. Неоориенталдык табыну: «Общество Сознания Кришны», «Тихоокеанский дзен - буддийский центр», «Миссия Божественного Света», «Трансендентальная медитация» жэне т.е.с.

Неоориенталдык табынудың шығу тамыры Шығыстан, будда және индуизм діндерінің осы заманга бейімделген түрінен шықты. Будда діни ағым - мистикалык жолмен, алғашқы Құдай жолын имманенті «ішкі» жолмен жандандыру. Өмір сүріп тұрғандардың барлығы иллюзия (қиял), оның жасырын соңында Қүдайдың шындык табиғаты бар, ол гармониялық және әділеттілік. Максат осы табиғатқа әр түрлі әдістермен, медитациямен косылу. Медитациялык үрдіс (ойлану, сезіну, ішкі дүниеге шүкшиып көңіл аудару, сыртқы коршаған дүниеден безу), әр түрлі мантрлық сөздер айтып, кайталау, кайталау үрдісінде мистикалык маңызы шығады. Діни сенімдік жағы екінші орынға кетіп, бірінші орынға акиқат жолға түсу, Гурудың беделінің артуы.

2. Неохристиандық одақ — «Церковь объединение», «Семья Детей Бога» жэне т.с.с. Бұл діни ағымның ерекшелігі - Христиан идеологиясы мен шығыс дінінің әлементтерінің синкретикалык коспасы, эсхатология мен мессиандык көзкараска бұрмалау, кауым басшысы Қүдай жіберген пайғамбармен теңестіру.

3. Сейентологиялық ағым«Церковь Саентологии», «Космические религии» және т.б. Бүл табынушылық әр түрлі физикалык приборларға мистикалык мағына беру. Осы аспаптармен әр түрлі мистикалык күбылыстарды байқау, өлшеу, оның физикалык, биологиялык табиғатының әсерін байкау. Мистикалык түрғыда әлі де тексеріліп біліп болмаған психикалык күбылысты, коршаған табиғат күбылысын түсіндіру.

4. Жаңа Магия, спиритизм. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан сиқыршылык, балгерлік, шамандар, бал ашқыштармен қатар жаңа магиялық ілім және оның институттары, Батые пен Шығыс әдет-ғұрыптарын косып жаңа балгерлерді, сикыршыларды шығарды. Бүл жерде Мексикандық мифтік ілімін Карлос Костанелді алуға болады. Осы кезде Европа және Солтүстік Америка спиритистік қозғалыс және өлген адамдардың жанымен сөйлесу практикасын айтамыз.

5. Ібіліс немесе шайтан тобы (сатанинские группы). Ібілістік түсінік ертедегі Ирактан, «Көк кітап» деген кітапта жазылған хабарлар туралы діни аңыз. Ібіліс туралы кітапта зорлықты және зомбылыкты бірінші орынға қояды, кесірлікті жаманшылыктың кайнар көзімен, жын-шайтандармен мистикалык жолмен араласып сөйлесу. Олардың айтуы бойынша кесір, жаманшылыкты үгіттеушілер - Христиан дініне қарсы күрес жүргізушілер. «XXғасырдагы діндер» халыктың көңілін өздеріне аудару үшін сырткы ерекшеліктеріне, әдеттен тыс нәрселерге аса көңіл бөліп, адамдарға эмоционалды-психологиялық әсер тигізуге тырысады.

XX ғасырда шықкан әдеттен тыс діндердің тек түрлерін санап шығудың өзі де үлкен жүмыс. Сол себепті біз кеңірек және тереңірек таралған кейбір түрлеріне ғана тоқтап өтеміз.

Неоориеталистік табынушылықтың бір түрі «Кришнаның санала қауымы»(Общество сознания Кришны) келетін болсақ, діни ағым вайшнайзм діні мен веданың философиялык көзкарасының ерікті одағынан шыккан кауым. Бүл діни агымның негізін салушы - Үнді діни үгіттеушісі Абхай Чарин Де (1806-1977), сал Қушаның аты Бхаквиведанта Сваии Прабхупада, езінің ілімін «Бхагават - Гита сондай» деген кітабында, тағы баска кітаптарында жазып көрсетті. Оның кітаптары 40 тілге аударылып таралған, орыс және казақ тілінде де кітаптары бар.

Вайшнавов ілімі бойынша ең бір ақиқат Құдай - Кришна, ол үш аспектіде бізге көрінеді: Бхагаван, Брахман, Параматма. Бхагован - бүл Құдай ең жоғарғы аспект, қол жетпейтін сапасы бар, өте бай, күшті, даңқты, сүлу. Брахман - жекеленген аспект, барлық жерде кездесетін абсолютті ақиқат, шексіз, сапасыз күш, жеке Құдайдың трансцендентальды сәулесі. Параматтық аспект - ең жоғарғы жак, ол барлык тірі жандардың жүрегінде, жеке, өзіндік жандармен бірге тұрады. Қүдай мәңгі және оны ешкім жасамағаң, оның көптеген аспектілері бар, оның екі энергиялык күші бар: ол барлық тірі жанды және әлемді жаратқан.Ең бірінші аты - Кришна.Ол өте сүлу, кара терілі жас жігіт. Қалған күдайлар - жартылүдайлар - аватарлар кайталаулары керек.

Алматыда 1990 жылдан бері «Кришнаньщ Санасының Қауымы» ұжым қүрды. 1996 жылы олар заң алдында тіркеліп, кауымдары өмір сүрде.

Жаңа христиандық(неохристианство) ағымдар болса христиан шіркеуінен бөлініп шықкан Квакерлер, Пятидестниктер, Иоговистер, Адвентистер және т.е.с ағымдарға толы.

Әмбебаптық дәстүрлі емес діни қозғалыстардан Бақайлык сенімді карастырайык. Бахай діни қауымXIX ғасырда Иранда пайда болды. Оны шығарған адам - Мирза Хуссейн Али Нури, кейіннен «Бахаулла» деген атак алған. «Бахаулла» арабша «Даңктың Тақсыры» деген ұғымды береді. Бахаулла өзінің ілімін көптеген шығармаларында қарастырып кетті. Қазіргі кезде Бахауллалар 190 мемлекетке тарады. Бахаулланьщ Қазақстан жеріне 1938-1939 жэне 1950 жылдары Орта Азиядан және Закавказьядан саяси жер аударушылыктың аркасында таралган. Олар бірінші Петропавл, Иртыш, Павлодар, Чилік ауылы, Алматы облысында таралды. Кеңе.содағы заманында Бахай қауымдары жартылай заңсыз болды. 1990 жылы тамыз айында шыккан «О свободе вероисповедания» деген заң бойынша Алматы қаласында жергілікті Рухани жиналыста өз-дерінің қауымдарын құрды. 1994 жылы Бахай кауымы заң жүзінде тіркеуге алынды. Ал 2002 жылы Қазақстанда 19 кауымы тіркелді. Орталы-ғы Алматы қаласында орналасқан.

Бахауллы ілімі «Китаб-ул-Ахдас» деген кітабында жазылған.

Бахайлар өздерінің киелі кітабын оку үшін олар өздерінің белгілеп алған үйінде бірге жиылып дұға оқиды. Негізгі бас қосулары 19-ы күні, яғни «Мейрам күні», ол «кездесу» күні тек дүға оку емес, басқа да қауымдык проблемаларды шешеді.

Келесі бір синкреттік дін ағымы Саентологиядіні 1954 жылы пайда болды. «Саентология» деген сөз латын тілінде «білім», «калай білімді білу керек» деген мағынаны білдіреді. Саентология түсінігі бойынша «адамның рухын» зерттеу жэне өзімен-өзінің катынастык жүмысын әлеммен және «баска өмірмен» катынасын зерттеу.Бұл діннің негізін калаушы Л.Рон Хаббард 1954 жылы Лос-Анже-лесте, Калифорния штатында Саентологиялык шіркеуді тіркеді.

«Саентология» - системалык білім күрылысы, фундаменталдық ақикат аныктамасының жалғасы. Ондай ақиқаттықтардың бірі: «Адам жаны өлмейтін рухани нәрсе». Оның өмірлік тәжірибесі бір өмірден асып кетеді. Қазіргі кезде оның мүмкіндігі элі жүзеге асырылып болма-ғанымен, оның потенциясында шек жок. Адамның табиғаты кайырымды және рухани бостандылығы өзіне ғана немесе жақындарына байланысты емес, ол әлеммен жекеленуінде. Ең жоғарғы саентологияның мақсаты рухани акиқаттық ағартушылық жэне адамның бас бостандығы.

Қазакстанда саентологиялык ұйымдар мен топтар көптеген калаларда бар және әр жыл сайын олардың қатарлары өсуде. 1994 жылй акикаттыктардың бірі: «Адам: Дианетика» топтары Алматыда, Қарағандыда, Павлодарда Хаббард идеясын насихаттауға арналған коғамдық ұйым ретінде тіркелген.

Ібіліс топтары. Ібіліс шіркеуін кұрушы Антон Ла Вей (Сан-Франциско, 40 жылдары). Оның негізгі идеясы «Сатана Таураты» атты енбегінде. Ібіліс күші билік пен табыска кол жеткізуге мүмкіндік беретін күш көзі деп жазды. Ібіліс күші «Қараңғылыктың күші». Оның негізгі ұраны - «Әлсіздерге - өлім, күштілерге - байлык» және адамдардың өз-өзін танытуында барынша еркіндік беру. «Сатанизм өзінің жолын үстанушылардың өз табиғи кажеттіліктеріне еркіндік берген кездегі іс-әрекетін қолдайды. Өзін-өзі тыюдың орнына теріс әрекет колдау. Қуану арқылы күш жинау».

Ібілістің күлшылык ету және салт-дәстүрлерін жасау қауыш жиналысында (шабаштарда) жүзеге асырылады. Шабаштарда, ереже бойынша, еркектер де, әйелдер де жиналады, жекелеген топтарға айрыкша абыздар мен абыз абиелдер басшылык жасайды. Шабаштардың өткізілу сипаты туралы мәліметтер көп емес. Олардың өткізілу сипаты сол ұйымның басшысының тікелей ілімдік, моральдык, саяси көзқарастарына байланысты болады деп есептейміз. Дегенмен олардың жоралғысының үш түрі бар дейді: жыныстык, кайырымдылық не аяушылык, бұзушылык.Ібіліс шайтан және т.б. көзкарастық альтернативті діни көзкарас деп карастыруға да болады. Аздаған және нашар үйымдастырылған Ібіліс топтары біздің елімізде кездеседі.



Мұсылмандык шығыстағы діни қозғалыстар. Ислам діні де басқа діндерге ұксап саяси, мистикалык, экзотикалык ағымдар бөліп шығады. Жоғарыда көрсеткендей, коғамдық-саяси ағым Ваххабизм деді. Қазіргі кезде Сауд Аравиясының ресми идеологиясы болып табылады.

Таблиги Джаматқозғалыстары. Бұл козғалыс ваххабий ағымымен тығыз байланысты. «Таблиги жамат» (мұсылман үлемдердің кеңесі) 1927 жылы Дели қаласының жанындағы Мевет деген жерде Муалана Мүхаммед Ильяс Кандеххвели (1885-1944) деген деобондиялық богослав негіздеді. Бұл козғалыс соңынан Ауғанстан «Талибанының» козғалысына айналды. Бұл козғалыстың негізі тек молдалар емес, саяси қозғалыска тікелей қатынасы бар молдалар болды. Олар - XIX ғасырда Үндістан елінде Диобанд деген каладан шыққандар.

Диобандиялык Мазхаб мектебі екі ағымдық ілім берді. Бірінші, Алигарха университетінің ілімі, ислам богославтарын дайындайды, олардың ілімі батыс европалық білімге жакын. Екінші ағымы, консервативті ілім, олар ислам қүкығын (шариғатын) және ислам заңын (фикх) окитын орны болды.

Диобандиялық ағымдарының ілімдік кайнар көзі Аравиялық Мүхаммед ибн Абд аль Ваххабадан алынады. Сондықтан қазіргі ауғандық талибандардың ваххабиттермен жакындығын көруге болады. Сондыктан болар, диобакдилыктар ваххабиттерге ұксап, ислам канонын өзгертуге және кандай да бір «модернизацияға» карсы, оған жол бермейді. Мұсылман кауымының қандай бір иерархиясы болмасын оған да карсы, керек болса мемлекеттің монархиялык және трайбализмдік басқаруға, әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне катаң регламациялық ережелері бар.

Талибандар Бен Ладенға Ауғанстанды «Аль-Кайда» базасына айналдыруға жәрдем берді. Бірақ 2001 жылы 11-қыркүйек айында АҚШ-тағы «жарылыстан» соң талибтердің АҚШ әскерлері Ауғанстаннан куып шыкты. Сонымен қатар жасырын қауымдар көрші мемлекеттерге -Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанға тарады. Он дай кауымдарды «Таблиги Джамаат» кауымдары осы кезге дейінколдайды.

Казақстандағы «Таблиги Джамаат» қауымы тіркелмеген, жасырын түрде өмір сүруде.

Хизб-ут-Тахир ал-Ислами (Исламдық азаматтық партия), 1953 жылы Иерусалимде ал Ихван ал-Муслимин (мүсылман бауырлары) деген діни қозғалыстан, жеке діни партия болып бөлініп шықты. Ол партияның басында амир Хизб-ут-Такрир, өзін Алланың оған жүктеген тапсырмасын (әмірін) орындаушы халиф ретінде, халифаттық мемлекет кұруға күшін салуда. Хизбаның халифаттық мемлекеті калай түсіндіріледі. Ол елдерде үлттық айырмашылық болмайды, унитарлы, барлык азаматтары шариғатты негізгі заң есебіне үгіттейдіҮндеулер тарату жиһадтың формаларының бірі деп танылады. Үндеулерде байқалатын жиһадка шакыруларнактыландырылмайды. Осыған байланысты Хизб-ут-Тахрир біздің елімізде үндеулерін таратуда. 2006 жылы Алматыда Хизба-ут-Тахрир жасырын баспаханасынан 13000 үндеу және баска да экстремистік әдебиеттер алынды.

Көптеген экстремистердің айтуынша, казіргі кезде Хизб-ут-Тахрир тікелей өздері террористік жағдайға бармаса да, өздерінің идеологиялык үгіт-насихаттарымен ол партия террористерді шығарушы (жасаушы) «конвейер» десек те болады.

Олардың партиясының іс-әрекеттеріне көптеген мемлекеттерде (Ресей, Иран, Пакистан, Сауд Аравиясы, Иордания, Сирия, Германия, Канада, Өзбекстан, Таджикстан, Киргизия жэне баска елдерде) тыйым салынган.

8.2 Қазіргі кездегі күпия ілімдер

Көптеген ғасырлар бойы эзотерикалық (көрер көзге оғаш) «күдіретті» білімі кұпия сақталды да, тек кейбір ерекше түлғаларға ғана белгілі болды. Бірақ та ғылымның және философияның дамуына байланысты (XIX ғасырда) «кұдіретті» ілімінің тек көленкесін ғана көретін ежелгі ойшылдарға жаңа ғылымның жетістігі жарық сәуледей бағыт берді. Теософия элементтерін, оның идеяларын брахманизм, каббала, буддизм, неоплатонизм, гностицизм діндерінен алды. Теософия - Құдай даналығы ретінде, Құдай туралы жоғарғы ілім есебінде және Құдайдың істеген әрекеттерінің жасырын мағынасының барлығын, оны тек сезім, сергектену арқылы ғана білуге болатындығы туралы түсінген болатын ілім дейді. «Теософиялык қоғамның» негізін салушы Е.П.Блаватскаяның есімімен байланысты. Е.П.Блаватская еңбектерінде шығыс діндерінің «қүпия даналығын» ашьп, оны адамзатқа үсынды. «Күнәсі ашылған Изада» кітабында Е.П.Блаватская «нағыз теософия» бүл философиялык және діни жүйелердің ішкі кұпиясының мәні деген түйін жасады.

Келесі бір кұпия ілімдерге жататындар Антропософия (грек, адам және даналык). Бул теософия ілімінде адам туралы, оккультті-мистикалык ілім деп қарастырады. Оның негізгі түсінігі бойынша адам кұдіретті күш куаты, білімді өзінің ақылы мен сезімі арқылы емес, ол өзінің ішкі жасырын рухани күшінің аркасында алады. Ондай жасырын күштерге адам А.Р.Штайнердің көрсеткен жүйелік тәрбие, эстетикалык білім, медитацияны игергенде игі бола алады. Антропософияның негізін неміс оккультисі Р.Штейнер (1861-1925) бірінші дүниежүзілік соғыстың карсаңында қалады (1913).

Астрология ілімінен Астральді культер(грек.Жұлдыз) пайда болды. Оның ерекшелігі атүрлі магиялык іс-әрекеттер жасайды. Ондай магиялык ритуалдар барлық халыктарга тән болды. Көптеген мемлекеттерде (Вавилон, Египет, Үнді) Храмдармен бірге обсерваториялар тұрғызған. Олардың арқасында әртүрлі планеталарға Құдайдың аттарын беріп: Сим-ай, Шаман - Күн, Мардук - Юпитер, Иштар - Венера, Нергал - Марс, Набу - Меркурий жэне Нинурту - Сатурн деп атады. Астральдық культтің арқасында вавилондык дінде эр түрлі бал ашу, тағдырды болжау деген вавилондық (халдейстік) данышпандар шықты.

Сонымен қатар планеталык жүлдыздар культері, жануарлар культері де шығады. Ғарыштық процесте жұлдыздар жануарлардың атымен аталуы аркасында зодиак таңбалык аңыздаршығады. Зодиак Күннін жүрісін көрсетіп, 12 айдың басы болған жүлдыздардың ортақ аттарына әрбір белгі беріп немесе әрбір жануарлардың аттарын беріп, сол аркылы адамның туған жылының айы аркылы жануардың туған күніне атын береді де, сол арқылы сол адамның тағдырын болжауга кіріседі. Осының аркасында гороскоптық (жүлдыз жорамал) түсініктер шығады. Гороскоп (грек, -уакытка қараймын) - жүлдыздар мен планетаның катыстыгы уағымен таблица жасалады. Сол кесте аркылы әрбір адамның туған күніне байланысты оның тагдырын жориды...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет