Дінтану пәнінің құрылымы мен мазмұны Дін – қоғамдық құбылыс. Дін әрбір адамға таныс сөз (латынша religio – байланыс деген мағынаны білдіреді). «Дін дегеніміз не?»



бет1/3
Дата08.02.2024
өлшемі15.78 Kb.
#491353
  1   2   3
Дінтану пәнінің құрылымы мен мазмұны


Дінтану пәнінің құрылымы мен мазмұны 
Дін – қоғамдық құбылыс. Дін әрбір адамға таныс сөз (латынша religio – байланыс деген мағынаны білдіреді). «Дін дегеніміз не?» деген сұрақ көп уақыттан бері адамдардың арасында үлкен пікір таласын туғызып келеді. Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр. Діни тұжырым барлық діни-теологиялық және діни-философиялық әдебиеттерде қарастырылған.Оның негізгі идеясы - дүние құдірет күшінен туындайды , ол түрліше: «құдай», «жаратушы», «абсолют», «әлемдік рух», «абсолюттік идея», «трансценденттік» деп аталды. Мұндай көзқарас теологтар мен объективті идеалистерге тән. Көптеген теологтардың пікірінше , дін адаммен қатар пайда болған. Библияда құдай Адам мен Еваны жаратты , кейін олар құдайға құлшылық ете бастады , келесі ұрпақ та осыны қайталады деп уағыздалады . Ал маркстік тұжырым оны әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, сол себепті діннің пайда болып, оның ары қарай дамуына жағдай жасайтын қоғамдық қатынастарды зерттеп, нақтылы тарихи жағдайларды есепке алу қажет . Дінді шын мәнінде ұғыну үшін, марксизм діннің шығу «көзін» адамдарға діннің қажеттілігін туғызған қоғамдық жағдайлардан іздейді.
Тарихта бұрынғы замандарда болған, бірақ түрлі тарихи жағдайларға байланысты қазіргі уақытқа дейін жетпей жойылып кеткен діндерді ғылымда тарихи діндер деп атайды.
Діндер сонымен қатар табыну объектісінің санына қарай монотеистік діндер және политеистік діндердеп бөлінеді. Монотеистік діндер деп жалғыз ғана құдайға табынатын діндерді атайды. Ал политеистік діндер деп көп құдайларға табынатын діндерді атайды. Дінтану ғылымы діндерді даму кезеңдерінің ерекшеліктері мен мәніне қарай мынадай типтерге бөледі
Қазіргі кезде қоғамдық өмірде демократияландыру саясатына сәйкес дінге, діндарларға, діни ұйымдарға байланысты бұрын жіберілген ағаттықтар түзетіліп, дінге қатысты зайырлы мемлекетке сай толеранттылық, дінаралық келісім саясаты жүргізіліп отыр. Дегенмен де соңғы кездері еліміздегі дін саласындағы еркіндікті пайдаланып, қоғамымыздағы тыныштық пен тұрақтылықты бұзуға бағытталған іріткілік іс-әрекеттерге барып отырған түрлі діни-радикалдық топтар мен діни-әкстремистік ұйымдар да баршылық. Сол себепті де студент жастардың теріс пиғылдағы діни ағымдардың ықпалына беріліп кетпеуі үшін олардың дін туралы түсініктері мен сауаттылығын арттыру мақсатында дінтану пәнін оқыту маңызды міндетке айналып отыр.
1. Алғашқы қауымдық діндер.
2.Ұлттық діндер.
3. Дүниежүзілік немесе әлемдік діндер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет