Діннің басты белгісі
Дін қоғам өмірінде маңызды әлеуметтік роль атқарады және ол сипаты жағынан алуан түрлі болып келеді. Дін адамдар қауымдастығы мен жеке адамның әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін өзіне тән ерекше рухани формада және сенім ұялату жолымен қанағаттандырады. Адам мен қоғамның қажеттіліктерін осылайша қанағаттандыру тәсілдерін діннің атқаратын қызметтері (функциялары) деп атайды. Олардың мазмұны мен сипаты әрқилы. Діннің атқаратын негізгі қызметтері мыналар: 1.жұбату қызметі; 2.дүниетанымдық қызметі; 3.біріктіру (топтастыру) қызметі; 4.реттеушілік қызметі.Жаратылыстан тыс күшке, құдіретке наным . «Құдірет» діндарлар мен діни ғұламалардың пікірінше ешқандай материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды, ол объективті өмір сүреді. Ғылым теологиялық көзқарасқа қарсы құдірет объективті түрде өмір сүрмейді деп, оны адам санасының құбылысы, белгілі бір бейне , идея, ұғым деп қарастырады. Дін - күрделі құрылым, ол мынадай құрамдас бөліктерден (әлементтерден)тұрады: 1)діни түсініктер; 2)діни іс-әрекеттер, яғни табыну, сиыну жоралары (ғибадат); 3)діни сезімдер, көңіл-күйлер; 4)діни ұйымдар.
Ғылыми көзқарас бойынша, дін философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығы.ін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдениетке ұксап, адам мәселесін, адамды тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |