Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»



бет3/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
досжанова асел диплом

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында «Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуметі алдағы уақытта да мұқият сақталып дамытыла береді» деген [1]. Осыған байланысты рухани дамуды қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі білім беру жүйесі Қазақстан халқының тарихи өткені мен бүгінгі өміріндегі бүкіл мәдени байлықты пайдалануды ұйымдастырып, ұлттық тарихи бірлікті нығайтуға өз үлесін қосуда. Қазіргі уақытта баспасөз бетінде ұлттық идея мәселенің кеңінен талқыланып, соңғы пікірлердің айтылуы да кездейсоқ емес.

Ұлттық идея Қазақстанның өркениеттік дамуының себепшісі екеніне күн сайын көзіміз жетуде. Қазақстанның болашағы осында тұратын ұлттар мен ұлыстардың көркеюіне тікелей байланысты болмақ.

Қазіргі өзара байланысты және өзара тәуелді дүниеде ізгілік, тұлғаға бағыттылық, халықтық педагогиканы, этнопедагогиканы және ғылыми педагогиканы кірістіру ұстанымдарына негізделген жоғары тиімділіктегі білім беру жүйесін жасау міндетін иелену қажет.

Халық мұраларына жүгіну қазіргі уақыттың өзекті тақырыбы және оның тек педагогикалық емес, сонымен қатар философиялық, әлеуметтік, психологиялық және басқа да аспектілерін оқытуды талап етеді. Халық дәстүрінің жаңғыруына жоғары мектепте студентерге этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы педагогикалық пәндерді оқытуда қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану әдістемесі [2], Қазақ этнопедагогикасын мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне ендіру тұжырымдамасы себепші болды. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары осы бағытта нақты қадамдар жасалды: білім беруді дамыту тұжырымдамасы және мектептік бағдарлама жасалды, оқыту мазмұнын этнопедагогикаландыру іске асырылды, жаңа оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар жасалып, жаңа оқу пәндері енгізілді, оқу мекемелерінің көп түрлі моделдері пайда бодды, ЖОО-да оқытудың кредиттік жүйесі енгізілуде. Мектепте пайдаланылатын білім беру технологиялары ұлғаюда. Көптеген педагогикалық ұжымдар тілді сақтау, бірнеше тілдерді меңгеру, жас ұрпақты өзінің халқының материалдық және рухани мәдениетіне, олардың дәстүріне үйрету және ұлттық сана сезімін қалыптастыру бойынша инновациялық жұмыстарға араласуда.

Білім беру жүйесін ұлттық құндылықтар негізінде құру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талаптарының бірі. Сондықтан, мектептің, орта және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды ендіруімен қатар этнопедагогиканың озық дәстүрлерін кіріктіру өте маңызды. Сол себепте, соңғы кездері ғылыми айналымға «этнопедагогикаландыру» ұғымы енді, оның мәні оқу-тәрбие үрдісіне этнопедагогикалық негізде құру.

Осы мәселелердің шешімі мектептегі оқыту мен тәрбие жүйесінің барлығын жаңартуды талап етеді. «Оқу-тәрбие үрдісін теориялық мәселелері» тақырыбындағы диплом жұмысын құрылымдау үшін С.А.Ұзақбаеваның, К.Ж.Қожахметованың, Р.К.Дүйсенбінованың, Т.А.Қоңыратбаеваның., А.Ашайдың., Б.Мұқанованың Ш.И.Джанзакованың және т.б. ғалымдардың оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландыру бойынша жазған ғылыми еңбектерінің маңызы өте зор.

- Зерттеу нысанасы: Оқу-тәрбие үрдісі.

- Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие үрдісін этнопедагогикаландырудың теориясы және құрылымы.

- Зерттеу мақсаты қазіргі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық құндылықтарды ендіру арқылы табиғи этнопедагогикалық кеңістік қалыптастыру.

- Зерттеу міндеттері



  • Этнопедагогикаландыру үрдісін теориялық сипаттау;

  • Білім беру мазмұнына этнопедагогика материалдарын енгізу жолдарын анықтау;

  • Этностық дидиактиканың мәнін, құрылымын және мазмұнын айқындау;

  • Этностық тәрбиенің мәнін, құрылымын, мазмұнын айқындау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет