Диплом бітіру жұмысы тақырыбы : «Оқу-тәрбие үдерісін этнопедагогикаландыру жолдары»


І-тарау. Этнопедагогикалық мәдениетті қалыптастырудың



бет22/22
Дата03.01.2022
өлшемі348.5 Kb.
#450852
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
досжанова асел диплом

І-тарау. Этнопедагогикалық мәдениетті қалыптастырудың


теориялық негіздері.
Болашақ педагогтардың этнопедагогикалық мәдениетінің қалыптастырудың ғылыми негіздерін дайындау мәселесінің теориялық астарын қарауды талап етеді.

1.1.Психологиялық-педагогикалық әдебиетте «этнос», «этномәдениет», «этнопедагогика» категорияларын зерттеу.


Ғұлама ойшылдар еңбегінің нәтижесінде қоршаған әлемдегі адамның орнын айқыштау бағытында маңызды қадамдар жасалған болаты. Табиғаттағы адамның орнын қайта бағалау Н.Каперниктің (адамды ғарыштың қалаулысы деп ойлаушы), Ч.Дарвиннің (адамды биологияның қалаулысы деп ойлаушы), Н.Винердің (адамды тек қана ақпаратты өңдеу мен басқаруда көрінеді деп ойлаушы), В.Н.Вернадскийдің (адамның ешқандай да «материя өзгерісінің тәжі» емес екенін, оның шексіз өзгерісінің тізбесіндегі буын ғана деп көрсетуші) аттарымен байланысты. Этностың өкілі ретінде, оның мәдениетіне қатысы бар ретінде адаммен этнология, яғни этнос, халықты зерттейтін ғылым айналысады.

Этнолтгия, -деп сендіреді Л.Н.Гумилев* (46), -өмірге жаңа ғана келген ғылым. Оған деген қажеттілік ХХ ғасырдың екінші жартысында туындады. Сол кезде белгілі болғандай, жинақталған көлемді нақты материал, байқаулар, әртүрлі жазбалар жаңа сапаоық деңгейді («мағынасыз» коллекцияға айналу үшін) -өз теориясын ой елегінен өткізуді қажетсінді. Өзінің зерттейтін тақырыбын этнология этникалық ұжымдардың мінез-құлқы, тәртібі деп есептейді. Бір қарағаннан тақырыпты кеңінен анықтауға мүмкін болғанына қарамастан, оның өзінен анық байқалғандай, этнологияны ғылым ретінде ең алдымен этностардың тіршілік ету ғажаптылығы (өмірге келуі мен тіршілік етуі), соның ішінде олардың өздерін ой елегінен өткізді (этникалық санасы), олар мәдени ортада қалай дамиды және олардың оны қалай жасайтындығы (этнопедагогика) қызықтырады. Этнопсихология (халықтың педагогика) –ХХ ғасырдың қолтумасы, олардың пайда болуы әбден заңды, өйткені адамзаттың әлеуметтік дамуы жақсы зердеоенген (немесе жеткілікті), ал халықтар (этностар) туралы мәселе-ашық қалып тұр. Сонымен бірге жер бетіндегі бір де бір адам этностан тыс тұрған жоқ, әрбір адам өзінің этносқа қатыстылығын сезеді (және оны біледі), яғни этникалық сана (этникалық ұқсастық, этникалық «қтаынастылық») дегеніміз объективтік және ғажап құбылыс, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап сияқты.

Этнос дегеніміз -бұл жалпы бет-бейнеге және тұрақты мәдени ерекшеліктерге ие (тілді қоса алғанда), психологиялық қисындылықтағы, сондай-ақ өзінің бірлігін және басқа да осындай құрылымдардан айырмашылығын сезетін, белгілі аумақта тарихи қалыптасқан адамдардың орнықты жиынтығы», -деп анықтама береді «Социология жөніндегі қысқаша сөздікте» (М.,1988.-461-б.). Адамның этникалық немесе ұлттық қатыстылығы, белгілі болғандай, ең алдымен тіл арқылы белгіленеді, өйткені әр ұлт тілді өзінің туған ана тілі және өзінің ұлттық мәдениеті деп есептейді.

Ресейде этнос-мезофактор, өйткені тіпті көпшілік этностар, өздерінің меншікті мемлекеттілігі болса да (автономиялық республикалар) басқа этностардың өздеріне деген әсерін сезбей тұра алмайды және оларға тән қасиеттер мен белгілерді өздерінің тіршіліктегі іс-қимылында қайталамай тұра алмайды. (А.В.Мудрин).

«Әрбір этностың өзіндік ерекшілігі бар, олардың жиынтығы оның ұлттық мінез-құлқын, сипатын немесе психологиялық құрылымын құрайды, олар ұлттық мәдениетте көрініс табады. Этнопсихологтар, мысалы, мынадай өзгешеліктерді адамдардың мінез-құлқынан және еңбек дәстүрінен, тұрмыс ерекшеліктерінен, отбасылық қарым-қатынас, басқа адамдармен қарым-қатынас, жақсылық пен жамандық туралы, әдемілік пен ажарсыздық түсініктерінен бөліп көрсетеді.

Этнокалық ерекшеліктер жеке адамды емес, ғасырлар бойы, тіпті мың жылдықтар бойы табиғи-географиялық ортаның, экономикалық, әлеуметтік, діни және басқа да этнос өмір сүретін жағдайдың әсерінен қалыптасатын көптеген топтар-ұлттарды сипаттайтынын ескерген жөн.

Этникалық ерекшешіліктер үйреншікті, қарапайым сана деңгейінде көрініс табатыны кәдімгідей айқын. Мысалы, жеке адамды бойындағы қасиет ретінде дәлік, ұқыптылық немістерге тән деп, жоғары бағаланады, ал испандар арасында бұл қасиет аса көп маңызға ие емес, Латын Америкасы тұрғындары үшін –одан да аз маңызды.

Этностың жас ұрпақты әлеуметтендіру, ортаға бейімдеу факторы ретіндегі маңызы зор, сондықтан ондай ерекшеліктерді елемеуге болмайды (оған шексіз маңыз беруге де негіз жоқ). Тәрбиені салыстырмалы зерделеу кезінде (Б.М.Бим-Бад, Б.Л.Вульфсон, Е.Н.Кузьмина, В.Л.Лапчинская, З.А.Малькова, М.Мид, М.А.Родионов, М.А.Соколова, С.А.Тангян, А.Е.Ширинская және басқалары) әртүрлі мәдениеттің бәрінде де әр баланың жынысына қарамастан бір тектес, бір бағытта тәрбие беруге талпыныс болғаны белгілі болды. Балалар бойында негізінен өз бетімен жұмыс істеуге және табысқа ұмтылуға тәрбиелеуге көңіл бөлінсе, қыз балалар бойында міндетін сезінуге, қамқорлық жасау және сөзсіз бағыну қабылетіне баулуға назар аударылған. Тәрбиелеу үлгісі өзгеше қоғам жоқ, тәрбиелеу үлгісі өзгеше қоғамда ерлер мен әйелдер өздерін өзгеше ұстайды. Қандай да халық болмасын өз баларын еңбексүйгіш, батыл, адал етіп тәрбиелеуге талпынады. Негізгі айырмашылық бұл міндеттердің қай тұрғыда шешімін табуында. Жас ұрпақты мамандандыруға этностың рухани ақыл-ойы-ментальдық ерекшіліктері зор әсер етеді. Бұл қасиетті бірсыпыра ғалымдар менталитет ретінде көрсетеді және қандай бір халық болмасын, олар ерекше әлеуметтік-мәдени өмір жағдайында қалыптасады деп түйіндейді.

Ерекше құрылым ретінде қазіргі заманғы ғылымда этносты зерттеу (әлеуметтік психология, этнопсихология, мәдениеттану, мәдениет социология) тілді, дәстүрлерді және барлық мәдениетті толық алып зерттегенде, шаруашылық қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін аша отырып сана-сезімде нақты іске асырылады.

Белгілі мәдениет дәстүрлері мен нормаларын материалдық тұрғыдан сақтаушы ретінде этнос адамдарды ерекше құбылыс, дербестік ретінде оның өмірге келуін қамтамасыз етумен бірге, саналдан адамзаттың мәдениет өкілдігінің әртүрлі компонент (сыңары) басты назарына ілігуде.

Этнопедагогика (халықтық педагогика) күш жинақтап келеді. Педагогика –жанды адаммен жұмыс істейтін, оның ішкі құрылысына, оның дамуы үшін рухани әлеміне, қажеттілігіне, тұтынуына, көңіл-күйіне (эмоциясына), қабілетіне әсер ету тұрғысынан алғанда (әсіресе оның тәжірибелік бөлігі –кәсіби қызметінде) –бірден-бір жалғыз ғылым. Сондықтан педагогтар мен оқушылардың барлық қарым-қатынас жүйелерін, оқытудың пәндік саласын, оқыту-тәрбиелеу процесі технологиясын іріктеуді құруда бірте-бірте ең үлкен деңгейде педагогикалық жағдаяттың полиэтникалық жағдайында тепе-тең, жазалаушы емес, гуманистік парадигмалар қарым-қатынасы үшін оқыту процесі субъектілеріне этнопсихологиялық сипаттамалар қажет бола бастады. Бұл жерде де педагог үшін этносты білу, болашақ оқытушыны психологиялық, педагогикалық, кәсіби (нақты іс-қимыл деңгейінде) дайындау қажет бола бастады.

Этностың анықтамасы туралы сұраққа нақты жауап жоқ. Бұл арада екі көзқарасты бөліп көрсетуге болады: этностар дегеніміз –бұл адамдардың тарихи қалыптасқан топтары (Ю.В.Бромлей(26); этностар дегеніміз-бұл биологиялық өсіп-өну (популяция) (Л.Н.Гумилев(38). Шындық, мүмкін, осы көзқарастарды топтастыру, жинақтауда тұрған болар. Тағы да мынадай анықтамаларды келтіріп көрелік:

Этнос дегеніміз шығу тегінің бірлігімен айқындалатын құбылыс;

Этнос –жалпы тіл негізінде мәдениеттің тууы; +этнос –бір-біріне ұқсас адамдар тобы; +этнос –адамдарды қандай бір болмасын формацияға қатысты жинақтап қорытатын швртты түрдегі жіқтеме (сыныптама);

Этнос –табиғат туындысы;

Этнос –Гумилевтің ойы бойынша*, биосфера мен әлеуметтік саланы білуде жатқан құбылыс;

Этнос -өзінің тарихи, сондай-ақ, даму заңдылығы бар құбылыс, демек этногенез**.

Энтопсихологиялық әдебиетті жинақтап қорыту «халық психологиясы» өзінің анықтамасына адамдардың ерекше бет-бейнесін, олардың мінез-құлқын, сана-сезімін, сезімдүниесін, дағдысын және т.б. енгізеді деп сендіруге, түйіндеуге мүмкіндік береді. Халықтың психологиясы өзінің жарқын көрінісін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан байқатады***.

Халықтың мінез-құлқы осы халықтың көпшілік өкілдеріне тән неғұрлым орнықты мінез-құлық пен психологиясының құрлымдалған бірлігін білдіреді. Мінез-құлық жеке және рухани тәртіптің ерекше көрінісінде, көңіл-күйде, әлемді ортаны қабылдауында және әлемді игеру тәсілінде, тіршіліктің дәстүрлі нормаларын, өзара қарым-қатынасты және қатынас жасауды сақтауда білінеді.

Сөйтіп, адам өміріне және оның ұрпағының мирасқорлығына әсер ететін тарихи, әлеуметтік-мәдени және биологиялық факиорларының бірлігіне айналады.

Этностың өзін-өзі ой елегінен өткізу орталығы –оның мәдениеті, өмірдің басқа қырларына қарағанда (экономика, саясат) тек қана мәдениетте көп мөлшерде білінеді. Оны Н.Бердяев** халық рухы деп атаған болатын. Халықтың мінезі оның психологиялық құрылымының негізін құрайды.

Өз тарихының, мәдениетінің, дәстүрінің, әдет-ғұрыпының игеру нәтижесі бола отырып, халықтың сана сезімі өзінің бір этникалық бірлікке жататынын түсінетіндігін білдіреді***. Халықтың сана сезімі-белгілі және орнықты бірлік ретінде өзін-өзі жинақтап қорытушы бейне.

Бұл бейне мыналарды біріктіреді:



Өз халқының өкілдерінің сыртқы

бейнесі табиғи-биологиялық қасиеттері

туралы түсініктерді.





Халықтың өзін белгілі бір қасиеттің,

әдет-ғұрыптың, дәстүрдің, талғамның,

мінез-құлық үлгісі, табиғатқа қатынас жасаудың, сыртқы сезім білдіру және

т.б. иесі, бойына жинақтаушы деп

сезінеді.





Халықтың саяси уақиғаларды, басқа халықтармен қатынасты, олардың және өзінің қоғамдық құрылымын бағалауды.

Халықтың сана-сезіміне пікірлер, заңдар, таптаурындар (стеориотиптер), құндылық бағдарламалары, өзін-өзі бағалаулар мен басқа халықтар бағалаулары енгізілген. Халықтың сана-сезімінде өзінің бірлігінің ортақ бет-бейнесі туралы түсінікті, халықтың өткен тарихы туралы мақсатын білдіру ретіндегі оның қасиетін, аумақтың бірлігі туралы (туған жерге), өз халқының материалдық және рухани құндылықтарына қатынасы туралы түсінікті ұқсастыруды бөліп көрсетеді. Мінезде және сана-сезімде әртүрлі нанымдар, басқа халықтардың әдет-ғұрыптарына, тілегіне, мінезіне, киіміне, олар ән-биіне, терісінің түсіне деген ұнатпаушылық, жек көрушілік орын алуы мүмкін.

Халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері –бұл бір ұрпақтан келесісіне беріліп отыратын адам мінез-құқының нормалары мен ережелері. Олардың жалпы атқаратын міндеті –адамдар арасындағы қатынастарды тұрақтандыру және еске түсіру құралы болу, олардың өмірін қорғау мен сақтау.

Әдет-ғұрыптар дәстүрден нақты жағдайлардағы іс-қимылды бөлшектеп, мүшелеп ұсыну арқылы ерекшеленеді. Олар кез-келген жағдайдағы мінезқұлық үлгісін беріп отырады. Олар мінез-құлық үлгісін мәдениетті таратушы тнтік, ұрпақтар жалғастылығының тетігі бола отырып табыстап отырады. Әдет-ғұрыптың неғұрлым тиімді жағы оның салттық нысаны болып табылады. Әдет-ғұрып адам өміріндегі айтулы сәттермен байланысты. Мысалы, баланың тууымен, алғашқы мектепке барумен, некелесумен, көктемнің келуімен және т.б. байланысты рәсімдер. Әдет-ғұрыпты құрайтын сыртқы іс-қимылға, әрекетке деген сезімдерді және ойларды іске асыру барысында жалпы маңыздылықтағы құбылыстар, шындыққа деген қатынастар қалыптасады және дамиды. Мондықтан ол дінді, діни сезімдер мен көзқарастарды қалыптастыру үшін пайдалануы кездейсоқ емес.

Дәстүрлердің арқасында қатынас жасау, өзара қарым-қатынас, мәдениет, тіршілікті қамтамасыз ету тәжірбесінберу жүреді. Дәстүрлер адамдарды іске жұмылдырады, халықтың немесе жұрттың ынтымақтасуына жәрдемдеседі, өнегелілік-этникалық сабақтастықты қамтамасыз етеді. Мысалы, орыс православие отбасы дәстүрлі гуманистік идеалдар мен жалпы адамзаттық құныдылқтарды қорғады. Орыс адамы үшін отбасы әрқашан да оның өнегелі және шаруашылық қызметінің тоғсар жері, тек қана мемлекеттіліктің ғана емес, бейбіт тіршіліктің мәні болды. Жанұясыз адам, орыс адамдарының түсінігі бойынша, тағдыр мен құдай іренжіткендер болып табылады. Ертедегі Орыс елінде көпшіліктің ықылас-құрметіне көп балалы отбасы бөленген*. Бір қынжыларлығы, ондай дәстүрлер қазіргі таңда өз маңызы мен өміршеңдігін жойған.

Ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге деген адалдық –бұл өз халқының тарихына деген қатынас, өткен ұрпақтар тәжірибесіне деген құрмет көрсету сезімі.

Осы және әдет-ғұрыптартар мен дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік беретін белгілі білімдер, дағдылар мен әдеттер оларға жаңа бір нәрсе енгізетін сияқты.

Ғылыми әдебиетке халық психологиясына негізделген этносты құрайтын факторлар оның экономикалық, тарихи дамуы, географиялық ортасы, аумақ, мәдениет және тіл бірлігі болып табылады.

Халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктері бірін-бірі алмастыратын ұрпақтардың еңбек және қоғамдық қызметі негізінде қалыптасады.

Тарихи даму барысында халықтың материалдық рухани өмірі мен мәдениетінің орнықты бет-бейнесіқұралады, оның сана-сезімі, мінезі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері қалыптасады. Халықтың қалыптасуына адамдар тобы кіретін діни бірлігі, сондай-ақ нәсілдік тұрғыдан олардың жақындығы да жиі ықпал етеді. Қалыптасқан халық этникалық бірыңғай образдарды және жаңа ұрпаққа тілді, мәдениетті, дәстүрлі, әдет-ғұрыптарды, ұлттық бағдарларды табыстау жолымен өздігінен өсіп-өнетін әлеметтік ағза (организм) ретінде іс-қимыл жасайды. Этникалық бірліктердің тарихи дамуындағы белгілі бөлектенуі мен ерекшеленуі халықтар арасында кейбір өзгешеліктер тұғызады (Дьяченко М.И.).

Сонымен бірге ұлттық типті (түрді), ұлттық мінезді, ұлттық жекелікті анықтауда өте қиындықтар бар деп айтатын Н.Бердяевпен де келіспеуге болмайды (оның «Душа России», «Судьба России», «Русская идея» деп аталатын еңбектерінде айтылған). Бұл арада бүркемелі ғылыми анықтама беру мүмкін емес. Кез-келген жеке адамның құпиясы тек қана сүйіспеншілік арқылы білінеді, танылады және оның ішінде әр уақытта аяғына дейін, ақырғы тереңдікке дейін қол жетпейтін бір нәрсе бар.

Этностар белгілі бөлектенуіне, даралануына қарамастан оқшауланып, бір-бірімен байланыс жасамай тұра алмайды, -бұл болмай қоймайтын, қашып құтыла алмайтын кез-келген этностың тағдыры, басқаша айтқанда ол даму жолымен өрістей алмайды. Этникалық бірліктер басқа мәдениет элементтерін қабылдауға, этностың мәдени өрістерін тереңдететін жаңа жалпыдәстүрлерді, мәдениет жетістіктерін өз бойына сіңіруге қабілеттіекенін зерттеулер көрсетіп отыр. Мұның педагогикалық тұрғыда біз үшін ең аз дегенде үш негзідер бойынша маңызды мәні бар:

Этномәдени тәрбие, оның мәні, мазмұны – мәдениет – тегі тұрмыс, әдет-ғұрыптармен, әртүрлі ұлттар дәстүрлерімен танысу, бұлар біздің салада ерекше көкейкесті мәселелер;


  • Мұндай жұмысты жүргізу мүмкіндігі ешқандай күмәнкелтірмейді, өйткені олар әртүрлі ұлт өкілдерінің мұғалімдер арасында болсын, оқушылар арасында болсын қатысуымен қамтамасыз етілуі мүмкін. Іс жүзінде мектептерде Ұлттар Күнін, Аптасын және т.б. өткізу сияқты мұндай жұмыстар пайдаланылмайды. Бұл жерде де тәрбиенің үлкен резервтері бар.

Этникалық меншіктілікте болу, яғни белгілі бір этностық құрамда болудың өз бетіндік көріністері-саналуан. Кәйбір адамдар өзінің этникалық ұқсастығын жоғалтады, басқалары –маргиналдар (көшірмелер) болып алады, үшіншілері –мәдениетаралық өзара қарым-қатынастың жоғары басқышына көтеріледі, өз өмірін біліммен, басқа мәдениетті танумен байытады, бұл ретте өз халқымен оңды (жағымды) және орнықты ұқсастығын, бірдейлігін жоғалтпайды.

Тұтас алғанда жеке адамның этникалық сана-сезімі халық сана сезімінің тұп-тура бейнесі болып табылмайды. Жеке адамның этникалық ерекшеліктерінің дамуына оның өзінің жеке өмір жолы, өмір жағдайы, өмірбаяны, өмір түйсігі айтарлықтай әсер етеді*(51). Әрбір тұлға –ол бір оқтауландырылған, өзімен-өзі, тұйық, қоғамнан, халықтан, тәрбиеден тәуелсіз тұлға емес, олармен қызметтес, жеке этникалық сана-сезімде елеулі із қалдыратын жеке адам.



Өзбек дегеніміз өзін өзбек сияқты ұстайтын адам деп жазады Л.Гумилев. Сондай-ақ қазақ та, грузин де, орыс та солай. Бұған әдейі үйренуге болмайды, бәрі де бала кезден «бойға сіңеді» және де оның ата-тегі ештеме емес, егер бала әкесі мен анасын білмейтін болса, бұл оның қандай да болмасын халықтың өкілі болуына кедергі келтірмейді. Пушкин анасы жағынан эфиоптардан шыққан, бірақ бұл оның орыс болуына кедергі келтірген емес** (47).

Жалпы және жеке өмір жағдайы мен қызметі, халық мәдениетін үйрену әсерінен жеке адам бойында жалпы адамдық және этникалық ерекшеліктер қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет