Диплом жұмысы Бастауыш мектепте зат есімді оқыту



бет2/5
Дата27.06.2016
өлшемі402.5 Kb.
#162070
түріДиплом
1   2   3   4   5

10

Дәріс 5%


Оқу 10%

Көрнекі және аудио материалдар 20%

Көрсету 30%

Пікірталас тобындағы жұмыс 5 0%

Іс-қимыл арқылы оқу 75%

Басқаларды үйрету 90%

Ғалымдардың көрсетуі бойынша сабақты тек мұғалімнің өзі ғана жүргізіп, оқушылар мен мұғалім арасында, іс-әрекет тек бір жақты болған жағдайда бүкіл сабақты игеру мүмінкіндіктері 50%-ке жетпейтіндігін көрсетті. Мүндай сабақтарды оқушылардың іс-әрекеті төмен, тек дәріс, оқу, көру ғана болғандықтар сабақтан тез жалығады, қызығушылығы төмендейді. Егер сабақты мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас "таратқыш-қабылдағыш" түрінде емес, "мұғалім-оқушы" немесе "тұлға-тұлға" түрінде өткен жағдайларда оқушы білімді тезірек және сапалы түрде сіңіре алады. Мүндай сабақтарда оқушылардың іс-әрекеті жоғары, бір-бірімен сөйлесу, сабақты ойын түрде өткізіп бүкіл білімін 75%-тйін өзіне сіңіре алатындығын сызбадан көрінеді.

Балалардың оқуына түрткі болған жағдайларды психолог ғалымдар екіге бөледі.

1- сыртқы түрткілер болса, 2- ішкі түрткілер. Бірақ бұл түрткілердің арасында белгілі бір шекара. жоқ, сыртқы түрткі ішкі түрткіге, керісінше ішкі түрткі сыртқы түрткіге оңай өте алады. Бастауыш сынып оқушыларына мұғалімнің сөйлеген сөзі, жүріс-түрысы, қимыл іс-әрекеттерінің барлығы баланың ішкі түрткісінің оянуына себеп болады. Бастауыш сынып оқушыларына тағы бір тән кдсиет - мұғалім сөзіне имандай сену айтқанын бұлжыппай орындай мұғалімді "ата-аналар" қатарына қосу. Міне сондықтан, мұғалімнің істеген іс-қимылдары, айтқан ақылдары, оқушылардың оқуға деген ішкі түрткісіне айналады. Ал сыртқы түрткісіне оқитын сыныптастары, түрлі әдістемелік қүралдар, көрнектеліктер т.б. жатады. Егер сыртқы түрткілер оқушылардың бойында психологиялық және физиологиялық белсенделегін арттырған жағдайда балалар бойында ішкі түрткі іске асады. Балалардың сабақта бір орында тыныш отырып, сабақ тындауы, сабаққа қатысуы төмен болса оқуды жөнді игере алмайды.

Сабақ неғұрлым қызықты жан-жақты ойын түрде өтілетін болса, оқушылардың білімді игеруі де соғүрлым жақсара бермек. Бастауыш сынып оқушыларына сабақты ойнап отырып қабылдайды, ойнай отырып оқйды. Мүндай сабақтарда мұғалім де ойынға қатысушы мүшелерінің біріне айналуға тиіс.

Н.А.Байбуртян, И.А.Геодекян, т.б. ғалымдар ойын сабақтардың балалрға тигізетін ұғымды тұстарын атап өткен, сондықтан, біз ойын —

11

сабақтарға терең тоқталмай, тек оқушыларға іс-әрекеттің қаншалықты пайдалы екенін атап көрсетті.

Білімді игерудің ең жоғары түрі балалардың біріне-бірі сабақ өтуі, түсіндіруі болып табылады.. Мұндай қос оқушышынң сабақтарында мұғалім оқушыға ертеңгі тапсырманы түсіндіріп, үйде оқып, дайындалып келуін тапсырады. Дайындалып келген оқушы өзінің білгенін жанындағы оқушыға түсіндіреді. Мүндай тәсіл екінші тілді оқытқан кезде ғана тиімді болып есептелінеді.

Бастауыш сынып оқушыларына зат есімді оқыту барысында сабақты ойын — сабақ түрінде, этнопедагогикамен байланыстыра өтуді жөн көрдік. Осындай жағдайда оқушыларға мынадай білімді, біліктілікті:

а) Өз ойларын мазмұнды грамматикалық тұрғыдан сауатты


стильдік жағынан жатық, дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдылары
мен икемділіктерін қалыптастыру;

э) Оқушылардың сөздік қорын молайтудың, өз мағыналарын дұрыс үғынып, сөздерді орынды жүмсай білу дағдысын қалыптастыру;

б) Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем және сөйлеу
үлгілерін негіз ете отырып сөйлемді дұрыс қүруды үйрету;

в) Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мақа-мэтел, жұмбақ-


жанылтпаштар және қазақ халықның көрнекті ақын жазушыларының
шығармаларын ребустар мен сөзжұмбақты, гараматтикалық
тапсырмалар талабына сай іріктеп алып оқушылардың бойына сіңдіру;

д) Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту;

Секілді т.б. қасеиттерді үйрете алатынымызды көрдік.

2. Бастауыш сыныптарды грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі.

Баланың сөздік қорында сөздердің барлығы сөйлеу процессінде қолданысқа түсіп, бір-бірімен байланыста болады. Психолог А.Н.Гвоздев балының сөйлем, сөздерді тіркестіре айта бастауы 1,10 ай — 2 жасында пайда болып кейінірек дами түсетіндігін көрсетеді. "Ребенок еще не обучавщися родному языку, практический полностью владеет гарммматическим формами: дети никогда не делает ошибок, "лампа стояла над столом", то есть своейречевой практике слогают, спергают и согласуют слова. Овледевает этими речевыми операциями ребенок в процессе "фактического приспособление своей речевой деятельности к тем языковым условым, в которых она протекает, т.б. в процессе "прилаживания", "подражания", - деп мектепке келген баланың тілдік бүкіл гармматикалық заңдылықтармен білетіндігін көрсетеді.

Бала алғаш сөйлем қүрап сөйлеген кезінен бастап — ақ, түбірлер мен қосымшаларды дұрыс жалғап, қолдана алады. Бала тілі зерттеген Д.Н. Шмилев, Қ.Молдабеков, К.Р.Львов т.б. секілді ғалымдар бала



12

гармматикалық заңдылықтары дұрыс қолдана алтындығын көрсетеді. Д.Н.Шмилев "Препринятое послендие годястатистические исследование функционально стилистического расспределения грамматических форм слов, содерит интересные данные, но они в основном ориентированя на формы слов но не их значение, между тем как возможности "перенсоного" употребление грамматических форм как раз и различны в разных типах речи", - деп бала өзінің сөйлеу тілін гармматикалық формаларды дұрыс қолдана алтындығын көрсетеді.

М.Р.Львов "В интеллектульной жизни подростка речь наяинает выступать в разных вариантах: все болыпую роль играет писменная речь, постепенно происходить стилевая дифференциация: на ряду с разговорно-бытовым стилем все больше развивается и совершенствуется в книжной стили речи", - деп, атап көрсетеді. Мұның өзі бала тілінің өзгеруіне байланысты баланың сөйлем құрау жобасы, нүсқасы да өзгеретіндігін білдіреді. Сондықтан баланың сөздік қорында сөз таптарының басымдылығы сөз болады. Бұл жөнінде М.Ф.Скорнякова: "отсюда напрашивает вывод о необходимости учета особенностей значения грамматических форм в разных типах речи и степени владения учащимися как самим набором грамматических форм, так и смысловыми возможносями их", - деп , мектепте грамматиканы оқытудың қажеттілігін атап көрсетеді: "Целенаправленное изучение в школе языка и в частности грамматики, вызывает существенные изменение в речевой деятельности детей".

Бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесі жөнінде XX ғасырдың басында үлкен дау-дамай, пікір таластап болған. Кейбір ғалымдар грамматиканы бастауыш сыныптарда оқтудың қажет жоқ, балалар грамматиканы оқымай-ақ сөйлей алады, өзінің пікірін жеткізе алады десе, (А.Б.шапиро, П.С. Державин, Д.Н.Ушаков, А.Машкин т.б.), А.Машкин: "...оставить в покое грамматику навык к языковым (речевым) формам", - дейді. А.Б,Шапиро "..іграмматика не имеет ничего общего ни с орфографией, ни с развитием речи", - деп гармматиканы оқытудың қажеті шамалы, грамматиканың баланың жазуына, тіл дамытуына эсері жоқ екенің айтады.

Екінші топтағы ғалымдар (А.М.Пешковский, П.Гуревич, А.Слетова, М.Соколова, М.Янчевская, т.б.) гармматиканы оқытудың қажетттілігін айта келе гармматиканы оқыту арқылы балаларда жазу дағдылары мен икемділіктері қалыптасатындығын атап көрсетеді.

А.Н.Пешковский: "Если прежде утверждали, что "гарамматика-служанка правописания", то я утверждаю что грамматика служанка и првописания, и литературно речевых навыков, и стилевых навыков. "Граматика служанка - навыков " - вот как я формулирую роль грамматики в школе", - деп грамматиканың дағды қалыптастыруда ең бір дұрыс жолы-екенін көрсетеді.



13

Бастауыш сыныптардағы грамматиканы оқыту жөнінде пікір таластар нэтижесінде қазіргі кезде грамматика емлеге, фонетикаға қатысты болып оқытылып келе жатыр. Бұл балардың сөздік өорын молайтпай, қайт тек белгілі бір аз мөшердігі сөздерді жаттатып, жаттықтыруға әкелді. Осындай пікірді Г.И.Белоусова "Вопросы развитя речи в методических книгах 20-х годлв", - деген кандидаттық дисерттациясында атап өтеді.

последующие десятилия, особенно в конце 40-х начале 50-х годов, наптроив, на урогах русского языка на столько сильно увеклисьграмматикой, что забывали осамом языке, боготмо, живом и ранообразном. Грамматические правила превращались в самоцель и не имели никакого практического приложение к навыкам а устной и письменной речи. Такая практика работы по языку не могла способствовать развитию речи учащихся, и речывая культура родолжала оставаться бедной".

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде (бастауыш мектепте оқыту) грамматиканы оқыту жөнінде зерттеу ісіне А.Байтұрсынов, С.Жиенбаев, С.Х.Сарыбаев, Х.Бозжанаова, Ә.Сэдуақасова, Г.Уайсова, Ы.Маманов, Р.Әміров, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов т.б. үлес қосқан және қосуда.

А.Байтұрсыновтың "Тіл қүрал" (1914), "Тіл - құрал" (1925), "Тіл -құрал" (1915), "Тіл - қүрал" (1925), "Методика мәселелері" (1922),"Оқу құралдары" (1912), "Әліп-би" (1928), "Сауат ашқыш" (1926). т.б. қазақ тілінің әдістемесіне арналған еңбектері мен мақалаларының қазіргі кезеңге дейін өз қү_нын жоймағандығын айта аламыз.

А.Байтұрсыновтың оқулықтарында грамматикаын оқыту мәселесі туралы айтылған пікірлері кездеседі. Ол: "қазақ тілінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: 1. Сөздің тұлғасын өзгертсе де ішкі мағынасын өзгертпейді. 2. Сөздің түлғысын да мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастан тысқары (яғни жалғау — Е.М.), соңғысы ішкері жалғау (жұрнақ Е.М.), деп аталады. "Қүлақ" деген сөзге (тың) деген жалғау қоссақ, қүлақтың болады. Тұлғасы өзгерілді мағынасы өзгершген жоқ. "Қүлақтың" деген де бастын мүшесінің атын көрсетеді. Егер "Қүлақ деген сөзге" "шын " деген жалғау (жұрнақ Е.М) қоссақ "Құлақшын" болады. Мүнда тұлғасы да мағынасы да өзгерілді. " Қүлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "Қүлақшын " болған соң басқан киетін киімнің атын көрсетіп түр", - деп түбір мен қосымшаларды оқыту жайында сөз етеді.

А.Байтұрсынов сөз таптарын үлкен екі топқа бөледі: 1-атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік), 2-шылау сөздер (үстеу, демеу, жалғаулық, одағай). 1925 жылы шыққан "Тіл - қүрал ' еңбегінде гармматиканы сөз тұлғасына қарай 5-ке бөледі:

а) Түбір сөз

э) Туынды сөз (туғын сөз)

14

б) Қос сөз- \

в) Қосалқы сөз

г) Қосымшалар

Сөз мағынасына қара тоғыз топқа бөледі.


  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Етістік

Есімдеуіш атау сөздер


  1. Үстеу (үстеуіш)

  2. Демеу (демеуіш)

  3. Жалғау (жалғауыш)

  4. Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)

Шылау сөздер

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1946), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1957), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1939), тағы басқа секілді қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан еңбектері мен мақалалары бар.

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1949) жылы шыққан атты еңбегін үлкен-үлкен екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауы - "Грамматика оқыту методикасы" деп аталса, екіншісі - "Кітап оқыту методикасы" - деп аталады. С.Жиенбаев сөздің мағынасын жеке тұлғада емес, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда ғана өз мағынасын береді, - деген пікір айтады. "Сөздің мағынасын сөйлем ішінде түрғанда ғана байқалады. Жеке түрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем ішінде басқа мағына беретін тілде көп ұшырасады", - дейді.

Ғ.Бегалиев "Әріп, дыбыс, буын" (1935), "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) т.б. еңбектері арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесіне өзіндік үлес қосқан бірегей ғалым.

Ғ.Бегалиев "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) атты еңбегінде грамматиканы оқытуға ерекше тоқатлған. Кітап алты тараудан тұрады:


  1. Оқу-жазуға үйрету методтары;

  2. Жазуға және көркем жазуға үйрету;

3. Оқу сабағына қойылатын міндеттер мен оқыту методтары
туралы;

  1. Грамматика мен емле программасы материалының мазмұны;

  2. Дұрыс жазуға үйрету;

  3. Тіл дамыту.

15

Ғ.Бегалиев "Оқушы қаншалықты пысық тиянақты болмасын - өз ойындағысын ауызша айтып беретіндігідей етіп жазбаша білдіре алмайды, ауызша тиянақты түрде мазмұндай алғанын жазуға келгенде, ауыз екі айтқандағысыдай еркін мазмұндай! алмайды", - деп түбір сөзге жалғанып оған қосымша мән беретін жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтарды білдіретін 2-3 сөз келтіру керек", - дейді.

Х.Арғынов - бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселесіне өзіндік қүнды үлес қосқан ғалым. Оның "2-класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1970), "Қазақ тілі методикасы" (1974), "Қазақ тілінен 2-классқа арналған дидактикалық материалдар" (1980) т.б. еңбектері бар.

Х.Арғынов, бастауыш сынып оқушылары грамматикасыз ешқандай білімді игере алмайды, тілдің басқа салаларын түсіне алмайды,- дейді. Бастауыш класс оқушылары, оның ішінде 3-ші класс оқушылары, сөздің түбіріне саналы түсінбесе, сөз құрамының басқа салаларын да меңгере алмайды".

Ш.Сарыбаев - қазақ тілінің методикасын қалаған ғалымдардың бірі.

Ш.Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), атты еңбегінде "Бір тақырыпты не бір тақырыпшаны оқыту үшін сол пәннің өзін жақсы білу керек. Оқытантын пәнді көңілдегідей білмей түрып, оны оқытудың методикасына жармасу бос еңбек" - мұғалімнің білімді болуы, көп ізденуі қажет екендегі атап көрсетті.

Аталған еңбегіндле ғалым зат есім, сын есмі, сан есім, үстеу етістік, шылау секілді сөз таптапына тоқталып, өзінің оқыту әдістемесін ұсынады.

И.Қ.¥йықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" (1962) атты еңбегінде сөз таптарын оқытудыңқажеттілігіне баса назар аударады. Балалардың сөз байлығын молайтуға, тілін жаттықтыруға грамматиканың • орыны ерекше екендігін көрсетеді. "балалардың сөз байлығын көбейтіп тілін жаттықтыру үшін бірнеше сөз беріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөз жасатып, сол сөздердің кейбіреулерін келтіре, сөйлемдер қүрату керек, сонда оқушылар жұрнақ пен жалғаудың мәнін іс жүзінде анық байқайды."

у - сызу ушы - сызушы сыз ^^^^ - сызылу сызықша сызғыш

М.Балақаев — қазақ тілі білімінде алатын орын ерекше ғалым. М.Балақаевтың қазақ тілін оқыту мәселесені арналған "Бастауыш

16

мектептің екінші сыныбына арналған "Қазақ тілі" байқау оқулығына методикалық нұсқау", "Тіл әдебиеті және қазақ тілін оқыту" т.б. М.Балақаев грамматикалық жаттығуларды іріктеуде мынадай талаптар қояды.



  1. Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс.
    Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз
    тіркесі, сөйлем ішінде алынып талданыладьі.

  2. Екіншіден, әрбәр мысал, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль)
    жағынан мұлтіксіз әдеби норманы ұстануы тиіс. Ол үшін оқушылар
    дұрыс қүралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің
    жақсы үлгілері бойывнша әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша
    тәрбиеленеді.

  3. Үшіншіден, алынған жаттығу тағы да басқа матераилдар
    құрамынан, керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар,
    сөйлемдер жиі кездесетін болсын

М.Балақаев гармматикалық жаттығулар, бытыраңқы, шашыраңқы болады дей келе "оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты сөдер тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жұмыстары жүргізілуі тиіс" - деп грамматиканы оқыту арқылы "баянды білімнің белсенді "ойшылы" етіп тәрбиелейтіндігін атап көрсетеді".

Бұлардан бөлек бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне арналған: Х.Арғынов пен Ғ. Сүлейменов "2 - сыныпта каритна бойынша тіл дамытуға арналған көрнекті қүралдарға қосымша ңұсқау" (1965), Х.Арғынов "қазақ тілі программасы мен оқулығын жетілдіру жайында" (1965), Х.Арғынов "Қазақ тілінен 3 - сыныпқа раналған табилицаларға нұсқау" (1967), Ш.Сарыбаев "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), Р.Әміров "1 класта қазақ тілін оқыту" (1962), Р.Әміров, А.Асқарова "2-3 класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1983), Ш.Сарыбаев "3 класта "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқаулар" (1955), Р.Әміров "1 класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар" (1957), Ә.Садуақасов "Қазақ тілінен методикалық құрал" (1964), Бозжанова К, Әміро Р "бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту" (1964), С.Рахметова "Қазақ тілін оқыту методикасы" (1992), М.Балақаев "Бастауыш мектептік 2 класына арналған "Қазақ тілі" методикалық нүсқау" (1969), Байқуатова "Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту (1997), "Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы" тағы басқа еңбектер жарық көрді.

Мұның барлығы бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне үлес қосқан еңбектер.

17

W. .

меңгерудің психологиялық кезеңдері

Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Әсіресе, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеруі, көбінесе, төмендегідей тізбектен өтетіні анықталған нәрсе:



Грамматика-лык ү-ғымдар-дың жеке белгілерін

байқау


Ол белгі -лердің көп сөздерге ортақ екенін аңғарып, жинақтау

Грамматик -алық ұғым туралы мағлүматты қабылдау

Бұл мағлүмат
ты жеке

белгілерді ажыратқанда пайдалану





Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бүдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арықлы эліг белігелерді жинақтауға үмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлүматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін қүолданудағы үқсас белгелірін дерексіз түрде тануды үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау операцияларын меңегреді. Мысалы, бастауыш класс оқушылары қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен II кластағы «Сөз» тарауынна бастап таныса бастайды. Ең алғашқы тақырып - «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер». Бұл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық мағыналарын

18


түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тануы қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақта нақтылы заттар туралы әңгіме (сұрақ-жауап) әдісімен бастайды.

  • Балалар мынау не?

  • Өшіргіш.

Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын ала дайындап әкелген жазуды көрсетеді.

- Ал, мынау не?

Балалар бу_л сұраққа тағы да «өшіргіш» немесе «өшіргіштің жазуы» деп жауап беруі мүмкін. Мұғалім олардың жауаптырың түзетеді:


  • Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.

  • Мынау не?

  • Кітап.

  • Ал, мынау не?

  • Кітаптын атын білдіретін сөз.

  • Бү_л сөзге қандай сұрақ қоямыз?

  • He? деген сұрақ қоямыз.

Осылайша мұғалім кім? не? деген сұраққа дауап беретін сөздер тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде тануға үйретеді.

Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің салыстыру және жинақтау сияқты операцйяларын меңгереді. Мысалы. 2- кластағы «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында оқушыларға бірте - бірте адамға қатыста атауларға кім? не? деген сұрақ, жансыз заттар мен құбылыстардың, жан-жануар мен аңдардың атауларына не? деген сұрақ қойылатыны ұғындылады. Содан кейін бү атауларды көпше түрінде кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерге жалғаулар (жіктік, септік, тэуелдік) жалғауы ретінде танылады, т.б.

Бү_л түста аталған тақырыпты меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге тиіс: 2-класта оқушылар «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» 10 сағат оқиды. Берілуге тиіс мағлүматтар мен дағдылардың көлемі де біршама. Сондықтан мұғалім мағлүматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық ұғымның әр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған- материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет.

Үшінші кезең - грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер»



19

тақырыбын оқыту барысында «адамға қатысты сөздерге кім? не? сұрақтары қойылады.» деген анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бұл сұрақ кісі аттарына қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген ұғымды кеңейтіп түсіндіру қажет: кісі аты жөнінде, мамандықты немесе кәсіпті білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге, адамға қатысты басқа да атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың таным мен сөздік қорын дамытады, әрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық ұғымды жақсы меңгеруге эсер тигізеді.

Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығуларорындау арқылы іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерту.

Бұл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық ұғымды пысықтау жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі тақырыптарды өту кезінде орындалады. Мысалға, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында түсіндірілген грамматикалық ұғымдар әр түрлі жаттығулар орындату арқылы пысықталады. Оқушылар сөздерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтарды қойып үйренеді. Ал жинақтау мен қайталау сабақтары барысында берілген сөздерді қай сұраққа жауап беретініне байланысты топтап, немесе берілген сұрақтарға сай сөз ойлап жаттығады. Жалғауларды дұрыс, қатесіз қосып жазуға дағдыланады. Сөйлем ішінен атауды білдіретінсөздерді табады. Кейін «He істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» немесе «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқушылар атау сөздер мен қимылды білдіретін сөздерді тіркестіріп, сөйлемді дұрыс қүрауды, сөйтіп, өз ойларын дұрыс айтуды салалы түрде меңгере бастайды. \

Белгілі бір грамматикалық ұғымды оқытудың өз кезеңдері әр класта қайталанып отырады. Себебі бастауыш класта оқытылатын грамматикалық ұғымдар кластан класқа өткен сайын бірте - бірте күрделендіріліп, сабақтастыра берілген.

Тілдің ойлау және қарым - қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егенр ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеніінің бәрі босқа қалар еді. Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:



  1. сөз қүрамы;

  2. сөздердің жасалу жолдары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет