Диплом жұмысы кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері орындаған



бет3/6
Дата16.06.2016
өлшемі413 Kb.
#139586
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Айыпкердің кінәсіздік презумпциясы қағидасы - бұл объективті құқықтық ереже, оған сәйкес заң үкім заңдық күшіне енгенше айыпкерді кінәлі деп есептемейді және әрбір процеске қатысушыдан іс бойынша жиналған материалдарды жан-жақты және әділ зерттеудің негізінде осы іске қатысушының бойында айыптаудың заңдылығы мен негізділігіне берік сенім қалыптасқанға дейін айыпкерді кінәлі деп есептемеуін талап етеді.

Айыпкердің кінәсіздік презумпциясы қағидасы сот әділдігінің тура кепілдігі болып табылады, қылмыстық іс жүргізудегі объективті шындықты бекітуге көмектеседі.

Кінәсіздік презумпциясы қағидасы ҚР Конституциясының 77 бабында берік негіз тапқан, бұл тергеушіні істі толық және жан-жақты тергеуге міндеттейді, айыпкердің қорғау құқығын қамтамасыз етеді және т.б. (ҚР ҚІЖК, 19-бап).

Кінәсіздік презумпциясының мәні одан бірнеше маңызды салдарлар келіп шығатынында жатыр:

1) айыпкердің кінәлылығын істі қарайтын сотта кім бекітеді, сот дәлелдеуі тиіс, сотталушыны дәлелдеу міндеті айып тағуға жатады;

2) соттың, прокурордың, тергеушінің дәлелдеу міндетін айыпкерге аударуға құқығы жоқ;

3) айыпкер өзінің кінәсіздығын дәлелдеуге міндетті емес, егер ол оны дәлелдей алмаса, онда бұл оны кінәлі деп тануға үшін негіз бола алмайды;

4) шешілуі қиын күдіктер айыпкердің пайдасына шешіледі (оларды шешуге барлық қажетті шаралар қабылданғаннан кейн ғана);

5) айыпкердің көрсетпесіне зорлық, қорқыту және заңсыз шаралар жолымен жетуге тыйым салынады;



1 Перлов И.Д. Право на защиту.- М.: Знание, 1969.

2 Лукашевич В.З. Гарантии прав обвиняемого в советском уголовном процесссе. - Ленинград, ЛГУ, 1959.

6) дәлелденбеген кінәлылық дәлелденген кінәсыздықпен бірдей;

7) айыптау үкімі шығарылғанға дейін айыпкердің кінәлылығы туралы баспасөзде, бұқаралық ақпарат құралдарында түпкілікті пікір айтуға жол берілмейді.

Тіпті сот айыптау үкімін жариялағаннан кейін де кінәсіздік презумпциясы өз әрекетін жалғастыра береді, өйткені үкім әлі заңдық күшіне ие болған жоқ. Сотталушы мен оның қорғаушысы үкімге шағымдануға құқылы, яғни жоғары түрған соттардың үкімді қайта қарауына құқығы бар (ҚР ҚІЖК, 31-бап, 2-т). Үкім заңдық күшіне енген кезде ғана, адамның қылмысқа кінәлі екендігіне сенімді болуға мүмкіндік туады. Тек кейбір жағдайларда заңдық күшіне енген үкімді қайта қарау қажеттілігі пайда болады1.

Жоғарыда айтылғандардан айыпкердің қорғау құқығын жүзеге асыру үшін кінәсіздік презумпциясының әсері қандай үлкен маңызға ие екендігі көрінеді. Кінәсіздік презумпциясы маңызды демократиялық қағида болып табылатын қылмыстық іс жүргізуде айыпкердің және оның қорғаушысының қорғау құқығын шынайы жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған.

Заңмен бекітілген кәмелетке толмағандар істері бойынша қорғаушының қатысу міндеті жасөспірімнің зияттық кемелсіздігі, оларда заң туралы қажетті білімнің болмауы және іс жүргізу құқықтарын, істің мән-жайларының маңыздылығын түсінбеуі себепті, процесте қорғаушының болмауы істі дұрыс шешуге және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға теріс ықпал етуі мүмкіндігімен анықталады.

Қорғаушы - бұл қылмыстық іс жүргізуде айыпкердің таңдауымен немесе келісімімен қатысатын тұлға; оның құқықтар мен заңды мүдделерін қорғайды, айыпкерді ақтайтын, оның жауапкершілігін жоққа шығаратын немесе жеңілдететін мән-жайларды .анықтайды; оған заң көмегін көрсетеді және сол арқылы сот әділдігін дұрыс жүзеге асыруға көмектеседі. Яғни ол қылмысқа сезікті тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыпты теріске шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдарды ақтау мақсаттарында іс жүргізу қызметін жүзеге асырады (ҚР ҚІЖК, 7-бап Д9-т).

Қорғаушының процессуалдық жағдайының өкілдің процессуалдық жағдайынан елеулі айырмашылығы бар. Қорғаушыға қарағанда, айыпкердің өкілі өзін өкілеттендіретін айыпкердің ұстанымына қарсы шыға алмайды; ол не бұйырса соның бәрін орындауға міндетті. Сонымен де ол өкіл.

Әрине, егер айыпкердің талаптары қайшылықты және негізсіз болған жағдайда, өкіл өкілдіктен бас тартуға міндетті, бұл оның айыпкерді қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ қорғаушыдан айырмашылығын көрсетеді2.




1 Перлов И.Д. Указ.раб., стр 23-26.

2 Перлов И.Д. Указ.раб., стр 34.

Кәмелетке толмағандар бойынша қорғаушының қызметі оның заңды өкілмен өзара іс-әрекетін білдіреді: қорғаушы заңды өкілге өз ұстанымен түсіндіреді, қорғау мүмкіндіктерін талқылайды, іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін іске асыруға көмек көрсетеді.

Заңды өкіл процесте жасөспірімге жақын адам ретінде шығады, қорғаушы - оған құқықтық көмек көрсетуші тұлға. Дәл осы заңды өкіл мен қорғаушының іске қатысудағы бірлігі жасөспірімнің заңды мүдделерін қорғаудың үлкен кепілдіктерін жасайды.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге заңды өкілдің қатысуының ерекшелігі, оның көбінесе бір ғана процессуалдық қызметті емес, олардың кешенін жүзеге асыруында жатыр. Жалпы, айыпкердің ата-анасы мен оларды алмастырушы адамдар бір мезгілде:

а) жасөспірімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын субъектілер ретінде;

ә) бала тәрбиелеудегі міндеттер мен құқықтардың субъектілері ретінде (бұл жағдайда олар тергеуші мен соттың олардың тәрбиелік қызметіне теріс баға беру мүмкіндігіне қарсы өздерін қорғауды жүзеге асырады) шығады1.

Жасөспірім заңды өкілдері ретінде қатысуға жіберілуі мүмкін адамдар тобы ҚР ҚІЖК 7-бабының 22-тармағында анықталған сезіктінің, айыпкердің ата-анасы, асырап алушы, қамқоршысы және т.б.

Заңды өкіл егер де оның іс-әрекеттері жасөспірмнің мүдделеріне нұқсан келтіреді немесе істі әділ қарауға кедергі келтіруге бағытталған деп есептеуге негіз табылса, іске қатысудан шеттетілуі мүмкін.




Гуковская Н.И, Миньковский, Долгова А.И. Указ.раб., стр 47.

П-ТАРАУ.КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алдыңғы тарауда кәмелетке толмағандардың психикалық дамуының негізгі белгілері мен мінез-құлықтарының жас шамасына байланысты ерекшеліктері, қылмыстық іс жүргізудегі кәмелетке толмағандар істерін жүргізудің жалпы орыны, дәлелдеу затының ерекшеліктері, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу кепілдіктерінің жүйесі баяндалды.

Осылармен қатар процестің әрбір сатысына жасөспірім туралы істің барлық мән-жайын неғұрлым тез, жан-жақты және толық анықтауға, тәрбиелік әсер ету міндетін тиімділікпен орындауға көмектесуге бағытталған нақты өзіндік ерекшеліктер де тән.

Сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық мәселерін қарамастан, жалпы іс жүргізу нормаларына жатпайтын немесе оларды кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің өзіндік мақсаттарын қамтамасыз ету үшін толықтыратын іс жүргізу ережелерін талдап өтейік.
2.1. Қылмыстық іс қозғау
Кәмелетке толмағанадар қылмыстарын тергеудің сапасы мен тиімділігі көбіне қылмыстық істі дәл уақытында қозғауға тәуелді. Бұл шарттың маңызы мынадай қажеттіліктерге байланысты:

а) жасы үлкен арандатушының ықпалымен немесе бүған дейінгі істеген әрекеті ашылмауына байланысты бірнеше қылмысты қатар істейтін жасөспірімдердің қылмысты әрекетіне тез жауап беру және оның жолын кесу;

ә) азаматтардың және кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен басқа да жасөспірімдердің бойында істелген қылмыс үшін жазасыз қалу туралы ой пайда болуының алдын алу;

б) жасы үлкен арандатушылар мен ұйымдастырушылардың істелген қылмыс пен оған қатысқандығының ізін жасыру үшін жасөспірімді "икемге келтіруіне" жол бермеу;

в) жасөспірімге жағымды тәрбиелік әсер етуді неғұрлым ерте бастау1. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодекснің 174 бабына сәйкес қылмыстық іс

қозғау негіздері мен сылтаулары ретінде кінәсін мойындап келу, азаматтардың арызы, ұйымда басқару қызметін атқаратын мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғаның хабарлауы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар, қылмыстық іс қозғауға құқық өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар мен органдардың қылмыстар туралы мәліметтерге тікелей тап болуы есептеледі.



Каневский К. Указ.раб., стр54.

Қылмыстық іс істелген қылмыс фактісі бойынша қозғалады. Бастапқы материалдарда көбінесе қылмысты жасөспірімдердің істегенін куәландыратын мынадай мәліметтер болуы мүмкін: а) кәмелетке толмаған сезікті қылмыс орнында немесе ол істелгеннен кейін ұсталған, не кінәсін мойындап келген; ә) жәбірленушілер мен куәлар, қылмыскерлерді білмесе де, сырт түрі мен қылықтарына қарап жасөспірімдер деп есептейді; б) жәбірленушілер мен куәлар қылмыскерлердің жас шамасын біледі; в) оқиға болған жердің жағдайы, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер қылмысты жасөспірімдер істегенін куәландырады.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық істі дәл уақытында қозғау өте маңызды екендігі атап өтілді. Бірақ ҚР ҚІЖК 174 бабында тізіп көрсетілген сылтаудың біреуі ғана болуы қылмыстық іс қозғау үшін жеткіліксіз екендігіне назар аудару қажет. Қылмыстық іс қозғау үшін сылтаудан басқа алдын ала тексерудің негіздері мен материалдары болуы қажет1. Бастапқы мәліметтерді алдын ала тексеруден өткізудің мақсаты қылмыстық іс қозғау туралы негізделген шешім үшін қажетті, қылмыс белгілерінің бар болуы немесе болмауы туралы қосымша, неғүрлым толық мәліметтерді алу болып табылады. Жасөспірімдер қылмысы туралы түскен материалдарды, мәлімдемелер мен хабарламаларды алдын ала тексерудің негізгі міндеті қылмыстық іс қозғаудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуде жатыр. Осы міндетті қылмыстық қудалау органдарының шешу қажеттігі оған (қылмыстық қудалау органына) дайындалып жатқан немесе істелген қылмыс туралы белгілі болған әрбір нақты жағдайда туындап отырады. Бірақ, қылмыс туралы хабарлама қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет белгілерінің болуы туралы қорытындыға келу үшін жеткіліксіз немесе жалған болып шығуы мүмкін. Сондықтан, құзіретті органдарға қосымша мәліметтер жинау және қылмыстық іс қозғау туралы негізгі шешім қабылдау үшін қылмыс туралы мәлімдемелер мен хабарламаларды алдын ала тексеру түріндегі іс-әрекеттің нақты түрі жүзеге асырылады. Бұл іс-әрекетті іске асыру Қылмыстық іс жүргізк кодексінде көрсетілген құралдар мен тәсілдерді қолданып жүргізіледі, олар: түсініктемелер алу, материалдар мен құжаттарды сұратып алу, сондай-ақ оқиға болған жерді қарау мен сараптама сияқты кейбір тергеу әркеттерін жүргізу.

Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы істер бойынша материалдар, хабарламаларды алдын ала тексеруден өткізу кезінде баланың жасын анықтау, жасөспірім құқық бұзушының өзінен, оның ата-анасынан, тәрбиешілерден, басқа да оның өмір сүруі мен тәрбие жағдайын білетін



1 Ерешев Е.Е, Патсаев У. Предварительная проверка заявлений и сообщений о преступлениях как уголовно-процессуальная деятельность и как необходимая часть стадии возбуждения уголовного дела. "Государство и право", № 35 1998, стр 43-44.

адамдардан түсініктемелер алу; сондай-ақ жасөспірімнің отбасындағы, оқу орнындағы өмірі мен тәрбие жағдайларын тексеру қажет.

Осындай заңда реттелген алдын ала тексеру нәтижесінде қабылданған қылмыстық қудалау органының қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімі осы қылмыстық іс жүргізу қызметінің мақсаты болып табылады1.

Жасөспірмге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін тексеру процесінде, алдын ала тергеу жүргізуді талап ететін, қылмыс белгілерінің бар екендігін білдіретін мәліметтерді жинау қажет. Жасөспірімдерге қарсы қылмыстық іс қозғауда негізсіз фактілердің жолын кесу мақсатында материалдарды ұқыпты және жан-жақты тексеру, қабылданған шаралардың уақыты мен іс-әрекетін қадағалау қажет, өйткені алдын ала тексерусіз қылмыстық іс қозғау негізсіз қозғалған қылмыстық істердің көбеюіне, демек, азаматтарды қылмыстық процеске тартып әурелуге, жасөспірім психикасы жарақаттауға, дәлелденбеген фактілер бойынша тергеу органдарының зая кеткен еңбегіне алып келер еді.

Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы материалдар мен хабарламаларды алдын ала тексеруді жүргізу кезінде, егер де алынған материалдарда сөз болатын адам жасына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайтыны туралы анықталса, онда жасөспірім-құқық бұзушының жасы құжаттармен дәлелденуі тиіс, жасөспірімді қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасауға тартқан үлкен адамның қатысы бар ма, оны мүқият тексеру қажет, өйткені үлкендердің кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту жағдайлары өте жиі кездеседі.

Қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғаудың мақсатқа лайықтылығы туралы мәселені шеше отырып, тиісті шешім қабылдауға құзіретті тұлға мынадай мән-жайларды анықтауға міндетті:

1) жасөспірім істеген қылмыстың маңызы шамалы немесе қоғамға қауіпті емес;

2) қылмыс және оны істеген адам фактісі белгілі;

3) жасөспірім оның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алғанда қоғамдық әсер ету шараларымен түзелуі мүмкін.

Сондықтан қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы қабылдау сәтіне дейін қылмыс фактісі туралы ақпараттардың үлкен көлемін жинақтау қажет (жәбірленушінің, куәлардың жазбаша түсініктемелері және т.б.). Бұл туралы тергеуші дәлелді қаулы шығаруы тиіс.






1 Ерешев Е.Е, Патсаев У. Указ.раб.- стр 44.

2.2. Алдын ала тергеу


Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы қылмыстық істерді тергеу педагогика, психология салаларындағы арнайы білімдер мен жасөміпірмдермен жұмыс тәжірбиесінің болуын қажет ететін бірқатар өзіндік мәселелерді шешумен тығыз байланысты. Осыған орай, істі жүргізу аталған ғылым салаларынан арнайы білімі, балалармен жұмыс тәжірбиесі бар тергеушілерге тапсырылуы қажет.

Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы заңнамасында (ҚР ҚІЖК, 480-бап, 2-т) бекітілген жалпы ережелермен анықталады және жасөспірімдер істері бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.

Кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы істерді жүргізу тәртібі мына жағдайларда қолданылмайды:

1) осы түлғаның бірнеше қылмысы, бұл қылмыстардың бір бөлігі ол 18 жасқа толғаннан кейін жасалған, бір іске біріктірілсе;

2) айыпкер сот ісін жүргізу уақыты кезінде кәмелетке толса (ҚР ҚІЖК, 480-бап, 3-т).

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200 бабына сәйкес, алдын ала тергеу жүргізілуі міндеттін білдіретін қылмыс белгілері болған кезде алдын ала анықтау органдары қылмыстық іс қозғауға және қылмыс іздерін анықтау мен бекітуге арналған шүғыл тергеу шараларын: қарау, тінту, алу, куәландыру, сезіктілерді үстау және сүрау салу, жәбірленуші мен куәлардан жауап алуды жүргізуге құқылы. Анықталған қылмыс және қылмыстық іс қозғау туралы алдын ала анықтау органы тез арада прокурорды хабардар етеді.

Шұғыл тергеу шаралары орындалғаннан кейін, бірақ қылмыс қозғалған күннен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей анықтау органы істі тергеушіге беруге міндетті, бүл туралы прокурорды 24 сағат ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.

Істі тергеушіге бергеннен кейін алдын ала анықтау органы сол бойынша тергеу әрекеттері мен іздестіру шараларын тек тергеушінің тапсырмасымен жүргізе алады, егер берілген тергеу ісі бойынша қылмыс істеген адамды табу мүмкін болмаса, алдын ала анықтау органы тергеушіні нәтижелер туралы хабардар ете отырып, қылмысты істеген тұлғаны анықтау үшін іздестіру шараларын қабылдауға міндетті.

Тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі: ҚІЖК-нің 201 бабаныда бекітілген ережелерге сәйкес жүргізіледі, яғни тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде техникалық құралдар қолданылады және қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді алу, бекітудің ғылыми негізділген тәсілдері қолданылады. Бірақ мұнда зорлық, қорқыту, заңсыз шараларды қолдану, оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге болмайды.

Криминалистика бастапқы тергеу әрекеттерінің сипатына байланысты қылмыстардың екі тобын бөліп көрсетеді:

а) оқиға болған жерді қарау жүргізілетін қылмыстар (ұрлық, қарақшылық шабуыл, тонау кісі өлтіру және т.б.)

ә) қылмыстық іс қозғауға негіз болатын бастапқы материалдарды зерттеу алдымен жүргізілетін қылмыстар (құжаттарды алу және қарау және т.б.)1.

Жасөспірімдер істеген қылмыстар көбінесе бірінші топқа жатады, соған орай оқиға болған жерді қарау-тергеу әрекеттерінің ішінде немесе алғашқылардың бірі болып табылады. Ол жасөспірімнің қылмысқа қатысын куәландарытын мәліметтер мен қылмыстың жасалу механизмінің басқа да ерекшеліктері анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмыс субъектісінің психофизикалық және жас ерекшеліктері белгілейтін жасөспірімдер қылмысын тергеу (методикасы) әдістемесі қылмыс істеуге жасөспірімнің қатысуы туралы тіпті маңызы шамалы мәлімет болғанның өзінде, осы болжауды тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оқиға болған жерді қарау процесінде қылмыс субъектісі туралы және зерттелетін оқиғаның басқа да мән-жайлары туралы болжаулар ұсынылуы мүмкін. Мұндай долбарлардың (бастапқы болжаулар) логикалық негізі бар, бірақ өзінің жеделдігімен және динамикасымен ерекшеленеді. Пайда болған долбарлардың кейбіреуі қарау барысында соңына дейін тексеріледі, басқалары үшін қарау нәтижелері ары қарай тексеруге база қалыптастырады.

Мысалы, оқиға болған жердегі өзгерістер көрсететін қылмыстың материалдық зардаптары қылмыс жасауға жасөспірімдердің қатысуы туралы куәландыруы мүмкін. Атап айтқанда, оқиға болған жерде табылған:

а) әдетте 14-15 жасар жеткіншектер қалдыратын, кішігірім мөлшердегі адам қолы мен аяқтарының іздері (16-17 жастағылардың қол-аяқ мөлшерінің үлкендерден айырмашылығы жоқ); ә) балалар киетін аяқ киімнің ізі; б) қылмыскердің жеке заттары (аяқ киім, бас киім және т.б.); в) азық-түліктегі тіс іздері және т.б.2

Оқиға болған жерді қарауды бастаған кезде қылмыстық қастандық субъектісі туралы тергеушінің қолында бар ақпаратқа байланысты мынадай ситуациялар мүмкін: а) қылмыстық қастандық субъектісі туралы қандай да бір мәліметтер; ә) кәмелетке толмаған құқық бұзушы қарау басталғанға дейін анықталған; б) қылмыс істеген жасөспірім оқиға орнында ұсталған; в) жәбірленушінің, куәнің түсініктемелерінен қылмысты істеген адам сырт келбеті мен қылықтарына қарағанда, жасөспірім екендігі байқалады.

Оқиға болған жерді қарау барысында жасөспірім сезіктінің жеке бас қасиеттері туралы ақпарат алынуы мүмкін. Оқиға болған жерді қарау кезіндегі іздеу шаралары жасөспірімнің нақты білімдерін, дағдыларын анықтауға бағытталуы тиіс (техниканы меңгергендінгі және т.б.).




1 Каневский К. Указ.раб., стр 56-57.

2 Каневский К. Указ.раб., стр 59.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша тінту ұрланған мүлікті, қылмыс құралын, киім мен аяқ киімді және т.б. табу үшін жүргізіледі. Сонымен бірге тінту жасөспірімнің бірі мен тәрбие жағдайлары туралы ақпарат көзі болып табылады. Тінту ҚР ҚІЖК 32 бабына сәйкес жүргізіледі. Тінту кезінде, ереже бойынша, жасөспірім айыпкердің (сезіктінің) заңды өкілі қатынасуы тиіс. Тінту жүргізуге дайындық кезінде жасөспірімнің ата-анасы туралы, олардың адамшылық келбеті, бала тәрбиесіне қатынасы туралы ақпарат алған дұрыс. Одан басқа, пәтердің орналасуы, жасөспірімге бөлінген жеке бөлменің болуы, қосымша үй-жайлар және т.б. тінту жүргізілетін жерлерді анықтау қажет.

Тінту кезінде кәмелетке толмаған қүқық бұзушының жеке тұлғасын, оның қызығушылықтарын, өмірімен тәрбие жағдайларын сипаттайтын мәліметтерге назар аудару қажет, сондай-ақ, әдетте үлкендерге қарағанда өзін-өзі толық билей алмайтын жасөспірімнің мінез-құлқы мен эмоциялық халі жіті бақылау керек. Мұндай бақылау тінтудің мақсатына жетуге көмектеседі. Тінту жүргізілген орында болған отбасының барлық мүшелерінің эмоциялық халін бақылау да мақсатқа сәйкес келеді.

Жасөспірімдер істері бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде қорғаушыны қатысуы міндетті саналады, ол іске қатысуға жасөспірімнен сезікті не айыпкер ретінде бірінші рет жауап алу сәтінен бастап жіберіледі, ал айып тағылғанға дейін ұсталған не тұтқындалған жағдайда ұстау не тұтқындау сәтінен бастап қатысады.

Егер жасөспірім сезікті, айыпкер не болмаса олардың заңды өкілдері адвокатпен шарт жасамаған болса, тергеуші, прокурор іс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс (ҚР ҚІЖК, 486 бап).

Қорғаушы (адвокат) өзіне қабылдаған айыпкерді, сезіктіні қорғаудан бас тартуға қүқығы жоқ. Бұл айыпкер үшін қылмыстың ауырлығы мен басқа да мән-жайларға қарамастан, маман-заңгердің көмегін пайдалану кепілдігін береді. Қорғаушы сезіктінің, айыпкердің заңсыз және негізсіз талаптарына тәуелді емес.

Айыпкердің тағылған айыпты теріске шығаруы егер де қорғаушы мұндай ұстаным толық, жан:жақты, әділ зерттеу арқылы анықталған істің мән-жайларына анық қайшы келеді деп есептесе, оның айыпкердің кінәсыздығын дәлелдеуге міндеттілігін туғызбайды. Алайда бұл ситуацияда да қорғаушы айыпкердің, сезіктінің кінәсын дәлелденген деп тануға тиіс емес.

Айыпкерді әшекерлейтін немесе оның жауапкершілігін ауырлататын мән-жайларды қорғаушының анықтауы заңды, қорғаушының функциясын өрескел бұзу болып шығады. Ұстанымдардың келісіміне қол жетпеген жағдайда қорғаушы айыпкерге (сезіктіге) осы қорғаушыдан бас тарту және басқасын шақыру құқығын түсіндіреді. Айыпкер (сезікті) жасөспірімнің бас тартуы тергеуші, прокурор, сот үшін міндетті емес, өйткені осы категориядағы іс жүргізу кезінде қорғаушының қатысуы сот қатесін болдырмау үшін айыпкердің қылмыстық іс жүргізу заңына белгілі барлық құралдарды өз бетінше іске асыру мүмкіндігін шектейтін қасиеттеріне байланысты1.

Кәмелетке толмаған айыпкер, сезіктінің ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері бар болса, олардың іске қатысуы міндетті. Жоқ болған жағдайда қамқоршылық органының өкілі қатысуы тиіс.

Олар іске қатысуға тергеушінің қаулысымен жасөспірім айыпкерден бірінші рет жауап алу сәтінен бастап жіберіледі.

Заңды өкіл, егер де оньің іс-әрекеті жасөспірімнің мүдделеріне нұқсан келтіреді немесе қылмыстық істі әділ тергеуге кедергі келтіруге бағытталған деп санауға негіз бар болса, іске қатысудан шеттетілуі мүмкін. Бұл жағдайда тергеуші дәлелденген қаулы шығаруы тиіс, ал іске қатысуға басқа заңды өкіл жіберіле алады (ҚР ҚІЖК, 487 бап, 7 т).

Тергеуші 16-ға толған жасөспірімдер істері бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыру кезінде өз қалауымен немесе қорғаушының не заңды өкілдің қолдаухатымен педагог немесе психолог қатыстыра алады. Ал жасөспірім 16 жасқа толмаған жағдайда, сондай-ақ осы жасқа толып, бірақ психикалық дамуында кемшілік белгілері бар болса, онда іске педагогтың, психологтың қатысуы міндетті (ҚР ҚІЖК, 488 бап). Жасөспірім айыпкер, сезікті тергеушіге оның ата-анасы не басқа заңды өкілдері арқылы, олар болмаса қамқоршылық органдары арқылы шақырылады. Ал, егер жасөспірім арнаулы балалар мекемесінде не болмаса күзет жағдайында үсталса, онда ол тергеушіге оны үстап отырған жердің әкімшілігі арқылы шақырылады (ҚР ҚІЖК, 484 бап).

ҚР ҚІЖК-нің 485 бабына сәйкес кәмелетке толмаған айыпкер, сезіктіден жауап алу ҚР ҚІЖК-нің 213, 215, 216, 217 баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған сезіктіден жауап алу - мақсатты қызмет, өзара іс-әрекет, қатынас; оған іс жүзіндегі амал-тәсілдер, тактикалық комбинациялар мен операциялар түріндегі іс-әрекеттер кешені кіреді. Кәмелетке толмаған сезіктінің жауаптары жауап алудың негізгі мазмүны болып табылады. Жасөспірім сезіктінің көрсетпелерін алу мақсат ретінде, процесс ретінде де, жауап алу нәтижесі ретінде де сипатталуы мүмкін. Жасөспірімсезіктінің жауаптары - бұл осы тергеу әрекеті нәтижесінде алынған және тиісті формадағы ақпарат түрінде өмір сүретін жауап алу нысанын (затын) құрайтын мән-жайлар мен фактілер туралы мәліметтердің жиынтығы.

Жасөсіпірімнен жауап алу өз мазмүны бойынша - бір-бірімен тығыз байланысқан практикалық жағы (оны тиісті практикалық амал-тәсілдер қүрайды) мен ойлаудан (сүрақтарды қою, қорытындылар мен болжауды логикалық негіздеу, дедуктивті және индуктивті ой тұжырымы) тұратын күрделі, жан-жақты құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет