1.2. Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылырға
сипаттама.
Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларда осы жағдайлардың әсерінен қөзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың бәрі балалар өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылар үшін «сыңалу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыңалу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі. Сонымен анықталған жас кезеңдеріне сүйене отырып, білім беру жүйелері және практикалық психологтар мектептегі барлық жас аралығын 3 кезеңге бөліп қарастырады:
1. Кіші мектеп жасындағы кезең;
2. Жеткіншектік жасындағы кезең;
3. Ерте жасөспірім кезең;
Бірінші кезең - баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелермен функциаларыйың қайта құрылуымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;
Екінші кезең - баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, ағни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектің ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар қауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең - жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский және Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңдегі жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніліз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніліз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін белгілі құбылыс.
Үшінші кезең - бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте манызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо («Эмиль немесе Тәрбие» енбегінде) саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ, бұл кездегі эрбір қатенің белгілі-бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа да ие болуы мүмкін. Сондықтан да, бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады:
1. критикалық;
2. өте қиын, қауіпті.
Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардың салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін. "Қиын балалар" дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданган норлалардан ауытқуы бар, өзінің психоәлеулеттік дамуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.
Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты критикалық жас деп айта аламыз. Л.С. Выготскийдің «Критикалық кезең» теориясы бойынша критикалық жас дегеніміз, біржағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициасының» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі. Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары барлық уақытта сапалыда өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырды. Әр жас кезеңінде баламен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтік жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикаларымен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, яғни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.
Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.
Сондықтан осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезектен тән екендігі белгілі болады. Өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мәліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пирьовтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар олардың психикалық нормаларының үлкендерден айқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы 15000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дәлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «психопатия», «шизофрения», «гипомания» шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген, қорытындыға келеміз. Оқушылардың басқада психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында КСРО мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген "Роршах" және "тематикалық апперцепция" тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар. Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жасөспірімдер психиатры Л.Л.Мекрабянның мәліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дәлелденді. Сонымен қатар әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгейінің ерекшелігіне байланысты
В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе, ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірілдерге мазасыздану деңгеңінің жоғарылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жасөспірімдік кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде, және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында. Төмен реактивтілік психологиялық жағымсыз фактор болып табылады. Осыған байланысты жүргізілген Калифорниялық лонгютидтің нәтижесі бойынша, төмен эмоционалды реактив тән жеткіншектерлен жасөспірімдерге біршама мазасыздық тән, эмоционалды тұрақсыз, икемсіздеу және қарым-қатынассыздау болып келеді екен.
Осы айтылған факторлардың себебі, Л.Е. Личко пікірі бойынша, осы ерекшеліктердің негізгі себебі, 12-18 жас аралығының психопатияға криткалы кезең болуында. сондықтан да дәл осы кезеңде оларға аса көңіл бөлінбесе, олардың мінез-құлқының эмоционалды үйлеспеушілігінің тереңдеп кетуі мүмкін. бірақ, эмоционалды үйлеспеушілік тек қана гармоналды өзгерумен ашылмайды, сонымен қатар, әлеуметтік факторға және тәрбие шартына тәуелді және индевидуалды - типологиялық ерекшеліктерге де байланысты болады.
Өсіп келе жатқан балаға әсер ететін және оның пайымдау дүниесін өзгертетін сыртқы және ішкі факторлардың көлемін білу күрделі нәрсе. Сондықтан да есеюдің психологиялық қиындықтары, «мен» бейнесі және талпыну деңгейінің қарама-қайшылығы сияқты жеткіншектерге тән моционалды күштену ерте жасөспірімдерде болады деуге алып келеді. Сонымен қатар, балалардағы дисгаромониялық жеткіншіктік синдромы, яғни, оқушылардың өзінің денесіне және сыртқы көрінісіне көңіл бөлуі, т.с.с. жағдайлар олардың эмоционалды үйлеспеуіне әкеліп соғады.
Бірақ, нормадағы оқушылардың эмоционаолды үйлеспеушіліктің психопатиялық белгілері аз көлемде болады.
Жалпы эмоционалды үйлеспеушілік өтпелі кезеңнің барлық кезіне тән және олар қиын балалар қатарына жатады. Мұндай балаларға оқудың өзі қиын, үйде ешкім көмектеспейді, өздігінше өмір сүруге ешкім тәрбиелемейді. Олардың өзіндік бағасы оқудағы жетістіктерге жетпеуіне байланысты төмен болады. Бұл жағдайда бала өзін-өзі көрсетуге қысылады.
Жеткіншектердің оқу әрекетінде апатия, ашушанды, қаталдық, өкпе, түңілушілік кездесіп отырады. Соншен бірге, олардың мінез-құлқына тітіркенудің импульсивті формасы тән болып отырады. Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациалық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн.
Оқушылардығы үйлеспеушілік құрамына қарай кәдімгідей болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі - олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі, өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махабаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады.
Өмірдегі мұндай жағдайлар бір балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себебсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушылар өздерінің бірнеше мағынасы бар мінез - құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз: екіншіден, қабылданбайды; үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қайшылықтары туады. Соньмен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді.
Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдене талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бүзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стрестерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін бағалай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады. :
Балалардағы эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көомектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапсырманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекеттерден алдын- ала іштегі бас тарта бастайды. Оқушыларда психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе бір уақытта жеткілікті қарсылық көрссететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады.
Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала от басындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете
бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру нәтижесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды және мінез қиындықтарын туғызатындығы. Бала мінезіндегі эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі үш факторды анықтадық. Олар:
1. биологиялық ерекшеліктер;
2. әлеуметтік орта.
Осы факторлар бойынша, Бек Л. Жүргізген зерттеулер бойынша эмоционалды үйлеспеушілікке әсер ететін факторлар жүйеленген түрде №3 кестеде көрсетілген:
1.3. Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытку
себептері.
Кіші мектеп жасының басталасы мектепке жаңадан түсумен сипатталады. Қазіргі уақытта кіші мектеп жасының шегі 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде баланың мектептегі жүйелі оқуын қамтамасыз ететін физикалық және психофизиологиялық дамуы ары қарай жүреді. Фибиологтардың мәлілеті бойынша, 7 жаста үлкен жарты шардың қабығы біршама дәрежеде толықталып қалған.
Ең алдымен басмиының және жүйке жүйесінің жұмысы дұрысталады. Бірақ біршама маңызды болып таблатын, яғни, психикалық іс-әрекеттің күрделі формаларының бағдарламасын реттейтін, адамның бас миының спецификалық бөлімдері бұл жастағы балаларды әлі қалыптасып бітпеген, осының салдарынан қабық асты құрылымға қабықтың реттеуші функциясы жеткіліксіз әсер етеді. Қабықтың реттеуші функциясының жеткіліксіздігі бұл жастағы балалардың мінез-құлық ерекшелігінде, іс-әрекетін ұйымдастыруда, эмоционалды сферасында кездеседі, сондықтан да, кіші мектеп жасындағылар тез айналғыш, бір нэрсеге ұзақ көңіл бөле алмайды, қозғалғыш эмоционалды.
Сонымен қатар, мектеп жасының басталуы екінші кризистік кезеңмен сай келеді, яғни, 7 жастағы болатын (бала ағзасында дененің күрт өсуімен пайда болатын бірден эндокринді жылжулар болады) ішкі ағзаның өсуі, вегативті қайта құрулар жүреді. Бұл балалардың іс-әрекетін қатынас жүйесіндегі кординалды өзгерулер үлкен күшті талап ететін ағзаның барлық жүйелерімен функциаларының құрылу кезеңімен сай келеді.
Кіші мектеп жасындағы әр балада психофизиологиялық дамудың тепе-теңсіздігі көрініп отыр. Мектептегі оқудың басталуы бал дамуының әлеулеттік жағдайының түпкілікті өзгеруіне алып келеді. Ол енді «қоғамдық» субъект және оның белгілі бір міндеттелесі бар, оны орындауда қоғамдық баға алады.
Баланың барлық өмірлік қатынасы қайта құрылады және олардың көбі осы жаңа талаптарды қаншалықты тиянақты орындай алуымен анықталады. Кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу әрекеті болып табылады. Ол осы кезеңдегі балалардың психикалық дамуындағы маңызды өзгерістермен анықталады. Оқу әрекетінде психологиалық құрылымдардың қалыптасуы кіші мектеп жасындағылардың дамуындағы біршама жетістіктерді сипаттайтын және келесі жас кезеңдерін қамтамасыз етететін фундамент болып табылады.
Бала мектепке түскеннен кейін оның элеметтенушің шешуші факторы оқу әрекетінің меңгеру болып табылады және мұнымен қатар оқушы жекелік өзара қатынасқа да түседі. Бұл «әлеуметтенудің жабық бағдармаласы» деп аталады (Бернс Р.) Осының негізінде баланың эмоционалды және әлеулеттік өмірі дамиды, оның өсуі туралы көзқарасы қалыптасады. Бастауыш мектеп оқушысы бұл қарым-қатынас дағдыларын белсенді меңгеруші амал.
Бұл кезеңде достық қатынасты интенсивті қалыптастыру жүреді. Бұл жас кезеңінде қатарластары мен әлеуметтік өзара іс-әрекет дағдыларын меңгеру және достар табу маңызды болып табылады (Раттэр М.1987). Бірінші сынып оқушысының өзін үлкенмін, жауаптымын деп сезінуі және үлкендердің оны оқушы ретінде қабылдауы оған қатты ұнайды. Әрине, мұндай жағдай баланы албивалентті уайымдауға алып келеді. Бұл - ата-ананың дегенінен шығу және жаман оқушы болып қаламын деп қорқу. Мұндай қарама-қайшылықтар фрустраияны тудырады. Бірақ бала өз ойына жетпеген жағдайда конфликт туады. Бала үшін өзін ұстай алмаушылығын сезіну - тере өзін лақтырумен тең. Баланың жетіссіздікке реакциясы адекватты елес сипат асады: бала кінэні өзінен елес, басқадан іздейді. Өкпелегіштік аффективті мінез-құлықтың белгілі бір формасы, яғни, бала кінәлі төмен баға қойған мұғалім, кінәсіз жазалаған ата-ана, мазақтаған сыныптастары деп түсінеді.
Мұндай оқушылармен, яғни бұйрық, өкпелегіш тік немесе мазасыз, кез-келген нәрсені ауыр қабылдайтын балалармен педагогтар қалай жұмыс істеу керектігін білмейді. Сондықтан да психолог мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылардың негізгі себебін талдап ал қажет. Педагогтарды әртүрлі әлеуметтік статустегі басқаларға берген сипатталаларды талдау изоляцияланған балаларды педагогтардың өзі де жақсы көрмейтіндігін көрсетті (Колойинский Я.Л.1969).
Яғни, бұл - мұғалімдердің ерікті немесе еріксіз түрде балалардың сыныптағы изоляциялануына түрткі болады деген сөз. Жалпы эмоционаолды реакцияның пайда болу сипаты. Темперамент типімен байланысты болып келуі мүмкін. Сонымен, эмоционалды үйлеспеген балалардың негізгі топтарын атап өтейік:
1. агрессивті балалар, әрине кез-келген баланың өмірінде агрессияның пайда болған кездері болды, бірақ біз бұл жерде агрессяияның пайда болу дәрежесін, әрекеттің ұзақтығын және аффективті мінез-құлықты шақырған түрлі белгісіз себептердің сипатына көңіл бөлеміз;
2. Эмоционалды ауытқыған балалар. Бұл типке жататын балалар барлық нәрсеге шектен тыс қатты тітіркенеді: егер олар таңқалса, нәтижесінде экспрессивті мінез құлық бүкіл сыныпты алып кетеді; егер олар қиналса олардың жылауының дыбысын қатты болуы мүмкін;
3. шектен тыс ұялшақ, жараланғыш, өкпелегіш, нәзік, мазасыз балалар. Олар өз эмоциаларын сыртқа шығарудан қорқады, өзіне көңіл аудартқанна қорыққаннан өз мәселесін уайымдайды.
Аталған 3 топқа да тән нәрсе - олардың адекватты аффективті реакциалары. Осыған орай, мысалы ретінде Л.Л. Шанның суреттеемесін алайық:
«Менің жанымда кішкентай әдемі қыз ұстаған бір еркек кісі отырды, оның жанында кішкентай бала тұрды, ол қайтадан суға түскісі келетінін, әкесінің доп алып беруің талап етіп, қыңқылдап тұрды. Кетіп бара жатып, бала көзінің әкесінің тізесіне қадалып тұрғанын байқадым.
Ары қарай кітап авторы мынандай қорытындыға келеді: «бала ойыншықты немесе бассейінге барғысы келіп тұрғандығынан елес, ол өзінің қынқылымен әкесінің көңілін өзіне аудармақшы, бала қарындасы сияқты еркелікке, махабатқа құқығы бар екендігін көрсеткісі келіп тұр.
Қарастырылып отырған бұл жағдайдан біз балада - белгі-бір қажеттілік болғанын көреміз. Сондықтан да кіші мектеп жасындағы оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеу себептерін түрлі диагностикаолық тәсілдер арқылы ашамыз. Олар - бақылау әңгіме, проективті методикалар, мысалы «Отбасы суреті»; аяқталмаған сөйлемдер, әңгімелер т.с.с. Ол ата-аналармен Л.С.Спиваковсканың суреттеуінше «менің баламның суреті»; «мен ата-ана ретінде»; т.с.с әдістер қолданылады. Сонымен қатар балалардың эмоционалды бұзулыуының пайда болу себебіне, оны білуге ата-аналардың балаларына әсері отбасылық тәрбиесі мүмкіндік береді. Психологияда дұрыс тәрбиелелеудің 4 типі көрсетілген (Гарбузов Б.И.1990, Захаров Л.И. 1986, Спиваковская Л.С.1988).
1. Қабылдамау - бұл анық және анық емес болуы мүмкін. Анық қабылдамау - баланың туылуы қажет болмаған жағдайда көрінеді. Анық емес қабылдалауды білу қиынға соғады, өйткені баланы бір көргенде ол қажетті ияқты, бар көңіл бөлінетін сияқты, бірақ оған, яғни балаға рухани қарым-қатынас жетіспейді. Ата-ананың баланы керексіз деп табуы, баланың айналасында вакуум туғызады, ол эмоционалды вакуум болып табылады. Отбасындағы мұндай жағдайдан, яғни қарым-қатынастан балада агрессивті, жабық, шектен тыс көңіл қалуы, өкпелегіштік туады. Бұл балада өзіне-өзі кінә тағушылықты туғызады. Қабылдамау баланың өзіне, өз күшіне сенбеуіне әкеліп соғады.
2. Гиперәлеуметтік тәрбие. Мұның себебі ата-ананың дұрыс емес бейімделуінде. Бұл қатты «дұрыс адамдар», яғни идеалды тәрбиенің барлық кеңестерін дұрыс орындаушылар, мұндай отбасындағы балалар бағдарланған сияқты, тәртіпті және орындағыш. Олар өзінің эмоциаларын жабуға, тілегін білдіртпеуге тырысады. Мұндай тәрбиенің негізінде, күшті кінәләу, күшті агрессивті реакция, психожарақаттық немесе жабықтық, эмоционалды суықтық нәтижесіндегі өзіндік агрессия пайда болады.
3. Мазасыздық тәрбие. Бұл баланың туылуымен пайда болатын баланың денсаулығының мазасызданушылық. Мұндай тәрбие негізінен жалғыз баланың өсуінен, әлсіз немесе кеш болған балалы отбасыларда байқалады. Мұндай жағдайда бала шешімсіз, нәзік, өкпелегіш, өзіне сенбейтін болуы мүмкін.
4. Қабылдаудың эгоцентристік типі - ұзақ күткен немесе жалғыз балада өзін жоғары болады, яғни «бала құмар, ата-анасының өмірінің мәні». Нәтижесінде бар ол басқалардың қызығуын қабылдағысы да түсінгісі де келмейді.
Сонымен біз эмоционалды үйлеспеудің бір факторы болып табылатын «отбасына» тоқталдық. Ендігі әсер ететін нәрсе мұғалімдердің даралық және жас ерекшеліктерді ескермеуі, оқушылардың түрлі түрдегі дидоктегияның негативті жағдайдың мұғалімдік дұрыс емес қатынасы оқушылық фоббидың пайда болуына экеліп соғады. Осы себептерден бала мектепке барудан, тақтаға шығып жауап беруден қорқады.
Сондай-ақ оларға психологтың да әсер етуі мүмкін. Балалар арқылы яғни өз пациенттері арқылы тез нәтижеге жеткісі келетін олар бала жанында дисколфорт туғызады: бала өзінде психикалық ауытқу бар деп, қатерлене бастайды. Сонымен, кіші мектеп жасындағы балалардың эмоционалды үйлеспеуіне себеп болатын негізгі факторлар:
1. Табиғи ерекшеліктер, яғни темперамент түрлері:
а) сангвиник
ә) холерик;
б) флегматик;
в) мелонхолик.
2. Әлеуметтік фактор;
а) отбасы тәрбиесі;
э) мүғалімдердің тәрбиесі;
б) мектеп психологының әсері.
2. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУЫ БАР ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.
2.1. Мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды анықтау.
Мінез-құлқында ерекшеліктері бар балаларды анықтау үшін Сарыағаш қаласының А.Байтұрсынов атындағы номері 50 мектеп-гимназияның оқушыларын зерттедік. Әр жас кезеңіндегі балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау үшін көптеген психодиагностикалық әдістемелерді бір-бірімен ұштастырып жүргіздік. Кеңінен қолданылған әдіс-тәсілдердің ішінде мұғалімдер мен ата-аналар арасында жүргізілген әңгімелесу, сауал-жауап әдістемелерін қолдану, мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау тестілері, Айзектің темпераментті анықтауға арналған тесті, сонымен қатар Басса-Даркидің жеткіншектердің мазасыздануын және агрессиясын анықтау тестін және басқада нақты фактілерге байланысты мектеп оқушылары туралы мәліметтер жинақталды.
Зерттеу барлық сыныптарда жүргізілді. Соның ішінде ең күрделі және қайшылықтары мол жас кезеңі жеткіншектік шақ болғандақтан дипломдық зерттеуге осы жас кезеңін анықтадық.
Бұл зерттеулерді жүргізуге психология кафедрасының доценті Т.Р.Нұрмұхамбетованың анықтаған психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін жұмысының міндеттерін басшылыққа алдық. Олар келесі, Жеткіншектік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша толығырақ түсініп білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Оның біріншісі - өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелермен салыстырып бағалау, ал екіншісі - әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Осы тәсілдер арқылы құрылған баланың өз менінің бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.
Мүнда нақты «мен» (қазір қандаймын), динамикалық "мен" (қандай болғым келеді), мұраттық "мен" (өзімнің адамгершілік ұстанымдарыма байланысты сондай болуға тиістімін), қиялдағы "мен" (қолымнан бәрі келетін болса, сондай болар едім!) т.с.с. көз алдына елестететін "мен" бейнелері бар. Өзін-өзі талдау нәтижесінде балалар өзін объективті, төмен немесе асыра бағалауы мүмкін. Балалар психолог көмегімен «Мен» көріністерін анықтауға, оны зерттеуге мүмкіндіктері болуы керек. Сондықтан әр баланы өзін-өзі танып білуге үйрету психологиялық қызметтің келесі міндеті.
Жеткіншектік жас шағында балаларда эгоцентризм, невротизм белгілері болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар жеткіншектік кезеңде рефлексияның тереңділігі мен қанықтылығына байланысты көптеген әлеуметтік (әлеуметтік тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсия-экстроверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (отбасында тәрбиелену жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынасы, оқыған кітаптары мен көрген кинофильмдерінің сипаты) факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсысына қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.
Жеткіншектік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жеткіншектік ұғым мен оның нақты дәрежесі әр балада әр түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтар жоғалады.
Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болу керек деп санайды. Ал екіншілерінде екі, үш және одан да көп достар болады. Тіптен барлық таныстарымен достасатындар да кездеседі. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын проблемаларының бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән-мағнасын балаларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.
Жеткіншектердің біреулері оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздықтан үрейлене қорқады, аз уақытқа да жалғыз қала алмайды. Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше көңіл бөліп, әрқайсысына жеке-дара қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.
Адамның күрделі интеллектілік оперецияларды меңгеруі және ұғымдық аппаратының баюы, теориялық интеллектінің қалыптасуы және көрініс беруі жас өспірімдік кезеңде жетіледі. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсумен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда күрделі де дара сипат береді.
Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға аса маңыз беру қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердең қалыптасуы оқытудың сипаты мен қатар психологиялық түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз байланысты. Сондықтан психологтің келесі міндеті - орта сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуына ықпал жасау.
Осы аталған, тағыда баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жеткіншектермен жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды.
Біз зерттеуімізді жеткіншектердің темпераментін анықтаудан бастадық.
Темпераментті зерттеуге арналган Айзенк тесті.
Бұл тесті орта сынып оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін қолдануға болады.
Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.
Орындау ережесі: «сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамың өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз».
Достарыңызбен бөлісу: |