Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


III Сөз тіркестердің байланысу формалары



бет10/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

III Сөз тіркестердің байланысу формалары
Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде есімдер мен етістік жұмсалатын қалыптасқан заңдылық. Ал, үстеулер негізінде бағыныңқы сынар қызметінде жұмсалатын сөздер тобына жатады. Алайда, қазіргі әдеби тілімізде үстеулер басыңқы сынар қызметінде сынар қызметінде жұмсалу процесі пайда бола бастағынын көруге болады. Мысалы: көзін уқалап ашқан халық бұған аң-таң. Әрине, одан қат-кабат нақтыл жауап күте қою әзір ертеректеу (М.Дүзенов) тәрізді сөйлем құрамындағы аң-таң, ертеректеу үстеулері басыңқы қызметте қолданылған. Бұл әдеби тіл құрамындағы тілдік әлементтердің фунқиялық дамуының нәтижесі болса керек.
Қазіргі тілімізде көмекші сөздердің қатынасы арқылы сөз тіркестерінің жасалуы кең құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс соңғы кездің жемісі. Өйткені, есік ескерткіштер тілінде көмекші сөздер өте аз, тіпті XVIII ғасыр нүсқаларының тілінде қазіргі тіліміздегі шылаулардың көпшілігі кездеспейді. Бұдан мынадай жайды аңғаруға болады. Қазіргі тіліміздегі шылаулардың кейінгі қалыптасуы. Қазіргі тіліміздегі көмекші сөзді тіркестер сала-сала ретінде калыптасты.
1. Қиыса байланысқан сөз тіркестері
Бір сөздің қайталануы арқылы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде бастауыш пен баяндауыш арасында болады. Олар қолданылу ерекшелігіне қарай әр түрлі жақтарда жәие дара, көпше түрде бола береді. Әсіресе мұндай кезде олардың қай сөз таптарынан болу жағы ерекше қызмет атқарады. Біз олардың кай сөз таптарынан болуына қарай былай топ көрсетеміз.
1. Зат есім мен зат есім арқылы: Қиыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің бастауышы көбіне нольдік, тәуелдік формадағы зат есімдер болады.
а) Бастауышы нольдік формада келуі: Тегі Енесей Енесей ғана бола
алса керек (Ғ.Мүсірепов). Малсыз күй күй болмайды. (М.Қамбаров).
Бәйгесіз той той ма? (М.Қаназов). Жақсы жерге түскен келін келін,
жаман жерге түскен келін келсап дейді ғой қазақ («Қазақ әдебиеті).
ә) Бастауышы тәуелді формада келуі: қарғыс атқан басы да бас емес, қолы да қол емес (Ә.Нүрпейісов). Әйтпесе, жаңағы «Королева Маргоны» саудалап жүрген адамдардың ісі іс пе? (Жүлдыз). -Не айтайын, шырағым, не айтайын... - дегеннен басқа Күңше де еш нәрсе айта алмады. Уәдеміз -уәде (Ғ.Мүсірепов).
б) Кейде бастауышы көмекші сөздердің қосарлануы арқылы келе
береді. Мысалы: Күнә, екені күнә, бірақ қылмыс емес (Д.Досжанов).

Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің баяндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш болатын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тұлғада дакле береді, кейде бастауыш жеке-дара болғанымен сол сөздің қайталану арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге түрлі көмекші етістіктердің де тіркесі арқылыкеле береді. Оны жоғарыдағы мысалдардың баяндауыштары дәлелді түрде көрсетсе керек.

  1. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. а) Тәуірі-тәуір (М.Қаназов).


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет