көрмеген, алмаған қүдайды
меңіреу деп, құрғыр деп қарғайды. (Ғ.Мүсірепов). Достармыздың достары - біздің достар («Маржан сөз»).
2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі.
Алақан соғуға қарап арқасы қозып үйренген қазақ өнерпаздарына бр
қиынның қиыны, қияметтің қыл көі ірі («Қазак әдебиеті»). - Ойбай, ол бір сөзбен бітпейтін
қияметтің қияметі ғой (С.Жүнісов). Нанды күлге көміп пісіру,
балгының балгысынан келе жатса да, көшпелі қазақтың ауызынан әлі дәмі кетпеген асы (Ғ.Мүсірепов).
3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Сірә
менің мен екенімді біліп кетті, ұмытпайын дегені (Ш.Жандарбекова).
4. Етістік пен етістіктің тіркесі.
Бағудың да бағуы бар көрінеді. («Беласқан»).
3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
1. Барыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі.
Сазга саз, сөзге сөз («Маржан сөз»).
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Өзіме өзім қожа, өзіме өзім би болсам, рет келсе, басқаларға да үстемдік жүргізсем деген мүраты іске асар ма деген үміті бар («Жүлдыз»).
2. Табыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі.
мырзаны «мырза» десең
желденеді,
малайды «малай» десең тірі өледі («Маржан сөз»).
Терезесінде зырылдауығы жоқ
үйді «үй» деп
керегі жоқ, - дейтін болды
(Ғ.Мүсірепов).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі.
Аулауын ауларсың, аузыңмен не
қармарсың ?. («Маржан сөз»). Бұлар үйге кіргенде Құрмысы би не
айтарын
айтып болып, қоштасар сөзге таяп қалған еді (Ғ.Мүсірепов).
Абзал соңғы сөзін
айтарын айтсада отыра кеткен Сәулеге ойлы көзімен
қарап қалды (Ә.Әбішев).
3. Шығыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. - Ой, көсегің көгерсін, Ақан
балам,
малдан мал, жаннан жан қоймай, берекемізді кетіріп еді
(С.Жүнісов). Сол жерде сөзден сөз туды, бұл жігіт өз тағдыры жайында
бір сыр шерткен еді (О.Сағынаев).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Өйтіп езу тартқанын
көрсеткенінен
көрсетпегені жақсы да (Ғ.Мүсірепов). ҚУМ-ның бір қабатын түгел
ақтардық,
алғанымыздан алмағанымыз көп сияқты (Ш.Жандарбекова)
4. Көмектес септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. «...Шіркін-ай
досыңмен дос бол, қасыңмен қас бол. Досыңмен қастаспа,
қасыңмен достаспа деп, Үлақшыға айта алмай қалдым-ау» (І.Есенберлин). - Әй, кемпір ішер шайыңды іштің ғой. Енді
жаспен жас болмай, жаңа казандық жаққа барсаңшы (С.Жүнісов).
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Ағайыңға зәбірің жоқ,
өзімен өзі болып отыратын ырыс иесі бір момын адам едің, күндердің күнінде көре тү_ра айтпапсың деген өкпеңе қалармын деп әдейі бүрылдым...- деді (Ғ.Мүсірепов).
Достарыңызбен бөлісу: