Алма ағаш, ағаш ат, алтын жұлдыз, киіз үй, қой қора, көз әйнек, түлкі тымақ, қол сағат, биік үй. Мақсаты - сөз тіркестерінің мағынасын анықтау. Міндеті - сөз тіркестерінің әлбір сыңарына сұрақ қоя білуге үйрету. Нәтижесі: - басыңқы және бағыныңқы сыңарларына сұрақ қоя білді;
таным белсенділігі күшейді;
байланысудың түрлері арқылы сөз тіркестері жасадлатынын,
олар сөйлем құрауға негіз болатынын түсінді.
5-жатттығу. Сөз жүптарын оқыңдар. Сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қай етістікте тұрганын ауызша айтыңдар, сұрақ қойыңдар. Жұмысқа бару, үйге келу, үйірмеге жазылу, кезекке тұру, беске оқу, суға шолылу, лексияға дайындалу, тәуелсіздікке жету, сабақтан келу, жол сілтеу, секіріе-секіріп өту, мақтана салу, көзге күлімдеу, үйге келіп түсу, салт барып қайту, үйге келіп түсу. Мақсаты - оқушыларды алған білімді жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.
Міндеті- түйық етістік сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қызметін атқарып тұрғанына назар аударту. Нәтижесі:
тілдік құбылыстарды талдау және олардың практикалық
қажілеттікке айналдыру шеберліктері жетілді.
Бұл синтетикалық жаттығулардың мақсаты - сөз тіркесіне тән басты қасиеттерді үйрету, осы қасиеттер арқылы оларды өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білуге дағдаландыру, оқушылардың логикалық қабілетін дамыту. Кез-келген тіркестің сөз тіркесі бола алмайтынын саналы түрде меңгерту бағытын да көздеді.
3. Шығармашылық сипаттағы жаттығуларнегізінен оқушының шығармашылық ойлау қабілетін артыруға арналды. Мұндағы жаттығулардағы тапсырмалар білгелі тұлғада тұрған сөз тіркестерін құрау, сөз тіркестерінің сөйлем, мәтін құрауда алытын орнын көрсетуге бағытталды.
1-жаттығу. Сөз жұптарын оқыңдар. Олардық бірінші сыңары көмектес септігінде тұрган сөз тіркестеріне 6 сөйлем ойлап жазықдар. Үлгі: Оқушыларга отпен ойнамауга кеңес берілді.