Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті
Бұл көрнекілік құралдың мақсаты - мысалдар арқылы сөз тіркесін өзіне ұқсас тілдік тұлғалармен салыстыра отырып түсіндіру, олардың айырмашыльщтарын анықтау, айқындау. Көру сезімі арқылы окушының есінде сақтап қалуына жәрдемдесу. ә) Ал екінші кестенің мақсаты - сөз тіркесін топтастырудың Тұрлерін айқындау, кесте арқылы сабақты бекіту, толықтыру. Сөз тіркесінің түрлері
Нәтижесі: көру сезімі арқылы сөз тіркестерін естерінде қалдырды; морфологиядан алған іскерлік дағдыларын пайдаланды; б) Схема арқылы сөз бен сөздің байланысуын, яғни сөздердің тіркесімділік қасиетін меңгерді. Бұл схеманың мақсаты - кез-келген толық мағыналы екі сөздің сөз тіркесі бола бермейтіндігін, сөз тіркесі болу үшін, жоғарыдағы қасиетіне қосымша мағыналық байлыныстың болуы шарт екендігін үғындыру. А сыл Биік қол жетпек ^^- арман көп алдағы түншен 2. Үлестірмелік кеспе қағаздары оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландырады. Оның оқу белсенділігін, пәнге деген қызыгушылығы арттырады. Үлестірмелі кеспе қағазбен жұмыс оқушының сөз тіркесін жете түсуіне, оның білімін тексеруге кететін уақытты үнемдеуге және олардың білімін тексеріп, жөндеуге (коррекқия) мүмкіндік береді. Үлестірмелі кеспе қағаздардағы тапсырма окушының шығармашылық мәнде, өз бетімен ойланып жұмыс істеуге дағдыландырады және саралап оқыту принципін жүзеге асырады. Атап айтқанда, диалогтық, монологтық сөйлеуді меңгерту, ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау, мәнерлеп оқу, дайын материалдарды талдау, шығарма жаздыру, мәтіндегі негізгі ойды ажырату, бөлім-бөлімге бөлу, ат қою сияқты тапсырма жұмыстары арқылы сөз тіркесін, оның алуан Тұрлі қыр-сырын ашуда мына тапсырма түрлерін пайдалану тиімді болды. 1-тапсырма. Мәтінді түсіндіріп оқыңдар. Мәтінде не туралы айтылган, жазушы табигатты қалай суреттеген. Табигатты суреттеуде қандай сөз тіркестерін пайдаланган, сөз тіркестерін ауызша айтып беріңдер. Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мүнарлады... үзілмей, қатаймай, бір қалыптап желпи соққан салқын қоңыр жел қандай рахат! Осы жолман қүлпыра толқып, су бетіндегі жыбыр қағып, шалқып жатқан ал күрең көде мен селеу далалары... Дала емес - теңіздері қандай! Сол даладан көз алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды. (М.Әуезов). Мақсаты - мәтінен сөз тіркесін таба білу. жүктеу/скачать 1.99 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |