«Сұр бұлт», «Күз»
Бұл өлең 2 сыныпта өтіледі. Абайдың бұрынғы сыныпта өткен өлеңдері жайлы, Абайдың туып - өскен ортасы жайлы сұрақ-жауап әдісімен сұрап ойға түсіріп аламыз.
Бүгін Абайдың күз суретіне арналған «Сұр бұлт» өлеңін өтеміз, деп өзім жақсылап мәнерлеп оқып беремін. Мазмұны бойынша әңгіме жүргіземін.
Мұнда ақын күздің түсуін суреттейді.
Табиғат құбылысы жағынан алғанда күздің түсуін нендей белгілерімен дәлелдеуге болады?
Аспанды сұр бұлт қаптайды, тұман көбейген, жасыл шөп жоқ, қайыршы кемпір-шалдай ағаштар жапырағынан айырылған, қаз, тырна кете тастаған.
Біз күздің түсуін табиғат құбылыстары жағынан дәлелдедік. Ал, енді күздің түсуін көшпелі ел тірлігінің көріністері жағынан дәлелдеуге бола ма?
Бұрынғыдай жүгіріп ойнаған бала жоқ, әйелдер қыстың қамын ойлап, малма сапсып, тері илейді, жас әйелдер жыртық үйін жамайды, қай ауылды көрсең де, күлкі, сейіл-серуен жоқ, жабырқаңқы, суық келе бастаған.
Осы өлеңде қоныстың жайы, мал шаруашылығы жағынан күзге тән қандай белгілер бар?
Жылқы ойнап, бие қашып, тай жарысқан, күзеу тозған, жел соқса, шаң-тозаң көтеріледі, ыстан қорқып, жұрт әлі үйіне от жақпаған.
Иттер неге ауылға тұрмай, тышқан аулайды?
Жұрт соғым соймаған, оларға сүйек-саяқ, сорпа-су жетіспейді.
Өлеңде қай кездегі өмір көрінісі берілген, күздің келуінен әсіресе кімдер қорқады?
Күздің келуінен әсіресе жыртық үйлі, қыс киімі жетімсіз кедейлер қорқады. Көңілсіз күзге жабырқайтын да солар. Өлеңнен еңбек көрінісі сипатталған шумағын бір оқушыға оқытамын. (Еңбек көрінісі кедейлер төңірегінде).
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Бұл еңбек көріністерінің кедейге тән екенін қайдан білеміз?
Олардың киімі жыртық, үйлерінің киіздері тозған, малма сапсу-тонның қамы, шудан жіп иіру - шекпен тігудің қамы.
«Қыс» өлеңінде Абай:
Достарыңызбен бөлісу: |