Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Мұнда қар басқан дала суреті берілген.
-Өзі соқыр, өзі мылқау, яғни ешкімді танымайтын, ақ киімді, денелі, ақ сақалды, үсті-басы ақ қырау, басқан жері сықырлап келіп қалған бұл кім?
-Ол -қыс, аяз шал.
-Ол не үшін соқыр, мылқау?
-Қыс адам, мал ғана емес, жан-жануар, жәндік, өсімдік үшін де жайсыз, рақымсыз.
-Адамның тынысы - ауа, қыстың тынысы не?
-Оның «дем алуы үскірік, аяз, қар».
-Қыс суреті аяз шалдан басқа тағы кімге ұқсатылған?
-Ол жылда маза бермейтін қазақтың кәрі құдасына ұқсатылған.
-Бұл дұрыс пікір. Қазақта қыз беріп, қыз алысқандарды «Құда» деген. Бұрынғы кезде құданың малы қыстан жұтап қалса, ол қыстан малы аман шыққан құдасына маза бермеген, мал алуға келе берген. Ақын қысты да сондай мал алуға келген кәрі құдаға меңзейді. Қыстың мал алуға ғана келетіні - қар қалың, қыс қатты немесе мұздақ болса, арқада мал қарды теуіп, шөп тауып жей алмай, жұтаған. Қатты қыс келсе, шаруаға жұт бірге келген. Жұт малды тақырлап кетететіндіктен, ол алдымен кедей шаруаларға қиын болған. Абайдың «Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» дегені сол.
Сондай түсі суық, шаруаға жайсыз қыстың қаьарын ақын тағы қалай суреттеген? (оқушыға оқытамын)
Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сілкісе, қар жауып, мазаі-щы алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. -Осы бөлімге не деп ат қойсақ болады? -«Қыстың келуі» деп ат қоямыз. Бұдан соң екінші бөлімін өзім оқып беремін.
«Ой шақыру» стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға мынадай сұрақтар қою арқылы жұмыс жүргіземін.
-Қысты кім, қалай қарсы алған?
Бет-аузы домбығып, үсік шалған балалар қысты әуес көріп жүгіріп ойнайды. Ал бай малының соңында жүрген тон сыртынан шиделі, шекпен киген жалшы желге қарай алмай теріс айналады.
-Малдың жағдайы қандай?
Қар теуіп үйренген жылқының титығы құрыған, ашыққан. Қыспен бірге малға қасқыр ауыз салған.
Ақын жылқышыларға не деп ақыл береді?
-Жылқыны соныға бағып, жақсы күзетіңдер, ұйықтамаңдар, қыс қамалын бұзыңдар, жылқыны қасқыр жегенше, Қандыбай, Қанай жесін, ит-құсқа малды алдырма,- дейді Абай.
-Қандыбай, Қанай дегендер кімдер?
-Байларға қыс айларында шөбін, жерін беріп соғымға мал алатын кедейлер.
-Абай қыстан нені қорғау керек дейді?
Малды қорғау керек дейді.
-Сонда «Қыс» өлеңінің II бөлімінде көбіне ненің жайы айтылған?
-Малдың, шаруаның жайы әңгімеленген.
Бұл тұста біздегі мал қыстаудың жалпы халықтың мәніне баланың көңілін аудартамын.
Өлеңді 1-2 оқушыға оқытып, тұтас мазмұндатамын.
Өлеңді қорыта келе, бұрынғы қыс пен қазіргі қысты салыстырып түсінік беремін. Қысқа әрбір адам үйін, қыстық киімдерін, егістік жерлерін, мал қораларын, жем-шөптерін дайындау керектігін айтып түсіндіремін.
Осыдан кейін әдебиет теориясы жайлы түсінік беремін.
Оқушыларға:
-Өлеңнің ішіндегі теңеуді тауып оқимыз.
-Бұлттай қасын жауып екі көзін.
-Теңеу - дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы арқылы жасалынатынын білу керек.
Пәнаралық байланыс жасау мақсатымен қандай? деген сұраққа жауап беріп тұрған сөзді табамыз.
-Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. -Жанды деп кімді айтып тұр? -Ол адамды, жаны бар нәрсені айтады.
Үйге тапсырмаға «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап келу. «Мен қысқа қалай дайындаламын» деген тақырыпта шағын шығарма жазып келуді тапсырамын.
Екінші топқа өлеңнен өзіне ұнаған жерінің суретін бейнелеп салып кел деп тапсырма беремін.