ұлттық және адамзаттық қүндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аудару »
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға , туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды , сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.
Жоғарыда айтылғандар — бастауыш сыныпта қазақ тілін сан есімді меңгертудің басты педагогикалық талаптары . Бұл талаптарды орындауда мұғалім әдістемелік жағынан шебер, қазақ тілінің тілдік
құрылысын жете меңгерген, әдеби тілде өз ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болуы тиіс
Бастауыш' сыныпта сан есімді меңгерту сабақтары білім беру мазмұны мен оқытылатын білім көлеміне, оқушылардың қазақ тілінен білім мен дағдыларды игертудегі негізгі дидактикалық принциптер мен оқыту әдіс- тәсілдеріне т.б. дидактикалық теорияларды негізге алады.
Дидактиканың негізгі заңдылықтарын, оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін, теориялық білім мен практикалық дағдыларды берудегі негізгі принциптерді айқындауда Я.А.Коменский, И.Песталоққи, Ф.Дистервейг, К.Д.Ушинский, А.БайТұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Д.Әлімжанов, Ы. Маманов, Ә.Исабаев, Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Ю.К. Бабанский, Б.П. Есипов, М.А. Данилов, Л.В. Занков, М.Н.Скаткиндердің
алатын орны ерекше
Ғалымдардың еңбектерінде дидактиканың негізгі қағидалары мен үстанымдары жан-дақты талданып, мазмұны мен оқыту процесінде алатын орны көрсетілген.
Дидактикада оқыту әрекетінің формалары, оқыту мазмұны мен мақсат-міндеттері бір жүйеге біріктіріледі. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде Тұрлі дидактикалық заңдылықтар мен ережелер өзара бірлесіп жұмсалады, ішкі тәртіпке бағындырылады.Сабақта Тұрлі оқыту әдістері мен тәсілдері ретпен жұмсалуы қажеттігін айқындаған дидакт Я.А.Коменский оқытудың нәтижелігі білімдік материалдар тәртіппен берілуі керектігі жөнінде былай пайымдайды: «Білімнің негізі зат пен құбылыстың өз табиғатынан алынсын. Үстаз аз сөйлеп, шәкірт көп үйренетін болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге үқсайды. » .
Я.А.Коменскийдің жолын қуып, оның оқыту жөнінде айтқан пікірлерін дамытқан К.Д.Ушинский дидактикалық заңдылықтар басқарылатын жүйеге біріктірілуі қажет деген көзқарас үстанады: «... Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық мүмкіндік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білім сырты бүтін, ішіндегі заттарын қожайынның өзі таба алмайтын, шашылған қоймаға ұқсайды ».
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық еңбектерінде көрнекілік, ғылымилық, оқыту мен тәрбиенің бірізділігі дидактикалық
принциптер мен әңгімелесу, талдау, жинақтау, салыстыру, жаттықтыру әдістерін кеңінен пайдаланғаны көрінеді.
Ы.Алтынсарин қазақ мұғалімдеріне оқушыларға тілдік материалдарды үйрету барысында «әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіруде... баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру ... және оған өз бетімен жұмыс істету керек »-, деген құнды пікір айтып, оқытуда түсініктілік, көрнекілік, жаттығу, өз бетінше оқыту принциптерін қолданғаны байқалады.
Д. Әлімжанов пен Ы.Маманов қазақ тіліне байланысты таңдалған материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім беру әдістерінің ең қүнды, ең тиімді Тұрлерін пайдалану керектігін атап көрсете келе, әдістерді пайдалану барысында дидактикалық принциптерге сүйенеді деқ, мынадай дидактикалық принциптерге айрықша тоқталады: ғылыми, жүйелі, қөрнекілік,
саналылық пен белсенділік, теорияның практикамен байланысы, жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принциптері »
Ә. Исабаев мұғалім дидактикалық принциптерді іске асыру түхында негізінен, екі түрлі принциптің: біріншісі, оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуін, оған оқушының белсенді қатысуы, екіншісі, мұғалімнің белсенділігі тұрғысынан сабақты көрнекі құралдармен, жүйелі түсіндіруін орындалатынын байқайтындығын атап көрсете келе, қазақ тілі сабақтары төмендегі принциптер бойынша жүзеге асуы керек дейді: Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, теорияны
практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принциптері
Ғалымдардьщ қазақ тілін оқытуда басщылыққа алынатын негізгі дидактикалық принциптерді айқындауы әдістеме ғылымына қосылған елеулі еңбек болды. Бүгінгі күнге дейін мұғалімдер осы принциптер арқылы қазақ тілі сабағын үйымдастырып, өтуде. Бұл ғалымдардың пікірлерінің қазірге дейін қүнын жоймағанын көрсетеді.
Дидактикалық принциптер қоғамның дамуына және қазақ тілі ғылымының жетілуіне, озық тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибелеріне қарай үнемі өзгеріп , жетіліп отырылады. Бүгінгі заманға байланысты дидактикалық принциптер оқушылардың логикалық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіретін, олардың рухани дүниесін ізгілендіретін, тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебін саналы қалыптастыратын, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым қатынастың гуманизм тұрғысынан жүргізетін
оқыту мазмұны мен мақсатын, сабақты ұйымдастыру түрлері мен қолданылатын әдіс-тәсілдерді айқындайды.
Бастауыш сынып сан есімді оқыту процесі төмендегі дидактикалық принциптерді басшылыққа алып жүргізілді:
Достарыңызбен бөлісу: