Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Оқытудың көрнекілік принципі бойынша



бет61/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

Оқытудың көрнекілік принципі бойынша оқушылардың қазақ тілін меңгеру сапасын көтеру, игерген білімдерін жадыда берік сақтау қабілеттерін жетілдіру барысында плакаттар, кеспе қағаздар, муляждар, портреттер пайдаланылады. « Осы сияқты көрнекі құралдарды әрбір сабақта қолданып отыру оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен нақты ойларын дәл, анық етіп пікірлерін пайымдауға септігін тигізеді. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қамтамасыз ете отырып, дәл сөйлеуге, нақты баяндауға баулиды» -, деген Ә.Исабаевтың пікірін негізге ала отырып, қазақ тілі сабағында көрнекі құралдарды барлық тақырыптарға сәйкестендіріліп пайдалану керек. Осыған орай бастауыш сыныпта қазақ тілін сан есімді меңгерту барысында төмендегі талаптар ескерілуге тиіс:

  • а) көрнекі құралдар игерілетін білімнің толық және анық болуын
    қамтамасыз етуі;

  • б) көрнекі құралдардың өтілген тақырыптарға сәйкестендірілуі;

  • в) көрнекі құралдар оқушылардың бақылағыштық және
    ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіруі;

  • г) көрнекі құралдар өтілген материалдардың сапалы және терең
    меңгерілуіне септігін тигізуі,

  • д) көрнекі құралдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, психикалық
    қабілеттеріне сай болуы керек.

  • Осы аталған талаптар орындалған кезде ғана оқушылар қазақ тілінің заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін сапалы меңгереді.

  • Теория мен практиканың байланысы принципі тұрғысынан
    тілдік материалдарды терең меңгертумен қатар игерген білім, дағды
    мен біліктерін тілдік қарым-қатынаста орынды пайдаланып,
    оқушылардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру көзделді. Қазақ тілі
    сабағында сан есімді оқыту тапсырмалары біріншіден, оқушылардың
    продуктивті ойлау қабілеттері жетілдіріледі, екіншіден, олардың
    сөздік қоры молайтылып, тілі дамытылады, үшіншіден, диалогтық
    сөйлеумен байланыстырыла монологтық сөйлеу қабілеттері
    қалыптастырылады, төртіншіден, қиялы дамытылып, шығармашылық
    қабілеттері жетілдіріледі, бесіншіден, сөйлеу әдебі туралы түсініктері
    нығайтылып, тіл мәдениеттері арттырылады, алтыншыдан, тілдік
    қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз ойын, пікірін, көзқарасын дәл
    жеткізеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   93




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет