Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету



бет88/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

2.5 Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету
әдістері
Оқушылардың жазу жұмыстарын мүқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі.
Оқушылардың ана тілін еркін және дұрыс меңгеруі, сауатты жазуы жазба жұмыстарды үнемі түзетіп отыруға тығыз байланысты. Мұғалімдер оқушылардьщ орфографиялық қателерін түзеткенде мынадай негізгі шараларды қолодану керек:

  1. Мұғалім барлык қателерді түзетіп, соңғы өтілген негізгі
    тақырыптан кеткен қателерінің астын сызып көрсетуі керек.

  2. Орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялык шартты
    белгілерді қолдануы керек. Мұндай белгілер оқушыларға таныс болуы тиіс.
    Қателерді түзету, олардың астын сызу тек қана оқушылардың қателерін
    тізбектеу болып табылмайды, қайта әрбір қойылған шартты белгі немесе
    қатенің астын сызу оқушыға орфографиялық кемшіліктерді саналылықпен
    түзетуге көмек етеді. Бұл жұмыс оқушының жалпы білім дәрежесеіне
    бақылау жасау мақсатын көздей жүргізілуі керек.

  3. Емлелік қателерді түзеткен кезде мұғалім әр оқушының
    психологиялық және жас ерекшеліктерін, олардың орфографиялық
    сауаттылық дәрежесін еске алуы қажет. Бұл жағдай қателерді түзетудің
    дұрыс тәсілдерін табуға көмектеседі.

  4. Емлелік қателерді түзеткен кезде орфографиялық катенің
    ерекшелігін еске алу керек.

  5. Мұғалімнің әрбір тексеруі оқушыға барлық жағынан әсер етуі
    тиіс. Түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге
    жеткізілуі, оның іскерліі ін, қабілеттілігін арттыруға көмектесуі тиіс.

  6. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушыларға белгілі бағыт
    көрсететіндей болуы тиіс.

  1. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушылардың
    орфографияны түсінуге деген белсенділігін арттыруы керек. Жұмыстың
    табысты болуы көп жағдайда осыған байланысты.

  2. Мұғалім емлелік қателерді түзетуде жеңілден ауырға, белгіліден
    белгісізге бірте-бірте өту принциптерін сақтауы керек.

Қорыта келгенде, оқушылардың емлелік қателерін түзету тәсілдері мынадай болуы тиіс:
Бірінші тәсіл. Сөздегі қатені сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу. Мысалы: калхоз, енбек, сех, бүгүн, қүлұн, мазмын.
Екінші тәсіл. Сөздегі артық әріпті немесе буындарды сызып тастау. Мысалы: ылақ, ыстанқия, минута, газета.
Үшінші тәсіл. Қателесіп, біріктіріп жазылған сөзді бөлу. Мысалы: Еге білсең, уақытта, жерде, суда жетеді.
Мұндай тәсілдердің кейбір артықшылығын атап көрсету керек.
Біріншіден, емлелік қателерді сызып тастау және қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету тәсілі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі болып табылады. Екіншіден, бұл тәсілді қолданғанда оқушылар емлелік қателерін бірден көреді. Келесіде осы сөздерді жазылуында кате жібермейтіндей есіне сақтайды, оның сипатын да тез біліп алады. Сөйтіп, оқушылардың емлелік қателерді өз бетімен түзетулеріне мүмкіндік туады. Үшіншіден, бұл тәсілді қолдану арқылы оқушылар орфографияны түзетіп қана қоймайды, кей уақытта сөздің мазмұнын немесе сөйлемнің дұрыс еместігін де айқындайды.
Бесінші тәсіл. Бүкіл қате морфеманың астын сызу. Мысалы: айтпайяк (айтпай-ақ), алтақ (алты-ақ), башшылық (басшылық).
Бұл тәсілдің басқа тәсілден айырмашылығ бар, мұнда оқушылар өздерінің емлелік қателерінің дұрыс еместігін сөз тұлғасымен салыстырып, талдау жасаумен байланыстырады. Ал оқушы әсіресе сөз құрамын білмегендіктен көп қате жіберетіндіғі мәлім, олай болса, бұл тәсілдің орфографияны меңгеру үшін зор маңызы бар.

Екінші жағынан, бұл тәсіл оқушылардың грамматикалық талдау жасауды үйренуіне де көмектеседі. Мысалы, оқушы қате жазылған басшылъщ (башшылық) деген сөзді талдаған кезде, оған грамматикалық талдау жасап, сөз тұлғасына ажыратады. Сөйтіп, ол әлгі сөзді қате жазғанда, нені шатастырғанын саналы түрде түсіне білетін болады.
Мектеп тәжірибесінде бүкіл қате морфеманың астын сызу тәсілін — мақсатқа ең қысқа жолмен жеткзетін таңдаулы тәсілдердің бірі деп білу керек.
Алтыншы тәсіл. Қатенің астын ғана сызып, үстіне қажетті әріпті жазу. Мысалы: сембеді (сенбеді), Дәстір (дәстүр).
Жетінші тәсіл. Қажетті әріпті үстінен жазбай-ақ, қате кеткен әріптің астын сызу. Мысалы: қүлүн (құлын), мазмын (мазмұн), ақшыбар (ақшұбар).
Сегізінші тәсіл. Қате жіберілген сөздің астын түгелдей сызу. Мысалы: аты адам (атты адам), ойн (ойын), айлану (айналу), бүхара (бұқара), әжептәуір (әжептеуір).
Мұғалім бұл тәсілді оқушы сөз не әріп тастап кеткен кезде немесе оларды артық жазған кезде қолданады.
Тогызыншы тәсіл. Сөздердің астын сызбай-ақ, дәптерлердің шетіне шартты белгі қою. Бұл тәсілді 5-6 кластарда ғана қолданып қоймай, сонымен қатар төменгі кластарда да қате аз болған жағдайда қолдануға болады. Қойылатын шартты белгі оқушыларға түсінікті болуы керек.
Көптеген мұғалімдердің бұл тәсілді қолданбайтындығын, оны балалар үшін қиын деп есептейтінін байқап жүрміз. Ал кейбір мұғалімдер мұндай белгі қою тәсілін қоддағанда, оны дұрыс қоймайды, сондықтан оқушылар ол белгілерді түсінбейді. Мұның өзі жұмысқа үлкен зиянын тигізеді. Бұл жерде ескеретін мәселе оқушылардың дәптерлеріне мұғалімнің жасайтын түзетулері мен ескертулері Тұр жағынан балаларға айқын көрінетіндей қызыл не жасыл түсті сиямен жазылуы керек. Мәселен, емле қатесі үшін екі сызық (-), бірге жазылуға тиісті сөздерді айшықпен тізбектеу (II), бөлек жазылуға тиісті сөздерді теріс түсірілген (!) белгімен бөлу, түсініксіз сөздердің түсына сүрау (?) қою т.б. осы сияқты шартты белгілерді пайдалануға болады.

Оныншы тәсіл. Дәптердің шетіне қате кеткен айтылуы үқсас, емлесі басқаша сөздерді жазып көрсету. Мысалы: Қазір жаз ба? Сен кітапқа жазба. Сен меніқ аяғымды баспа! Мынау бас па?
Он бірінші тәсіл. Дәптердің шетіне қате жазылған кейбір емлесі қиын, жазылуында әлі де болса тұрақтылық жоқ сөздерді жазып көрсету. Мысалы: нысап (ынсап емес), жирену (жиіркену емес), жаздыгүні (жаздыкүні емес).
Он екінші тәсіл. Жергілікті жердегі халық тілінің ерекшелігіне байланысты, солардың айтуынша жіберілген қатенің астын иректеп ( ) сызып көрсету керек. Мысалы: мүрша (мұрса), дүз (жүз), Тұрмыш (Тұрмыс), одар (олар) т.б.
Бұл тәсілдің мақсаты балаларды әдеби нормада сөйлеуге үйрету және әдеби көркем жазуға баулу болып табылады. Ол үшін дәптердің соңғы екі-үш беті қара қарындашпен ортасынан сызылып, екіге бөлінеді. Оның сол жағында жергілікті жердің халқы айтатын жергілікті сөз - диалект, ал оң жағына халықтың әдеби тіл нормасында айтылатын сөздер жазылуы керек. Бұл, біріншіден, халық тіліндегі түрлі ерекшеліктер мен айырмашылықтарды білудің өте маңызды жолы болып есептеледі.
Он үшінші тәсіл. Емлелік қателердің астын сызып, дәптердің шетіне қате жіберген ережені оқушылардың өздері анықтауға көмектесетіндей сүрау қойылады. Мысалы: Ол бүрылган жоқ. Ар жагындагы біреуге беталды ащайлайды (қалай?). Асан алыс жол жүруге бет алды (не істейді?). Ол шалқасынан жыгылды (қалай?). Ол шалқасынан өтіп барады (қайдан?).
Он төртінші тәсіл. Қате жазылған сөздің үстінен арнаулы белгі қою. Бү_л — орфографиялық сөздіктен қажетті сөзді табу керектігін білдіреді. Мұндай арнаулы белгі мынандай болады; «сөздік».
Сонымен, жоғарыда көрсетілген тәсілдерді мұғалім іскерлікпен, орфографиялық қателердің сипатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай пайдаланып жұмыс жүргізсе, сауатты жазуға үйрететіні сөзсіз.
Мұғалімнің бір ғана тәсілді пайдалануы жеткіліксіз. Ыңғайына қарай барлық тәсілдерді қолданғаны жөн. жапа-тармағай тәсілдердің бәрін қатар қолданғаннан да мұғалім үтпайды. Керісінше, бір тәсілден екінші тәсілге бірте-бірте көшіп отырған жөн. Осылай еткенде ғана оқушыларды өз ісіне ұқыптылыкпен қарауға үйрете алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет