Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


КЕИБІР ДЫБЫС Қ¥БЫЛЫСТАРЫНЫҢ ОРФОГРАФИЯДАҒЫ



бет89/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

3 КЕИБІР ДЫБЫС Қ¥БЫЛЫСТАРЫНЫҢ ОРФОГРАФИЯДАҒЫ
КӨРІНІСТЕРІ
Тілдегі дыбыстық өзгерістер әр қилы. Тілдік дыбыстар сөйлеу кезінде акустикалық, артикуляциялық жақтан бір-біріне әсер-ықпалын тигізіп отыратындықтан, әртүрлі реңктер пайда болады. Бір дыбыс екінші бір дыбыспен алмасып, сөздің дыбыстық құрамы жаңғырып отырады. Дыбыс құбылыстарының бұдан өзге де бірнеше түрі бар. Олардың орфографиядағы көрінісі бірдей емес: қайсыбірі жазуда еленсе, қайсыбірі жазуда елене бермейді. Тіпті метатеза деп аталатын бір құбылысқа қатысты сөздердің жазылуы әртүрлі деуге болады. Мысалы, қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде (1963) тепкі, текпі, тепкіршек - текпіршек варианттары берілген де, шапқыла-шақпыла тәрізді варианттың шақпыла нүсқасы берілмеген.
Әдетте сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы метатеза деп аталады. Мысалы: өкпе-өпке, қакпан-қапқан, кақпак-капқақ, қакпа-қапқа. Тіліміздегі кейбір сөз варианттарының (дублет, синоним, жарыспалы сөздер т.б.) пайда болуын, әртүрлі жазылуын метатезамен байланысты қарауға болады. Мысалы, ләкпе – ләпке варианттары метатеза арқылы пайда болған. «Келгендердің бәрі де үғындырған тәртіп бойынша сауда қыла келді. Әр күні әр ләкпеден алуан ұсақ-түйек алды. Алушысы жоқ болып қаңырап Тұрған ләкпешілерге әңгіме керек» (М. Әуезов. Қилы заман).
Метатеза өзінің фонологиялық табиғаты жағынан негізінен күрделі туынды түбірлерде үшырайды: тепкі-кекпі, тебрен-тербе т.б.
Метатеза құбылысына орай пайда болған сөз ваианттарын басы артық нәрсе деп сыңар жақ қарауға болмайды. Метатеза ұшыраған сөздердің тіл қолданысында алатын орны әр қилы. Олардың түрлерін, шамамен, мынадай топтарға бөліге болады.
1. Метатезаға үшыраған сөздер әуелде жарыса жұмсала келіп, тілде тек бір ғана вариант түрінде орныты. Мысалы: қақпан, қақпақ, қақпа, өкпе, т.б. Бұлар синхрония тұрғысынан қапқан, қапқақ, қапқа, өпке делініп, әуелдегі күйіндегідей қолданылмайды деуге болады. Себеп сөзі де осы тәрізді, бастапқы түрі әсбәб (араб сөзі). Малақай сөзінің «маңлай» диалектизмімен метатезалық байланыста екендігін әтимология жасай отырып айқындауға болады. Салыстырыңыз: малақай (Замахшари. Мукаддимат) < маңқалай > мақалай> қазақша малақай. Малақай сөзі маңдай, маңлай, маңқа атауларымен тектес түбірлер болуы ықтимал.
Метатезалық варианттар мағыналық жақтан сараланып дербес сөзге айналған: уақ (уақыт) -ауық (бірауық), демеу (етістік)- медеу (зат есім), тебірен (әсерлен) —тербе — (шайқа), айнал-(су буға айналады) — айлан-(айланып - толғану).
Ш мен қ дыбыстарының орын алмасуынан балшық (балшақ, а/ы дауыстыларының алмасуы) және балқаш варианттары пайда болған. Кейбір түркі тілдерінде балғаш «балшық» деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде Балқаш сөзі гидроном ретінде ғана емес, әсіресе байырғы әдебиет өкілдері шығармаларында, аға буын тілінде, жалпы есім мәнінде жұмсалады. Балқаш, балшық (балшақ) әуелде мағыналық жақтан жарыса қолданылғанмен, келе-келе семантикалық дербестікке ие болған. Балшық «лай», «батпақ» деген мағынаны білдірсе, балқаш «сулы, шөбі мол жер» дегенді аңғартады: Балқашын орып мал жеген Аралас үйрек, аз жеген (Қашаган Күржіманүлы)
Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы байқалады: үшпақ - жұмақ. Қазақ тілін де жұмақ стильдік жақтан бейтарап, ұшпак көбіне сөйлеу тіліне тән. Сондай-ақ тыпыр етпе - тырп етпе; үлпіл-лүпіл, шықырлату-қышырлату параллельдерінің әмоционалдық, семантикалық реңкі бірдей емес.
Метатезалық варианттардың барлығы бірдей мағыналық немесе стильдік тұрғыдан айқын сараланбаған. Оны мынадай салыстырудан байқауға болады:
Айналсоқта-айналқоста жыпқыл-жықпыл
Алпарыс-арпалыс кежеге-кегеже*
әлеуетті -әулетті кәпкір-кәкпір
әпке-әкпе күбжеңде-күжбеңде

әпкел-әкпел күдері-көдіре
әпкіш-әкпіш құптан-қүтпан
бастығырыл-бастырығыл қақсит-қасқит
бопса-боспа* қыруар-қырауыр
былжыра-жылбыра мегзе-мезге
дария-дайра* моқал-молақ*
долана -донала* нысап-ынсап
дорба-добра* сыпатта-ыспатта
дөрекі-дөкір шуалшын-шылаушын
жалаңаш-жаңалаш шыбжалақта-шыжбалақта
жалау-аужал шыбжыңда-шыжбыңда
Әдеби тіл мүддесі мұндай дублет сыңарының біріне артықшылық беріп отыруды қажет етеді. Бұл жерде кейбір жарыспалы қолданыстың бірін доминанта вариант деп айқындауда сөздің түбір тұлғасын таяныш етіп алуға болады. Нормалаушы сөздіктерде, олардың ішінде орфографиялық сөздікте, негізінен, түбір нүсқасын беру тиімді. Мысалы: түпкір (түкпір емес), шапқы (шақпы емес), тапқыр (тақпыр емес), әкпел емес< т.б. Мұндай екі үдай қолданыстардың түбір тұлғасына сүйене отырып, негізгі вариантын анықтаудың тиімді жағы мынадан да байқалады: түп-, теп-, шап- т.б. түбір сөздерге әртүрлі қосымшалар жалғанып, жаңа сөз жасауға үйтқы болады (түпсіз, теперіш, шабуыл т.б.). Ал метатеза үшыраған варианттарда (түк-, шақ-, т.б.) мұндай қасиет жоқ. Сондықтан дыбыстардың нақтылы бір фонетикалық жағдайындағы транспозициялануы жазуда ескерілмеуге тиіс.
Жарыспалы өздердің біріне артықшылық беруде, яғни жазуда ескеріп отыруға, ек түбір сөзге сүйену кейбір параллельдер үшін жеткіліксіз. Мұндайда дыбыстардьщ транспозициялану бағытына сүйену тиіді деуге болады. А.А. Пальмбах пен Ф.Г. Исхаков өздерінің «Тува тіліндегі және кейбір Тұркі тілдеріндегі метатеза құбылысы» деген макалалаарында В.В. Радловтың «Тілдің артқы бөлшектерінің түйісуінен кейін іле-шала ерінді түйістіру, еріннің түйісуінен кейін іле-шала тілдің артқы бөлшектерін түйістіруден жеңілдеу» деген пікіріне аназар аударады. Сепкіл, тепкі, әпке, түпкі сөздерінің секпіл, текпі, әпке, түкпі түрінде (пк>кп) айтылуын В.В. Радловтың осы пікірне байланысты қарастыруға блады.
Яғни еріннің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстарға (п, б) қарағнда, тілдің артқы бөлшегінің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстардың (қ, к) бұрынырақ айтылуы физиологиялық тұрғыдан анағүрлым жеңілдеу болуға тиіс. Сөз шенінде (п,к) дыбыстары тіркесіп келгенде, сөйлеу кезіндегі физилологиялық қолайлыққа байланысты [к] дыбысы [].п -дан бұрын келуге тырысады, ягни дыбыстардың орын алмасуы [п]-дан [к] дыбысна қарай бағытталған деуге болады. Сөйлеу кезіндегі (в речи) мұндай спонтандық өзгерістердің түп-түгел жазуда еленуі шарт емес. Секпіл, өрекпі, жықпыл тәрізділер - сепкіл, өрекпі, жыпқыл сөздерінің спонтандық варианты. Бұларды мағыналық жүк, стильдік реңк алған айнал-айлан, деме-меде параллельдерімен бір деңгейде қарауға болмайды. Дыбыстардың транспозициялану бағытына сүйене отырып, жоғарыда айтылған жарыспалы сөздердің жазу-сызуда еленетін нұсқасын былайша көрсетуге болады: өрекпі (өрекпі емес), жыпқыл (жықпыл емес), шыпқырт (шықпырт емес), әпке (әкпе емес). Іргелес келген жағдайда жасалу орны ілері дыбыстар жасалу орны кейінгі дыбыстардан соң айтылуға тырысуы біздің жорамалдауымызша тек [к] мен [п] ғана емес, өзге де дыбыстарға қатысты тәрізді. Мысалы: қүптан — қүтпан, бопса-боспа, күбжеңде-күжбеңде, шыбжалақта-шыжбалақта т.б. Мұндағы [п] дыбысы [т]-ға [6] дыбысының [ж]-ға қарағанда жасалу орны ілгері. Дыбыстардың осындай транспозициялану бағытына сүйене отырып, бұлардың жазылуда ескерілетін варианты қүптан, бопса, күбжеңде, шыжбалақта деуге болады.
Герминацияланған дауыссыздармен келетін түбір сөздердің саны тілімізде біршама шектеулі. Оларға мына тәрізді сөздер жатады: мүдде, күллі, махаббат, әккі, ләззәт, жаппа, ыссы, әдді, гәкку, ләббай (ләппай), жаннат (жер жаннаты), лоққы, жаббар (жаппар), әттең, ыссы, мұттайым, қисса, әлқисса, оппа, құттықтау, құдды әккі, тәкаппар т.б. гемината дауыссыздардың тіліміздегі бір алуыан сөздердің құрамынан орын тебуі бір сөзбен екінші сөзді ажырату қызметінде жұмсалатындығына байланысты мысалы: оппа (оппа қар) - опа (опа бермеу), жаннат (жер жаннаты) - жанат (жанат ішік), жаппа (баспана мағынасында) - жапа (жапа шегу), қисса (қисса дастан) — қиса (етістік) т.б.
Кейбір дауыссыздардың геминациямен айтылуынан «қашықтауға» байланысты молла, әмме, кәззап, алла тәрізді сөздер молда, әмбе, кезеп, алда түрінде игерілгендігі байқалады. Сондай-ақ [ашшы] ащы - ашты, ыссы -ыстық параллельдерінің әуелде жарыса жұмсалуы да осы ерекшелікке байланысты деуге болады.
Бірсыпыра сөздердің геминаталар арқылы қолданылуы дыбыстардың созылыңқы айтылуында болатын әкспрессилық мүмкіндікті пайдалануға қатысты. Мысалы, махаббат, ләззат, мәссаған (модаль сөз), жаннат (жер жаннаты), құдды, әуппай (одағай) т.б. сөздер дауыссыздардың әмфатикалық созылыңқылығына байланысты әкспрессияға ие болып тұрғандығын аңғарамыз. Бұларды "жалған" геминаталар деп атауға да болады. Қазақ орфографиясында шш геминатасының арнайы щ әрпімен таңбаланатын орындары бар. Бірақ бұлардың саны текащы, тұщы кеще, шщ-ай (одағай) тәрізді үш-төрт сөзбен шектеледі.
Кейбір сөздердің геминаталарға қатысты әліптемесі жазу тәжірибесінде әртүрлі беріліп жүр: жаппар-жаббар, тәкаппар-тәкаббар, ләббай-ләппай; тұлтығу - түтығу, түттықпа-түтықпа, қүттықтау - қүтықтау; молла-модлда; алла-алда т.б.
Тіпті Орфографиялық сөздікте (1978 ж) ләббай- ләппай, жаппар -жаббар варианттарының жаббар, ләббай нүсқасы берілген. Бірақ дәл осы іәрізді тәкаппар - тәкаббар вариантының осы сөздікте тәкаппар нүсқасы негізге алынған. Осы сөздердің орфографиялық сөздікте бұлай берілуі негізсіз емес. Бір жағынан, үяң вариант Түріндегі ләббай, жаббар сөздері, олардың қатаң Тұріне қарағанда, Тұрақты колданылатын орны, әрі жиірек жүқмсалатын жері көне, кітаби контекст деуге болады. Екінші жағынан, олар пассив лексикаға жататын көне реңкке ие сөздер. Ал тәкаппар-реңкі жағынан бейтарап актив лексикаға жатады. Тәкаппар - тәкаббар варианттарының реңктерін бейтараптық, әкспрессия, көнелік т.б. Тұрғыдан қарағанда, біріне-бірі қарама-қарсы сипатта деуге болмайды. Ал молла-молда, біссімілла-біссімілда варианттары бұл жағынан қарама-қарсы сипатта: молда-бейтарап реңкте, молла-кітаби, көне реңкте, керісінше , алла, біссімілла, кітаби реңкте, ал біссімілда, алда -сөйлеу тіліне тән реңкте.
[т] дауыссызының бірде геминақияланып, бірде жалаң айтылуына байланысты сөздердің жазылуы да әртүрлі. Мысалы: құттықтау (орфографиялық сөздікте) - құтықтау (орфографиялық сөздікте берілмеген), түтығу (орфографиялық сөздікте) - түттығу (орфографиялық сөздікте берілмеген). Мұндағы күттықтау - қүтықтау вариантын кейде саралап қолдану фактісін кездестіруге болады: қүттықтау «приветствие» (приветственная речь - құттықтау сөз), қүлықтау «поздравление». Ал тұттығу түтығу, түттықпа-түтықпа вариантының геминақиямен айтылатын нұсқасын (әкспрессиялық өң, көне реңк т.б. мақсатта жұмсауды қажетсінбеуге байланысты) сөз қолданыстан бірте-бірте ығыса бастаған деуге болоады. Сондықтан орфографиялық сөздікте бұл сөз жалаң т нұсқасында берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет