Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет90/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

3.1 Фонема, дыбыс және әріп
Қазақ тілі бітім-тұлғасы жағынан өзге де түркі тілдері тәрізді жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Сондықтан да түрлі-түрлі лексика-грамматикалық амалдардың барлығы дерлік сөз тудырушы , сөз түрлендіруші қосымшалары арқылы жасалады. Сөздің түрлі қосымшалармен түрлену барысында түбір мен қосымшаның жігінде әртүрлі дыбыстық құбылыстар (ассимиляқия, аккомодақия, абсорбқия, лабиалды аттракқия, палаталды аттракқия, диссимиляқия, метатеза, диәреза, протеза, редукқия т.б.) пайда болады. Неліктен бұлай жазылады, неге басқаша жазылмайды? Дыбыс өзгерістерінің орфографиясындағы көрінісі қандай? Түбірдің қосымшалардағы дыбысқа, керісінше, қосымшалардың дыбыстардың түбірге тигізер әсер-ықпалы болады. Жазу тәжірибесінде мұндай құбылыстардың бәрін бірдей ескеру қажет пе? Бұлардың қайсысы есенеді, қайсысы еленбейді? Алайда, сырт қарағанда, [башшы], [жұмүшшү], [сеңсейсің], [сембісің], [ылашшыз] деп жазбай, басшы, жұмысшы, сенгейсің, сенбісің,

лажсыз деп таңбалауымыздың себебі өзінен-өзі түсінікті де тәрізді. Бұлай жазудағы мақсат - сөздің «түбірін» сақтау. Мұндай дәстүрлі түсінік, тіпті ектеп оқушыларына да белгілі. Бірақ сөздердің барлығы бірдей осы қағида бойынша жазыла ма? Бірқыдыру сөздерді басшы, жұмысшы, сөзшең, ақ алма деп «түбір» сақтап жазып, [ш]-ның [с], [з]-ға, <а>-ның <қ>-ға тигізер әсерін ескермейміз, ал бірсыпыра сөздердің жазылуына келгенде ақ-ағар, жок-жоғал, теп-теуіп, тебін, тарақ-тарағы деп жазып, дауыстылардың дауыссызға тигізер әсерін ескеруіміз неліктен? Сөздің түбірі ағ,- жоғ-, теу-,теб-, тарағ-, емес қой? Бірде олай, бірде бұлай жазуымыз, бәлкім, қосымшалардың сөз мағынасын өзгерту қабілетіне байланысты болар? Бірақ бұлай деуімізге негіз жоқ. Өйткені бұл арада қосымшалармен түрленген сөздердің қай-қайсысының да лексика-грамматикалық мағынасы өзгермей қалған жоқ. Міне, бұл тәрізді сауалдардың жауабын іздесек, мәселе әлдеқайда күрделене түседі. Сонымен, қазақ орфографиясының бұл тәрізді принципті мәселелері, жекелеген жайттары арнайы зерттелмесе, бірсыпыра сөздердің жазылуы тиянақты шешімін таппай, жазу тәжірибесінде ала-қүлалық тудыруы ықтимал. Мұндай кемшілік жалпы жазу мәдениетін төмендетері сөзсіз. Жазу мәдениеті төмен болса, әдеби тілдің коммуникақиялық қызметі де айтарлықтай болмайды.
Тілдік системаға, оның құрылымдық жүйесіне орфографияның сәйкес болуы қажет. Сонда ғана тілдің жазбаша және ауызша түрлері бір-бірінен алшақ, кереғар кетпейді. Алайда мұндай талап тілдің жазбаша және ауызша түрінің айырмасын мүлдем жойып, ерекшелігін елемеу деген сөз емес. Жазба тіл ауызша тілдің хатқа түскен жай ғана көшірмесі емес. Ауызша сөйлеуде интонақия, сөздердің ерекше мәнермен айтылуы, ой екпіні, әмфазалык құбылыс т.б. толып жатқан дыбыс заңдылықтары болады. Олардың бәрін бірдей жазуда таңбалау мүмкін емес. Тіл тарихында ондай жазу болған да емес. Бернард Шоудың «иә» деп айтудың елу түрлі, «жоқ» деп айтудың бес жүз түрлі тәсілі бар, ал оларды жазудың амалы біреу-ақ деген сөзі осы орайда айтылған. Қой, түн, жаз тәрізді сөздердің айтылуы мен жазылуында айырма жоққа тән. Бірақ тілімізде көптеген сөздің айтылуы мен жазылуы бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Мысалы, [қоралат]; [төрөгөрсең, тоналарсың] (мақал) деп айтылғанмен, өзгеше жазамыз.
Қарым-қатынасқа түскенде сөздер белгілі бір орфоәпиялық заңдылыққа орай бір-бірімен ұласа айтылып, бір-біріне ықпал жасап, әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай жүйені елдемей, тілдік дыбыстарды нақпа-нақ айтсақ, сөздің дыбысталудагы тұтастығы бүзылып, дыбыстау мүшелеріне айрықша күш түседі. Сөйлеуде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, ықпалын тигізіп, үласа айтылуы - мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды бола тұра бұл құбылысты бәрі бірдей жазуда еленбейді.
Өйткені жазу — «жүгіртіп» оқуға жеңіл, қабылдауға қолайлы болуы қажет. Жазудың (письмо) мақсаты сөздің айтылуы мен дыбысталуын дәлме-дәл көшіру емес, қандайда болсын белгілі бір ойды хабарлау. Егер қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың дегендерді айтылуынша жазсақ (қоралат па, қоралы ат па, «төреге ерсең, тоналарсың әлде төре көрсең, тон аларсың» ба?), информақияны қабылдауды күрделендіре түсер еді де, артық әнергия жұмсауға тура келер еді. Сондай-ақ (бірқанатты гөрдү) дегенді )бір ғана атты көрді), «бір қанатты көрді» деп әртүрлі үғынуы мүмкін. Сөз ішіндегі, тіркес шеніндегі дыбыстардың бір-біріне тигізер позициялық, комбинаторлық әсер-ықпалын ескермей, дыбыстарджың фонематикалық мәнін сақтап жазу тексті қиындықсыз, кедергісіз оқуға мүмкіндік береді. Бұл - жазудағы (графикадағы) фонематикалық принцип.
Бірақ фонемалардың «мәнін» сақтап жазу дегенді қалай түсінуге болады?
Фонемалардың әртүрлі позициялық, комбинаторлық реңктері болатын белгілі. Ол реңтер (оттенок, аллафон) белгілі бір фонетикалық қоршауда көрінеді. Мысалы, [н]-ның сөз басында, сонорлармен іргелес келгенде, жуан, жіңішке, еріндік, езулік дауыстылармен қатар айтылғанда т.б. фонетикалық жағдайларда тәуелді әр қилы реңктері болады. Қысқасы, фонетикалық жағдай қанша болса, фонеманың соншама реңкі болады. Бірак солардың ішінде фонемалық неғұрлым тәуелсіздері негізгі реңк те, қалғандары қосымша реңк болады.
Мысалы, бүгін, бүгінгі сөздеріндегі [н]-ның фонетикалық жағдайға тәуелділігі бірдей емес. Бүгін сөзіндегі [н]-ға қарағанда бүгінгі сөзіндегі [н]-ның дыбыстық қоршауға тәуелділігі әлдеқайда басым [бүгүңгү]. Әрине, дыбыстардың барлық реңктерін ғылыми зертеулерде болмаса, жазуда көрсетудің мәні жоқ. Жазуда фонеманың сөзтанымдық қызмет атқаратын негізгі реңкі ғана белгіленеді. Морфеманың фонемалық мәнін сақтап жазу дегенді осылайша түсінуге болады.
Сонымен фонема - дыбыс - жазу бір-бірімен тығыз байланысты.
Алайда фонемалардың негізгі реңктері мен қосымша реңкін ажыратудың өз қиындығы бар. Мысалы, тон, төн, таң, тән дегендегі <т> бІрде жуан, бірде жіңішке реңкте жұмсалып тү_р. Бұл екі реңктің де фонетикалық ортаға тәуелдігі бірдеу. Сондықтан <т> -ның негізгі реңкі жуан <т> немесе жіңішке <т> деу қиын. Осыған байланысты алфавиттегі Т әрпі жуан <Т>-ның немесе жіңішке <Т>-нің өкілі деп үзілді — кесілді айту тағы қиын. Сырт қарағанда мұндағы жуан, жіңішке реңк тепе-тең сияқты. Дегенмен бұл екі реңктің бірін негізгі, бірін қосалқы деуге болады. Оны қарапайым мынадай тәжірибеден байқауға болады. Мысалы, филоло. Емес әртүрлі аудиторида түн, түн тәрізді сөздерді тақтаға жазып, «бұл сөздерде қандай дыбыстар бар?» деген сүрауға [т], [ұ], [н], [ү] дыбыстары бар деп, аудитория бірауыздан жауап береді. Бұдан азақ тілінде сөйлеушінің психикасында фонеманың негізгі реңкі жуан [т], [н] екендігін байқаймыз. Олай болса, қазақ алфавитіндегі Т әрпі - жуан [т]-ның өкілі. Сондай -ақ негізгі реңк айтуға «оңай» болса, қосымша реңк, мысалы [т], аздап болса да «күш» салып, сүйемелдеп айтуды қажет етеді.
Бұл жерде алфавиттегі әріптер фонемалардың негізгі реңкін белгілейді деген принципке қайшы келетін мынандай құбылысты байқауға болады. Мысалы, [қ] мен [к]-бір ғана фонеманың - татап айтқанда <к> фонемасының — жуан, жіңішке реңктері. Олай болса бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрау қоюға болады. Әрине [к] де, [қ] да бір фонеманың әртүрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды. <к> фонемасының [к], [қ] реңктерінің, <г> фонемасының [ғ], [г] реңтерінің, тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардың өзіндік ерекшелігі деуге болады. Жоғарыда аталғандай тәжірибені қайталап, «қүн»күн деген екі сөзде қандай дыбыстар бар?» десек, [қ], [к], [ұ], [н], [ү] деген бес дыбыс бар дейді. Сонымен, қазақ графикасында бір фонеманың тепе-тең реңкі арнайы әріптермен таңбаланады:

[к]-к
Ал қырғыз графикасында мұндай тепе-тең реңктер арнайы белгіленбейді:
[4] / [Ү]
<к> к <г> / г
Фонема реңтерін белгілеу - графика теориясы тұрғысынан басы артық құбылыс. Ол белгілі бір алфавиттегі әріптердің санын көбейтеді. Алайда бір фонеманың тепе-тең реңтерін белгіеудің тиімді жақтары бар екендігін жазу тжірибесінің өзі көрсетіп отыр. Әсіресе жүйесі басқа тілден ана тілімізге ғылыми — техникалық, қоғамдық-саяси терминдер мен атаулар еніп жатқан жағдайда, бұл графикалык тәсілдің артықшылығын айқын сезінуге болады. Мысалы, егер <к> фонемасының тепе-тең реңктерін жеке-жеке таңбаламаған жағдайда марка, лак, ток, бак т.б. толып жатқан сөзді екі Тұрлі оқуға
/ [марқа] [лақ] (лақ]
Тура келеді: марка/ лак/ тоі/
\ [марка] \ [лак] \[ток]
[бак]
бак т.б. Сөзді бұлайша екі Тұрлі оқу графикадағы негізгі
[бак] принципке — сөздің әртүрлі оқылмауы дегенге қөайшы келеді.

Қазақ графикасындағы тағы бір шарттылық - белгілі бір әріптің негізгі қызметіи мен қатар қосалқы қызметінің болуы. Мысалы, ә әрпінің негізгі қызметі ә фонемасын таңбалау болса, кей позицияда а фонемасын біілдіруі — оның қосалқы қызметі. Мысалы, күнә, мәрмәр, куә т.б. Бұл сөздердің соңғы буынындағы дауысты а бірінші буынындағы тіл алды дауыстыларының әсерінен палатализацияланған. Бұлар - сөзге әртүрлі қосымшалар жалғау арқылы «тексеруге» болатын дауыстылар (проверяемые гласные). Бұл жағдайда олар өзінің негізгі реңкі а-ға жуықтайды. Мысалы: күнаға -күнәға, мәрмарға -мәрмәрға т.б.
Тіл жұмсау дағдымызда кейбір әріптің қосымша функцияға ие бола бастауы ықтимал. Мысалы, кейінгі жылдарда араб, жанаб (кітаби сөз), баб (кітаби сөз), сөздері осы Түрінде жазыла бастады. Шындығында, мұндай позицияда қазак тілінің дыбыс за-ңдылығы бойынша б дыбысы п түрінде игерілуге тиіс. Бірақ бұл п-ны б әрпімен таңбалау омографтарды көбейтпеу мақсатына байланысты деуге болады. Баб, жанап тәрізді сөздерді б түрінде таңбалау — оларды баб, жанап т.б. төл тума сөздерден өзгешелеп тұрады. Осылайша б әрпі өзінің негізгі қызметі — б фонемасын білдіруімен катар қосымша қызмтке ие болып, п фонемасын білдіруі бертінде пайда болған. Бүған қарағанда қазақ графикасының әлі де пайдаланылмаған мүмкіндіктері бар деуге болады. Мысалы, стиль, декабрь, модель тәрізді жіңішкелік белгіге аяқталған сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша жалғанғанеда, жіңішкелік белгі жазылып жүр: Стильге, декабрьге, мождельге т.б. осындағы л-дің жіңішкелігін арнайы таңбамен көрсету басы артық информақия (избыточность). Өйткені л-дің жіңішкелігін қосымшалардың жіңішке вариантта жалғануы «хабарлап» Тұрады. Бұл жерде стилге, декабрге, моделгесөздеріндегі жіңішке л, р дыбыстарын л, р Түрінде жуандатып оқу каупі жоқ. Мұндай орындарда жіңішкелік белгіні қолдану информақияның артықтығын көрсетеді.
Қазақ тіліндегі гемината дыбыстардың арнайы графикалық таңдбасы жоқ. Мысалы: махаббат, жаббар, әдді, мүдде, ләззат, жаннат, оппа, күллі, әмме, ыссы т.б. Мұндай жүйеге қарағанда, небары үш түбір сөзде ғана ашшы

ащы, кешше кеще, тұшшы түщы айтылатын геминатаны арнайы щ әрпімен таңбалау да басы артық информация.
Қосар дыбыстарға аяқталған сөздерге (орыс тілінен енген сөздерге) қосымша жалғанғанда, соңы дауыссызды таңбалайтын әріпті түсіріп жазу -қазақ графиткасындағы шарттылықтың бірі. Мысалы: класс-класқа, прогресс-прогреске, металл-металға т.б. Бірақ баспасөз беттерінде бұлай жазудың дұрыстығына күмәнмен қарайтын пікірлер де бар. Алайда қосар дауыссыздың бірін түсірмей жазудың дұрыстығына күмәнмен қарайтын пікірлер де бар. Алайда қосар дауыссыздың бірін түсірмей жазудың қолайсыздығы бар. Атап айтқанда, грамм, класс, ватт, т.б. сөөздерді, олар кейбір қосымшалармен Тұрленгенде, бірдей 3 әріппен қатарынан таңблауға тура келер еді. Мысалы: гарммен, классыз, ваттты т.б. Грамм, ватт, прогресс тәрізді сөздердің ғылыми тексте жиі қолданылатындығын, тіпті екі сөөйлекмнің бірінде дерлік қайталанып отыратындығын еске алсақ, оқырман тек әріптер «шоғыырнан» көз жаза алмайтындай (психологиялық) қолайсыз күй кешер еді.
Жазудағы фонемалық принцип бойынша әр фонеманың дербес таңбасы болуғ,а тиіс. Қазақ графиткасында негізінен әр фонеманың дербес таңбасы бар, яғни бір әріп бір фонеманы білдіреді деуге болады. Бірақ бұл - жазуда белгілі бір сөздің фонемалық құрамын түгерлдей дербес әріптермен таңбалау шарт деген сөз емес. Сөздің фонемалық құрамынанн әріптердің Тұрлі комбинақиясы арқылы да беруге болады. Мұндай бір әріп бірнеше фонеманың тіркесін білдіреді. Ондай әріптерді көп кызметті (полифункқиялы) әріптер депи айтуға болады. Қазақ графикасында и әрпінің дыбыстық Тұрығдан қарағанда 8 қызметі бар. Кейбір әрітердің көп қызметтілігі нәтижесінде қазақ текстеріндегі жазу бір немесе екі таңбадан үнемделіп отырады. Салыстырыңыз: диқан-5 таңба; дыйқан- 6 таңба; себу-4 таңба, себүу - 5 таңба; лақ-3 таңба, ылақ-4 таңба; Тая - 3 таңба, тайа-4 таңба. әрине бұл тәсілдің осындай жетістігімен қатар кемшін жақтары бар.
1. Мектептегі оқыту ісінде сиыр, суат тәрізді сөздердің буын жігі немесе ою, қою, жаяды т.б. сөздердің морфологиялық құрылымы «бүркемелініп» қалады. Мектеп оқушылары бастапқыда сөздің түбірі о-, ал -ю қосымша деп түсінеді. Мұндай кемшіліктің орыс графикасында да кездесетіндігі айтылып жүр. «Так, слоговые написания ослажняют морфологический анализ слов, проводимый в школе. Особого внимания и изучения требуют случай, когда буквы я, ю, е, ё, и обозначают сочетение звуков йа, йу, йә, и.т.д., и при әтом йот входит в иную морфему, чем соответсвующий гласный. Например, в формах сарая, сараю и т.д. оказываются затемненным корен сарай, так как на письме окончаниями оказываются -я, -ю, и.т.д. между тем в буквах я, ю «прячется» и корневой звук йот; окончаниями, т.е. изменяемой конечной частьюю слова, здесь являются лишь звуки -а, -у и.т.д., например: саай-а, сарай-у .
2. Мына тәрізді үш-төрт сөзді екі түрлі оқуға болатындығы графикадағы буындық принциптің кемшіндеу
[жетісүу] / [шұу] /



\

жері деуге болады: жетісу<^ шу/ ту /
[жетісүу] [шүу] ЧТҮУ]
Сондай-ақ жиду деген сөзді «суретіне» қарап, жійдүу және жыйдүу деп оқуға болады. Бірақ бұл жерде пәлендей қиындықө жоқ. Өйткені жыйдүу -дыбысатарының мағынасыз тіркесі болғандықтан қабылдауда ескерілмейді.
3. Мектеп оқушылары сирақ, тиын тәрізді сөздердегі и әрпін функқиясына карай емес, суретіне қарап, жіңішке оқиды да, орфоәпиялық нормадан ауытқиды. Мұндайда бірінші буынның жуан немесе жіңішке оқылуын соңғы буынындағы дауыстының «хабарлап» тұратындығына назар аудару керек. Әрине, «ереже ескертусіз болмайды» дегендей, бұл тқағидадан тыс тұратын бірнеше сөз бар. Олардың соңғы буыны жуан болғанмен, бірінші буыны, біздің байқауымызша, жіңішке оқылуға тиіс:
[пійала] / [мійзам]
мизам V
[пыйала] емес \ [мыйзам] емес
[шійлан] [бійпаз]
шилан ./ бипаз /
[шыйлан] емес, \ [быйпаз] емес,

[бійдарқа] / [бійқасап]
бидарқа У биқасап /
[быйдарқа] емес, \ [быйқасап] емес,
Графикалық тәсілдегі бұл аталғанг кемшіліктер оның мәнін еш төмендете алмайды. Тіркесу жиілігі аса жоғары фонемаларды бір ғана таңбамен беру (1*-қосымшаға назар аударыңыз) информақияны неғүрлым ықшамдап жеткізу деген талапқа сай кееді. Қазіргі кезең - ғылыми-техникалық прогрестің дәуірі. Информақия «тассқыны» мен информақиялық «қопарылыстың» күшейген кезі. Мұндай кезеңде қандай информақияны болса да «сығымдап» беруге тенденқиясы өмірдің аса бір қажеттілііне айналып отыр.
Ондаған газет-журнал, жүздеген кітап жүз мыңдаған триажбен тарап жатқан қазіргі кезде графикадағы «үнемділіктің» тиімділігі айқын кезілсе керек. Қазіргі кез, жылына бір-екі кітап, бірер ғана газет-жірнал жарық көретін байырғы заман емес. Ондай кезде әріп таңба үнемділігі жөнінде сөз де болмас еді.
Фонемалық принцип бойынша сөз бешшылдық, жұмүшшү, башшы, мүжжарғыщ т.б. Түрінде, айтылуынша жазылмай, фонеманың реңкі бойынша жазылады (бесжылдық, басшы, мүзжарғш), сөйтіп, сөздің сағыналы бөліктеріне нүқан келмейді.
Мүжжарғыш, күшшүгөр, өшшү сөздеріндегі з, ж, с фонемалары іргелес дыбыстардың әсерінен комбинаторлық өзгеріске үшырап ж, ш, ш түрінде айтылып тұр. Бұлар з, ж, с фонемаларының көрінісі, өткені фонетикалық өзге ситуақияда олар өзінің негіөзі реңкіне көшеді: мүзға, жігер, өсші.
Фонемалардың неғізгі мәні (реңкі) ғана сөздің мағыналық «жамылғышы» бола алады. Сондықтан сөзді фонемалардың негізгі мәні арқылы танимыз. Фонемалардың қосалқы мәнін физикалық Тұрғыда түйсінгенімізбен, психикамыз функқионалдық мәні жоқ дыбыстарды автоматты Тұрде назардан тыс қалдырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет