Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Немесе
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма...
деген сияқты шексіз - кеңес беріп, жамандықтан сақтандырады. Бұл бір заманның емес, барлық заманның балаларына арналған.
Абайдың ағартушылық идеясы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айтылған ой «Адам болу» қағидасымен ұштасып жатыр. Адамның ғылымға деген махаббатының оянып ғылым білімге берілуін, ғылым табуын адам болудың негізгі шарты деп біліп, ғылым табумен адам болуды бір-бірімен байланысты дамитын бір деңгейдегі проқесс деп білген Абай: «Қашан бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»,- дейді 38-сөзінде. Баланың ғылымға махаббатын оятатын-жақсы ата-ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбыңның - ықпалымен болатынын атап айтқан. Абай айтқан бала тәрбиесіндегі бұл үшеуінің рөлін ешқандай педагогика жоққа шығармайды. Абайда «ғылым табу» мен «адам болу» бір-бірімен ұштасып:
Ғылым таппай мақтанба... Адам болам десеңіз,-
деп келеді де, ғылым тауып, адам болу үшін не істеу керек дегенде, Абай «Адам болу» қағидасын ұсынады.
Адам болам десеңіз.
Бес нәрсеге асық бол: Бес нәрседен қашық бол:
Бес асыл іс Бес дүшпан.
Талап, Өсек,
Еңбек, Өтірік,
Терең ой, Мақтаншақ,
Қанағат, Еріншек,
Рахым. Бекер мал шашпақ.
«Бес дұшпанға» бой алдырған өз замандастарының қылықтарын, «Дос жылатып айтады» дегендей, жеріне жеткізіп, сүйегінен өткізіп айтып, олардың «ұятын, арын оятып», адам болғысы келген адамның асық болар «Бес асыл ісін» өсиет етеді.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «Адам болам десеңіз» қағидасы бір ғана сәттегі ақындық шабыттан туа салмаған, Абайдың көптеген толғанған терең танымынан шыққан ой қорытындысы екенін байқаймыз. Бұдан кейінгі жылдарда жазған өлеі-щері мен қара сөздерінде «Бес асыл істі» одан әрі дамытып, тереңқетіп, әрбіреуінің атқаратын қызметін сипаттап берген.
«Бес асыл істің» бірінші бастаушысы - талап, «Талап әрбір салада бар, оған талас қылуға болмайды»,- дейді 43-сөзінде. Білуге, көруге, үйренуге деген талап жан құмарынан туатын іс. Жан құмары жас балада мол болады. Алайда жақсы ұстаз алдын көрмегендіктен, ата - ана мен өскен ортасының надандығынан баланың білуге, көруге деген талабы өспей, тасқа ұрылып, жан құмары өшіп, бірте-бірте адам жанынан хайуан жанына айналып кететіндігін адамның өзі де сезбей қалады екен. Сондықтан Абай: «Адам баласының ең жаманы -талапсыз»-дейді 44-сөзінде.
Достарыңызбен бөлісу: |