Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті



бет42/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

Кімде бар болса талап,
Отырмас ол бойын балап.
Жүрер, әрқайдан ізденер,
Алар өз сүйгенін қалап,-
деп талапты адамы ойлаған мақсатына жеткенше тыныш жатқызбайтын жетекші, бастаушы іс деп білген.

«Бес асыл істің» екіншісі -еңбек. Талап еңбектің нәтижесінде іске асады, еңбексіз талап тұл қалады.
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас,-
деп, адам болудың негізгі шарты ерінбей еңбек етуде дейді 42-сөзінде: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі -жұмысының жоқтығы»,-деп, адамды аздырар, жаманшылықтың өсіп-өнер мекені жалқаулық екенін шығармаларында әр қырынан айтқан. Сондықтан Абай халқына 4-сөзінде: «Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп.еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді,құр тастамайды»,- дейді.
«Бес асыл істің» үшіншісі - терең ой. Талаптың бастауымен, еңбектің нәтижесінде істеген іс, оқыған оқу тек терең ойдың арқасында ғана жемісті болмақ. «ісің өнсін десең ретін тап» дейді, ретін табу үшін ойлап істеу керек емес пе?
«Бес асыл істің» төртіншісі - қанағат. Қанағат-халық ұғымында аса ілтипатпен айтылатын өнегелі сөз. Абай да оны адам болар адамның асыл ісінің бірі деп атаған.
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Көрсеқызар, жалмауыз,-
деп, қанағаттан айырылған, ашкөз замандастарының аса жағымсыз, ұяттан да, адамшылықтан шығып қалған бейнесін береді.
Талаптың бастауымен еңбектеніп тапқан дүниеңді оймен орнына келтіресің, алайда кей адам дүниеқорлыққа, салынып ашкөзденіп кетеді де, адамшылықтан айырылады. Дүниеге, мансапқа қанағат қылуды естен шығарып, адамшылық тізгінін қанағат қылуды естен шығарып, адамшылық тізгінінен ажырап қалады. Бұл жайында Абай:
Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,- дейді. Қанағат-адам арыныңтазалығының, парасаттылығының белгісі.

«Адам болам десеңіз» қағидасындағы «Бес асыл істің» бесіншісі-рахым, яғни адамның мейірім шапағаты, адамға істеген қамқорлық-жақсылығы, 38 - сөзінде: «ьәр кісі де мархаббатты, шапағатты болмақты айтып бұйырды, бұл рахым болса керек»,-дейді. Рахым-Абай шығармаларында кейіннен үлкен өзекті тақырып болған гуманизмнің алғашқы көрінісі. Талап, еңбек терең оймен табылған дүние, меңгерілген білім адамның өзі үшін ғана болса, адамшылдықтың орны болмайды екен. Абай адамның адам болуын адамға істеген жақсылығымен, мейір шапағатымен бағалайды. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылдықтың қарызына еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың»,-дейді 37-сөзінде. Сонда «Адам болу» қағидасындағы «Бес асыл істің» алғашқы төртеуінің құйылар арнасы-рахым екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет