«Жазғытұры»
Бұл 3 сыныпта өтіледі. «Жазғытұры» өлеңі - Абайдың табиғат суретіне құрылған ең көркем лирикасының бірі. Өлең негізгі екі бөлімнен тұрады:
1). Көктемнің шығуы;
2) Қыс пен жаздың, ай мен күннің таласы.
Осы екі бөлімді өзім жақсылап жатқа айтып, сосын мәнерлеп оқып көрсетемін.
Оқушылардың өзіне оқытып, әр шумағын бөлек-бөлек талдаймыз.
Талдау әдісі - сұрақ - жауап;
Мақсаты - табиғат суреті мен өмір көріністерінің жазға тән белгілерін, өлеңнің мазмұны мен тілін анықтап, оқушыға меңгерту.
Өлеңнің тақырыбын «Сұр бұлт» өлеңімен қарсы қойып салыстырып өтеміз.
Өлеңнің бірінші бөлімін (11 шумақ) оқып берген соң, онда не жайлы әңгімелегенін анықтап аламын да, ондағы басты-басты суреттерге оқушылардың назарын аудартамын. Мәтіннен сұрау, жауап жолымен анықталатын нәрселер:
1). Жаздың шығуының күн көзімен байланыстылығы (ата-анадай елжірер күннің көзі);
жаз боларда жылы жақта тұратын құстардың келетіні (жаздың
көркі енді жыл құсымен);
қыстың көрге, жаздың қуанышты өмірге теңелгені (көрден жаңа
тұрғандай кемпір мен шал, жалбаңдасар өзініңтұрғысымен);
жаз қуанышының барлық елге ортақтығы (қырдағы ел ойдағы
елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасуы; жастар сайраны);
шулаған мал қызығы, дуылдаған құрт-көбелек;
гүл мен ағаштардыңтолысып, судың бұралып ағуы;
7) көк дауылпазға қаз, үйрек ілдіру;
8) боз торғай мен бұлбұлдардың әнге басып, оларға байыз,
көкектің үн қосқаны;
9) дихандардың егін салуы, шаруа малының төлдеуі;
жердің анадай малды-жанды емізіп тойындыруы;
мал семіріп, ақ пен астың молаюы;
жаздың келуіне қара тас пен сараңнан (байдан) басқаның
пейілі кеңіп, адамның бойы балқып, іші еритіні, осы қуаныштың бәрін
жинақтайтын жер:
Кемпір - шал шуақ іздеп, бала шулар, Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар. Жыршы құстар әуеде өлең айтып, Қиқу салар көлден қаз бен қулар, -дейтін сөз.
Абай жаздың шығуын аса шебер, дәл суреттеген. Жаз жерді гүлге бөлеп, идіріп қана қоймай, адамзат пен жан-жануар, құс -көбелектерге дейін қызықты бір өмір кезеңін тудырады.
Талдау үстінде «жыл құсы», «көк дауылпаз» сөздеріне түсінік беремін.
Жыл мезгілдерінің ауысуын Абай заңды деп біледі де, шендестірілген сурет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |